Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 7 маусымдағы № 197з қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 178-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
реттік нөмірі 6-жолдың 5-бағанында "ксерокс - 90 дана" деген сөздер "ксерокс - 106 дана" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 185-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Мынадай активтерді: саны 200 дана дербес компьютерлер, 200 дана үздіксіз қоректендіру көздерін, 200 дана принтерлер, 200 дана модемдер сатып алу.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |