Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 мамырдағы № 599 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007.26.07. № 633 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестерiне кiрiс туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 18, 184-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1-тармақтың 2) тармақшасында «мерзiмдi баспасөз басылымдарын» деген сөздерден кейiн », теле-, радиобағдарламаларды» деген сөздермен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
тақырыбында «Мерзiмдi баспасөз басылымдарын» деген сөздерден кейiн «, теле-, радиобағдарламаларды» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 5-жолмен толықтырылсын:
«5. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ».
2. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |