Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1430
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 маусымдағы № 651 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестiң 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 48, 484-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1430 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне жүктелсiн.";
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестiң 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлiмде:
үшiншi абзацта:
"Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" деген сөздер "Ақпарат министрлігі, Мәдениет министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; "Қаржы полициясы агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгi (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қаржыландыру көздерi" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржыландыру көздерi Бағдарламаның iс-шараларын iске асыруға
арналған болжамды шығыстар 2288,966 млн.
теңгенi құрайды, оның iшiнде
республикалық бюджет қаражаты есебiнен
- 1036,295 млн. теңге (2003 жылы -
564,0 млн. теңге, 2004 жылы - 472,295
млн. теңге), жергiлiктi бюджеттердің
қаражаты есебiнен - 1252,671 млн. теңге
(2003 жылы - 597,66 млн. теңге, 2004
жылы - 655,011 млн. теңге)";
"Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету" деген 6-бөлiмде:
екiншi абзацта: "2324,393", "1071,722", "507,722", "655,11" деген сандар тиiсiнше "2288,966", "1036,295", "472,295", "655,011" деген сандармен ауыстырылсын;
"Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
"Орындалуына (iске асырылуына) жауаптылар" деген 4-бағанда:
реттiк нөмiрi 10-жолда "МАКМ" деген аббревиатура "Мәдениетминi" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 19, 29, 30, 31-жолдарда "MAКM" деген аббревиатура "Ақпаратминi" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 30, 33, 36, 43, 50, 51, 52, 60, 61, 68, 69, 70, 71, 77, 81, 85-жолдарда "ҚПА" деген аббревиатура "ЭСЖҚА" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 75-жолда:
2-бағандағы "бас прокурорлары үйлестiру кеңесiнiң," деген сөздерден кейiн "Салықтық тергеу органдары үйлестiру кеңесiнiң," деген сөздермен толықтырылсын;
4-баған "ЭСЖҚА" деген аббревиатурамен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 76, 82-жолдарда 4-баған "ЭСЖҚА" деген аббревиатурамен толықтырылсын;
"Болжанып отырған шығыстар, (млн. теңге) 2004 жыл" деген 6-бағанда реттiк нөмiрi 31-жолда "1,793" деген сандар алынып тасталсын;
"Болжанып отырған шығыстар (млн. теңге) 2004 жыл" деген 6-бағанда:
peттік нөмiрi 55-жолда "20,0" деген сандар "20,649" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 56-жолда "20,0" деген сандар "19,415" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 57-жолда "40,0" деген сандар "23,655" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 58-жолда "400,0" деген сандар "327,0" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 60-жолда "25,0" деген сандар "80,647" деген сандармен ауыстырылсын;
"Барлығы" деген жолда "1162,733" деген сандар "1127,306" деген сандармен ауыстырылсын;
"республикалық бюджет бойынша" деген жолда "507,722**" деген сандар "472,295" деген сандармен ауыстырылсын;
Ескертуде:
"MAКM - Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақпаратминi - Ақпарат министрлігі
Мәдениетминi - Мәдениет министрлігі";
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"ЭСЖҚА - Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгi (қаржы полициясы)".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |