24. Тараптардың бiр де бiреуi форс-мажор мән-жайлары басталған жағдайда, яғни Шарттың талаптарын орындамауына немесе тиiсiнше орындамауына әкеп соқтырған еңсерiлмес күш жағдайлары (табиғи апат немесе болжау немесе алдын алу мүмкiн емес өзге де жағдайлар), сондай-ақ әскери қимылдар, ереуiлдер және басқа да жағдайлар басталған жағдайда басқа тараптың алдында жауапты болмайды.
Еңсерiлмес күш мән-жайлары туындаған жағдайда Тараптар олар басталған күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде бiр-бiрiне бұл туралы Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi ұйымы растаған форс-мажор мән-жайлары басталған күнiн нақтылайтын және сипаттайтын жазбаша хабарламаны кейiннен беру не почтамен жiберу арқылы хабарлайды.
Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерi еңсерiлмес күш мән-жайларының қолданылу мерзiмiне, бiрақ осындай жағдайлар Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауға кедергi келтiретiн дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Егер еңсерiлмес күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылған жағдайда, Тараптардың әрқайсысы басқа Тарапқа болжамды бұзу күнiне дейiн кемiнде жиырма күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей алдын ала хабарлаған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар 30 күнтiзбелiк күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуды жүргізуге мiндеттенедi.
9. Жалпы ережелер және дауларды шешу
25. Тараптар өздерiнiң құқықтық қатынастарында Шартты және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
26. Шарт _________ мерзiмге жасалды және _________ сәттен бастап күшiне енедi.
27. Шартты бұзу немесе оның талаптарын өзгерту Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздеме бойынша және тәртiппен жүргiзiледi.
28. Тараптардың арасында келісімге қол жетпеген жағдайда, даулар мен келiспеушiлiктер сот тәртібімен шешiледi.
29. Шарт бiрдей заң күшi бар 2 данада, Тараптардың әрқайсысына бiр данадан жасалады.
30. Тараптардың келісімi бойынша Шарт үлгi Шарттың нормаларына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкiн.
31. Осы Шартта ескерiлмеген Тараптардың арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледi.
12. Тараптардың деректемелерi
Қызмет берушi: _______________ Тұтынушы: _______________
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 23 сәуірдегі
№ 458 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 28 қарашадағы
№ 1194 қаулысымен
бекітілген
Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы газ жеткізу қызметтерін
көрсетуге арналған
үлгі шарт
______________________ 200_ жылғы "___"_________
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрi Қызмет берушi деп аталатын, _______________________
топтық резервуарлық қондырғылар арқылы қызметтер көрсететін,
___________________________________________________________________
(қызметтер көрсетуді ұсынатын субъектінің атауы, құрылтай құжаттары,
___________________________________________________________________
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, берілген күні мен берген орган)
___________________________________________________________ атынан
(лауазымы, аты-жөнi)
негізінде іс-қимыл жасаушы, бір тараптан және бұдан әрі
Тұтынушы
___________________________________________________________________
(Тұтынушының деректемелері, құрылтай құжаттары, мемлекеттік
___________________________________________________________________
тіркеу туралы куәлік, берілген күні мен берген орган)
деп аталатын, ______________________________________________атынан,
(лауазымы, аты-жөнi)
___________________________________________ негізінде әрекет ететін
мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты.
1. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
топтық резервуарлық қондырғы (бұдан әрi - ТРҚ) - газ шаруашылығының объектiсi болып табылатын, сұйытылған көмiрсутекті газдарын (бұдан әрi - СКСГ) сақтауды қамтамасыз етуге арналған сыйымдылықтар тобынан тұратын, тұрғын үй массивтерiне берiлген режимде, газ құбырларының жүйесiне газ берудi қамтамасыз ететiн, СКСГ-ні сыйымдылықтардан үй ішiлiк газ құбырына дейiн тасымалдауды қамтамасыз ететiн сақтандырғыш-бекiткiш және реттеушi арматурасы бар құрылыс;
кiрiс краны - газ құбырындағы бекiткiш арматура, Қызмет берушiнiң жауапкершiлiгiнiң шегi;
тұтынушы - тұрғын үй массивiне (тұрмыстық тұтынушыларға) газ беру үшiн ТРҚ арқылы газ жеткiзу қызметiн пайдаланатын заңды немесе жеке тұлға;
реттеушi орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне арналған тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік орган;
сұйытылған көмiрсутектi газдар - газ-мұнай өңдеу зауыттарында шығарылатын, мемлекеттік стандарттарға сай келетiн, қалыпты жағдайларда газ күйiнде болатын, ал шамалы артық қысым кезiнде - сұйық күйде болатын көмiрсутектерiнiң қоспасы.
2. Шарттың мәнi
2. Қызмет берушi ТРҚ арқылы Тұтынушы жеткiзген СКСГ-ны кiрiс кранына дейiн беруге, ал Тұтынушы қабылданған қызметтерге ақы төлеуге мiндеттенедi.
3. Шарт Тұтынушымен жеке тәртiппен жасалады. Заңнамада көзделген жағдайларда, Тұтынушы Шарт жасасу жөніндегі өз өкiлеттiгiн үшiншi тұлғаға беругe құқығы бap.
3. Қызметтердiң құны және ақы төлеу тәртібі
4. Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы газ жеткiзу қызметтерiне ақы төлеу реттеушi орган бекiткен тарифтер бойынша жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды ескере отырып қызметтер көрсету жағдайларын қоспағанда, қызметтердiң құны Шарттың өзге де талаптары сияқты барлық тұтынушылар үшiн бiрдей белгiленедi.
5. Егер Тараптардың келісімiнде өзгедей көзделмесе, ақы төлеудi Тұтынушы екi жақты актiлердiң негiзiнде нақты көрсетiлген қызметтер үшiн Қызмет берушiнiң шот-фактурасын алған сәттен бастап бес банктiк күн iшiнде, ай сайын жүргізеді.
4. Тұтынушының құқықтары мен мiндеттерi
6. Тұтынушының:
1) белгіленген сапада қызметтер алуға және Қызмет берушiден мемлекеттік стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сай келмейтiн қызметтер көрсету ұсынылған жағдайда қызметтердiң құнын қайта есептеудi талап етуге;
2) Қызмет берушiден қызметтердi толық жеткiзбегендiктен немесе сапасыз қызмет көрсету жеткiзгендiктен шеккен залалды өтеудi жасалған шарттардың талаптарына сәйкес талап етуге;
3) шарттарды жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшiн сот органдарына жүгiнуге;
4) бұл туралы Қызмет берушi бiр айдан кешiктiрмей хабардар етiлген және қызметтер үшiн толық ақы төленген жағдайда Қызмет берушiмен жасалған Шартты бiр жақты тәртiппен бұзуға құқығы бар.
7. Тұтынушы:
1) Шартта белгiленген тәртiппен және жағдайда қызметтер үшiн ақы төлеудi уақтылы әрi толық көлемде жүргiзуге;
2) СКСГ-ны TPҚ-ғa құйған кезде қауiпсiздiк ережесін Газ шаруашылығындағы қауiпсiздiк ережелерiне және басқа да нормативтiк құқықтық және жабдықты қауiпсiз пайдалану жөніндегі нормативтiк-техникалық құжаттарға және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де талаптарына сәйкес сақтауға;
3) Қызмет берушi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiлеген техникалық талаптарды орындауға;
4) Қызмет берушiнiң ТРҚ-сына СКСГ-ны жеткiзуге және құюға;
5) қажетiне қарай СКСГ-ның буланбаған қалдықтарын ТРҚ-дан СКСГ-ның шығарылған массасының орнын толтыра отырып, айдап шығаруды жүргізуге;
6) жеткiзiлетiн СКСГ сапасы мен саны үшiн жауап беруге мiндеттi.
5. Қызмет берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
8. Қызмет берушiнiң:
1) ұсынылған қызметтер үшiн Тұтынушыдан ақыны Шартта белгiленген тәртiппен және жағдайларда уақтылы әрi толық көлемде алуға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тұтынушының сақтауы үшiн мiндеттi техникалық талаптар белгiлеуге;
3) барлық тұтынушылар үшiн реттеушi орган бекiткен тәртiппен тарифтердiң қолданысы кезеңiнде ұсынылған қызметтер үшiн тарифтердi төмендетуге құқығы бap.
9. Қызмет берушi:
1) барлық қызметтер Тұтынушылары үшiн бiрдей жағдайда қызметтер көрсетудi ұсынуға;
2) қызмет көрсетуге арналған шарттарды жасасу кезiнде тарифтер белгiлеу бөлiгiнде реттеушi органның шешiмдерiн басшылыққа алуға;
3) қызмет беруде шартта белгіленбеген үзiлiстерге жол бермеуге;
4) Тұтынушыға ТРҚ-дағы СКСГ-ны Тұтынушымен келісілген көлемдерде беруге;
5) Тұтынушыны қызметтiң сапасы мен Тұтынушының қауiпсiздiгiне әсер ететiн кез келген төтенше жағдайлар немесе авариялар туралы дереу хабардар етуге, сондай-ақ қызмет сапасын қалпына келтiру үшiн барлық қажеттi ic-қимылды жасауға;
6) Тұтынушыны қызметтер тарифтерiнiң өзгергенi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кемiнде 10 (он) күн бұрын хабардар етуге;
7) Тұтынушыға немесе оның уәкiлеттi өкiлiне Газ шаруашылығындағы қауiпсiздiк ережелерiнiң және жабдықтарды қауiпсiз пайдалану жөніндегі нормативтiк-техникалық құжаттардың мәселелерi бойынша ақпарат ұсынуға мiндеттi.
6. Тараптарды шектеу
10. Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтiн не өзгеше түрде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын iс-қимыл жасауға тыйым салынады.
7. Тараптардың жауапкершiлiгi
11. Шартта көзделген мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, кiнәлi тарап басқа тарапқа келтiрiлген залалды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтейдi.
12. Осы шартта көзделген мiндеттемелердi орындау мерзiмi өткен жағдайда кiнәлi тарап екiншi тарапқа Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақшалай мiндеттемелердiң нақты орындалуы күнiне қолданылатын әрбiр мерзiмi өткен күнi үшiн қайта қаржыландырудың 1,5 есе ставкасынан аспайтын мөлшерде, бiрақ негiзгi борыштың сомасынан аспайтын сомада тұрақсыздық айыбын төлейдi.
13. Егер Тараптар келісімiмен өзгеше ескертiлмесе, тұрақсыздық айыбын есептеу мерзiмiнiң басталуы есеп айырысу кезеңiнен кейiнгi айдың бiрiншi күнi болып табылады.
14. Төлем бойынша оның мерзiмi келген сәттен бастап алпыс күнтiзбелiк күн iшiнде шотты төлемеген жағдайда, Қызмет берушi осы Шарттың шарттарымен белгiленген тәртiппен қызмет берудi шектеуге не тоқтатуға құқылы.
15. Егер Тұтынушыға қызмет көрсетудің Қызмет берушi үшiн мүмкiнсiздiгi Қызмет берушiмен шарттық қатынаста тұратын басқа тұлғалардың кiнәсiнен болса, Тұтынушы алдында Қызмет берушi жауап бередi. Тұрақсыздық айыбын (өсiм ақыны) төлеу Тараптарды Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды.
16. Тұтынушы осы Шартта көзделген мерзiмде өзiне берiлген қызметтер көрсету көлемдерiн салыстыру актiсiн ұсынбаған кезде, өткен есеп айырысу кезеңi үшiн Қызмет берушiнi қызмет көрсету ақысының мөлшерi берілген қызметтер көрсету көлемiнiң салыстыру актiсiн ұсыну кезiнде кейiнгi есеп айырысу кезеңіндегі Қызмет берушiнiң қызмет көрсету ақысының мөлшерiне кейiннен түзету енгiзе отырып, Қызмет көрсетушiнiң берiлген қызмет көрсету көлемi туралы қолда бар жедел деректерiне сәйкес анықталады.
17. Алдыңғы кезеңдер үшiн берешегi болған кезде, төлем бiрiншi кезекте осы берешектi өтеугe жiберiледi. Тұтынушы төлейтiн ақы сомасы нақты есеп айырысу кезеңiне арналған сомадан асқан жағдайда, осы асқан соманың айырмасы келесi есеп айырысу кезеңiнiң аванстық төлемiне (не Тараптардың келісімi бойынша Қызмет берушiнiң алдындағы өзге де мiндеттемелер бойынша, егер мұндай бар болса, Тұтынушының берешегiн өтеу шотына) өздiгiнен есептеледi. Егер Тұтынушы келесi есеп айырысу кезеңiне Қызмет берушiнiң қызметiнен бас тартса, асыра төленген сома, Тұтынушының өзге мiндеттемелерi бойынша берешегiн өтеуге кеткен, оның iшiнде Қызмет берушi алдындағы ақшалай соманы (егер мұндай бар болса) қоспағанда, қайтарылады.
18. Егер Тұтынушы қойылған шоттың дұрыстығына дауласатын болса, ол Қызмет берушiнi осы шотты алған күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар етедi және Қызмет берушiге қарсылықтарын баяндай отырып, жазбаша өтiнiш бередi. Бұл ретте, Тұтынушы жоғарыда көрсетiлген мерзiмде шоттың дау туғызбаған бөлiгiне ақы төлеуге мiндеттi.
19. Егер бақылау-өлшеу аспаптарының ақаулығы нәтижесiнде шоттарға түзету енгізу қажет болған жағдайда және басқа жағдайларда, Тараптар кейiнгi есеп айырысу кезеңдеріндегі шоттарға түзету енгiзедi.
20. Қызмет берушiнiң топтық резервуарлық қондырғылар арқылы газ жеткiзу қызметiне ақы төлеу жөнiнде Қызмет берушi шот-фактурада көрсеткен деректемелер бойынша Қызмет берушiнiң ағымдағы шотына немесе Қызмет берушi Тұтынушыға жолдаған хабарламада көрсеткен деректемелер бойынша үшiншi тараптың ағымдағы шотына ақша есептеу Тұтынушының мiндеттемелерi болып танылады.
21. Есеп айырысу кезеңi iшiнде Қызмет берушiнiң кiнәсi бойынша қызмет берудiң нақты айлық көлемi Тараптармен келісілгеннен азайған кезде, соңғысы кез келген кездерден кем жеткiзiлген көлемнiң орнын толтырады, олай болмаған жағдайда, Тұтынушы кем жеткiзiлген қызмет көлемiн ескере отырып, көрсетiлген қызмет құнының мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
22. Шартта көзделмеген үзiлiстер, қызмет берудi тоқтату немесе шектеу үшiн Қызмет берушiнiң Тұтынушы алдындағы жауапкершiлiгi осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
23. Егер Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған бойда газды жер астында сақтау орнынан табиғи газды Тұтынушы қайтадан алмаса, онда ол Қызмет берушiге табиғи газды одан әрi сақтағаны үшiн Шартта белгiленген тәртiппен және талаптармен мөлшерлес сыйақы төлеуге мiндеттi.
8. Форс-мажорлық мән-жайлар
24. Тараптар Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн, егер бұл еңсерiлмес күш мән-жайлары салдарынан болса, жауапкершiлiктен босатылады. Мұндай жағдайда Тараптардың бiр де бiреуiнiң залалды өтеуге құқығы болмайды. Тараптардың кез келгенiнiң талабы бойынша мұндай жағдайда өзара мiндеттемелердiң орындалуын анықтайтын комиссия құрылуы мүмкiн. Бұл ретте Тараптардың бiр де бipeуi Шарт бойынша еңсерiлмес күш мән-жайлары болғанға дейiн туындаған мiндеттемелерден босатылмайды.
Еңсерiлмес күш мән-жайлары туындаған жағдайда Тараптар олар туындаған күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде бiр бiрiн Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi ұйымы растаған форс-мажорлық мән-жайларының басталған күнiн нақтылайтын сипаттайтын жазбаша хабарламаны кейiннен бере отырып немесе почтамен жiберу арқылы хабардар етедi.
25. Егер Тараптардың бipeуi Шарт бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн еңсерiлмес күш мән-жайлары туындаған сәттен бастап алпыс күнтiзбелiк күннiң iшiнде орындауға шамасы келмейтiн болса, тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.
9. Басқа ережелер және дауларды шешу
26. Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы газ жеткiзу қызметтерiн көрсетудi ұсынуға арналған Шарт Тұтынушымен жеке тәртiппен жасалады.
27. Шарттың қандай да бiр ережесi бойынша немесе тұтастай немесе қандай да бiр мәселеге немесе Шарттың ережелерiне қатысты iс-қимылға байланысты қандай да бiр дау немесе келiспеушiлiк туындаған жағдайда Тараптардың кез келгенi басқа Тарапқа даудың мәнiн толық баяндай отырып, талап қоюға құқылы.
Тараптар барлық дауларды келiссөздер жолымен реттеу үшiн бар күш-жiгерiн жұмсайды.
28. Келісімге қол жетпеген жағдайда, Шарт бойынша барлық даулар мен келiспеушiлiктер жауап берушiнiң орналасқан жерi бойынша соттарда шешiледi.
Тараптардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге жағдайларда Шартты бұзуға құқығы бар.
29. Тараптардың Шарттан туындайтын және олармен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.
30. Тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар Шарт 2 данада жасалады.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге арналған Шарт Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қазынашылығының аумақтық органдарында тiркеледi және шарт тiркелген сәттен бастап қолданысқа енгiзiледi.
10. Шарттың қолданылу мерзiмi
31. Шарт 200_жылғы "___" _______ 00-00 сағаттан бастап күшiне енедi және 200_ жылғы "___" _____ 24-00 сағатқа дейiн қолданылады.
32. Шарттың қолданылу мерзiмi, егер Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн отыз күн бұрын Тараптардың бiрi бұл туралы мәлiмдесе, қызмет беру көлемiн нақтылай отырып, белгiлi бiр мерзiмге ұзартылады және Шартқа қосымша келісіммен ресiмделедi.
11. Тараптардың деректемелерi
Орындаушы: _______________ Тапсырысшы: _______________
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 23 сәуірдегі
№ 458 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 28 қарашадағы
№ 1194 қаулысымен
бекітілген
Сумен жабдықтау және/немесе сарқынды суды жинау жөнiнде қызметтер
көрсетудi ұсынуға арналған
YЛГI ШАРТ
_______________________ 200_ жылғы "___"_________
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрi Қызмет берушi деп аталатын, _______________________
негiзiнде әрекет ететiн ____________________________________ атынан
(лауазымы, аты-жөнi)
_________________________________________________ бiр тараптан және
(қызметтердi көрсетудi ұсынатын субъект)
бұдан әрi Тұтынушы деп аталатын, қызметтер көрсетудi пайдаланушы
__________________________________________________ екiнші тараптан,
(тұтынушының деректемелерi)
мына төмендегiлер туралы осы Шартты жасасты.
1. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1. Шартта мынадай негізгi ұғымдар пайдаланылады:
ауыз су - санитарлық ережелер мен нормалардың қолданыстағы стандарттарына сәйкес және халықтың шаруашылық-ауыз су мұқтаждарына, сондай-ақ техникалық сападағы суды пайдалану мүмкiн емес өндiрiстiк кәсiпорындардың технологиялық процестерiне және өрт сөндiруге арналған су;
су құбыры - су жинағыны, су құбырлы сорғы станцияларын, су дайындау (суды тазалау, зарарсыздандыру) станцияларын, су құбыры желісін және тұтынушыларды cумен қамтамасыз етуге арналған резервуарларды қамтитын құрылыс кешенi;
теңгерiмдiк тиесiлiлiгiн бөлу шекарасы - меншiктiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару белгiсi бойынша иеленушiлер арасындағы сумен жабдықтау және (немесе) кәрiз және олардағы құрылыстар жүйелерiнiң элементтерiн бөлу сызығы;
пайдалану жауапкершiлiгiн бөлу шекарасы - Тараптардың келісімiмен белгiленетiн сумен жабдықтау және (немесе) кәрiз жүйелерiнiң элементтерiн пайдаланғаны үшiн мiндеттер (жауапкершiлiк) белгiсi бойынша сумен жабдықтау және (немесе) кәрiз (cy құбырлары және кәрiз желiлерi және олардағы құрылыстар) жүйелерiңiз элементтерiн бөлу сызығы. Осындай келісім болмаған кезде пайдалану жауапкершiлiгiнiң шекарасы теңгерiмдiк тиесiлiлiгiнiң шекарасы бойынша белгiленедi;
қайтарусыз жоғалған су - кәрiзге айдалмайтын, көшелердi, жасыл желектердi, бау-бақшаларды және табиғи су тоғандарын толтыруға жұмсалатын су;
кәрiз - сарқынды суды қабылдау, жинау және елдi-мекендердiң, өнеркәсiптiк кәсiпорындардың және басқа да объектiлердiң аумақтарынан бұруды, сондай-ақ оларды кәдеге жарату немесе су тоғанына жiберу алдында тазартуды және зарарсыздандыруды қамтамасыз ететiн инженерлiк құрылыстар (труба құбыр, сорғы станциялары, тазалау құрылыстары және санитарлық құралдар жабдығы, дiңгектер және басқалар) кешенi;
кондоминиум - үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттiң бөлек (жеке) меншiгiнде, ал жалпы мүлiк жалпы үлес меншiгi құқығында болатын жылжымайтын мүлiкке бiрыңғай мүлiк кешенi сияқты меншiктiң ерекше нысаны (бұдан әрi - кондоминиум объектiсi);
төлем құжаты - оның негiзiнде төлем жүргiзiлетiн Қызмет берушiнiң (есептеу құралдары көрсеткiштерiнiң негiзiнде жасалған шот, хабарлама, квитанция, ескерту шоты) құжаты;
Тұтынушы - шарттың негiзiнде өзiнiң мұқтаждары үшiн суды пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
есептеу құралдарын тексеру - есептеу құралдарының жай-күйiн зерттеу, техникалық талаптарға сәйкес келетiндiгiн айқындау және растау және олардың көрсеткiштерiн жазып алу мақсатында Қызмет берушiнiң өкiлi орындайтын операциялар жиынтығы;
есептеу құралы - заңнамада белгiленген тәртiппен қолдануға рұқсат берiлген суды коммерциялық есептеуге арналған техникалық құрылғы;
есептi кезең - Тұтынушымен қызметтер көрсеткенi үшiн есеп айырысатын айдың бiрiншi күнiнiң 00-00 сағатынан бастап соңғы күнiнiң 24-00 сағатына дейiнгi бiр күнтiзбелiк айға тең уақыт кезеңi ретiнде Шартта белгiленген кезең;
реттеушi орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтер көрсетуiне тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеудi жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттік орган;
сарқынды су - адам тұрмыста және өндiрiстiк қызметте пайдаланылғаннан кейiн жiберiлген су.
2. Шарттың мәнi
2. Қызмет берушi Шарттың талаптарына сәйкес Тұтынушыға сумен жабдықтау және/немесе сарқынды суды қабылдау жөніндегі коммуналдық қызметтер көрсетуге (бұдан әрi - қызметтер көрсету) мiндеттенедi, ал Тұтынушы қабылданған қызметке ақы төлеуге мiндеттенедi.
3. Қызметтер көрсетудiң техникалық шарттары мен сипаттары мемлекеттік стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттарда белгiленген санитарлық-гигиеналық нормаларға және талаптарға сәйкес келуге тиiс.
4. Шарт Қызмет берушiнiң желiлерiне қосылған қажеттi жабдық Тұтынушыда болған кезде онымен жеке тәртiппен жасалады.
Заңнамада көзделген жағдайларда, Тұтынушы Шарт жасасу жөніндегі өзiнiң өкiлдiгiн үшiншi тұлғаға беруге құқығы бар.
5. Қызметтер көрсету ұсыну режимi - тәулiк бойы.
6. Кондоминиум объектiлерiнiң су құбыры желісін пайдалану жауапкершiлiгiнiң бөлу шекарасы жеке тұрғын үй құрылысы объектiлерiнiң және заңды тұлғалардың ғимаратына кiрердегi бiрiншi ысырманың бөлушi фланецi - Қызмет берушiнiң су құбыры желiлерiне қосу орнындағы айдау-ажыратқыш арматураның бiрiншi фланецi болып табылады.
Кондоминиум объектiлерiнiң кәрiздi пайдалану жауапкершілiгiнiң бөлу шекарасы қалалық кәрiз желісіне қосылған орындағы құдық болып табылады.
3. Қызметтер көрсетудi берудi тоқтату және қосу шарттары
7. Қызметтер көрсетудi берудi тоқтату және тоқтата тұру:
1) авария жағдайы не азаматтардың өмiрi мен қауiпсiздiгiне қауiп төнген;
2) Қызмет берушiнiң желісіне өз бетiмен қосылған;
3) есеп айырысу кезеңiнен кейiнгi үш айдың iшiнде қызметтер көрсету үшiн төлем жасалмаған;
4) Қызмет берушiнiң өкiлдерiн есептеу құралдарына бiрнеше рет жiбермей қойған;
5) труба құбырларына дезинфекция жүргiзу қажет болған жағдайларда;
6) нормативтiк құқықтық кесiмдермен және Тараптардың келісімiмен көзделген басқа да жағдайларда жүргiзiледi.
Осы тармақтың 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда Тұтынушы қызметтер көрсетудi берудi тоқтатқанға дейiн кемiнде бiр ай бұрын хабардар етiледi.
8. Шарттың 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айтылған жағдайларда Тұтынушыны қосу туындаған бұзушылықтарды болдырмау және жою кезiнде жүргiзiледi.
Шарттың 7-тармағының 3) және 4) тармақшаларында айтылған жағдайларда қосу борышты өтегеннен және есепке алу құралдарын салыстыруды өткiзгеннен кейiн жүргiзiледi.
Қосқаны үшiн төлем өндiрiп алынбайды.
4. Қызметтер көрсетудiң құны мен оған ақы төлеу тәртібі
9. Берiлген суға және/немесе сарқынды суға қабылданған ақы төлеу реттеушi орган бекiткен тарифтер бойынша жүргiзiледi.
Қызметтер көрсетудiң құны шарттың өзге талаптары сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды ескере отырып, қызметтер көрсетудi ұсыну жағдайларынан басқа жағдайларда, барлық тұтынушылар үшiн бiрдей белгiленедi.
10. Ақы төлеудi Тұтынушы нақты ұсынылған қызметтер көрсетудiң мөлшерi үшiн ай сайын төлем құжатының негізiнде, егер Тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, келесi есеп айырысу кезеңiнен кейiнгi айдың 25-күнiне дейiнгi мерзiмде жүргiзедi.