Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1342
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі № 485 қаулысы
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан метрология институты Республикалық мемлекеттік кәсiпорынды (ҚазМетрИн)" құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1342 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1-тармақта:
екiншi абзацтағы "мемлекеттік кәсiпорынға қатысты субъектiнiң функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік меншiк құқығын" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік кәсiпорын мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық болып анықталсын.";
2-тармақта:
үшiншi абзацтағы ", сату және уақытша пайдалануға беру" деген сөздер алынып тасталсын;
төртiншi абзацтағы "метрология бойынша оларды тiркеу" деген сөздер "өлшем бiрлiгін қамтамасыз ету мен сертификаттау саласында аккредиттеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"метрология саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау;
шамалар бiрлiктерiнiң мөлшерлерiн мемлекеттік эталондардан кәсiпорын эталондарына беру;
өлшемдер бiрлiгін қамтамасыз ету мәселелерi бойынша жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз ету;
уақыт пен жиiлiктiң, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандартты үлгiлерiнiң, заттар мен материалдардың физикалық константалары және қасиеттерi туралы стандартты анықтамалық деректердiң мемлекеттік қызметтерiнiң iс-әрекетiне байланысты жұмыстарды жүргiзу.".
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |