Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004
жылғы 28 мамырдағы № 197г қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 222-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
реттік нөмірі 8-жолдың 5-бағанында "білім беру стандарттарына сәйкес орташа оқу процесін жүргізу; оқу-зертхана жабдығын, ұйымдастыру техникасын сатып алу;" деген сөздер "Материалдық-техникалық жағдай жасауды қоса алғанда, білім беру стандарттарына сәйкес оқу процесін жүргізу." деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |