Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 және
2004 жылғы 27 наурыздағы № 371 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 мамырдағы № 522 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.05.02 ж. № 110 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 781 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2005.05.02 ж. № 110 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2) "Ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жекелеген түрлерiн мемлекеттік сатып алудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 27 наурыздағы № 371 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Астықты және оны сақтау мен тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу ережесiнде:
5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру үшiн астықты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде республикалық бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi тиiстi жылға арналған астықты мемлекеттік сатып алуды жүргiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жыл сайынғы шешiмiмен анықталатын астықты көктемгi-жазғы қаржыландыруға және күзгi сатып алуға арналған сомалар мөлшерiнде бiр жолғы төлемдермен тапсырыс бepушiгe бюджет қаражатын аударуды жүзеге асырады.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |