Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1691 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 маусымдағы № 617 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1465 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1691 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 50, 488-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
«Ахметов - Қазақстан Республикасының Премьер-
Даниал Кенжетайұлы Министрі, төраға
Мыңбаев - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхаметбайұлы Премьер-Министрінің орынбасары,
төрағаның орынбасары;
Дунаев - Қазақстан Республикасының
Арман Ғалиасқарұлы Қаржы министрі
Қанешев - Қазақстан Республикасы
Біржан Бисекенұлы Ақпараттандыру және байланыс
жөніндегі агенттігінің төрағасы»;
мынадай:
«Жандосов - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ораз Әлиұлы монополияларды реттеу және
бәсекелестікті қорғау жөніндегі
агенттігінің төрағасы, төрағаның
орынбасары (келісім бойынша)»
деген жолда «төрағаның орынбасары» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген құрамнан мыналар шығарылсын: Марченко Григорий Александрович, Досаев Ерболат Асқарбекұлы.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |