Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 сәуірдегі № 437 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 250-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнде (Салық кодексi) белгіленген тәртіппен есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталған жабдықтардың, ауыл шаруашылығы техникасының, автомобиль көлігі жылжымалы жүк құрамының, сондай-ақ жеке өндiрiстік мұқтаждар үшiн әкелiнетiн қосалқы бөлшектердің тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексi) белгіленген тәртіппен есепке алу әдiсiмен төленетін импортталатын жабдықтардың, ауыл шаруашылығы техникасының, автомобиль көлiгі жылжымалы жүк құрамының, сондай-ақ жеке өндiрiстiк мұқтаждар үшiн әкелiнетiн қосалқы бөлшектердiң тiзбесi:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 28-1, 40-1, 41-1, 54-1-жолдармен толықтырылсын:
"28-1 Қуаты 20000 кВт-тан жоғары, бiрақ 50000 кВт-тан 8411 82 930 9
аспайтын өзге де газ турбиналары
40-1 Көп сатылы өзге де турбокомпрессорлар 841 480 290 0
41-1 Көлемдi роторлы көп біліктi винттiк өзге де 841 480 710 0
компрессорлар
54-1 Өзге де газды сүзуге немесе тазартуға арналған 842 139 980 0
өзге де жабдықтар ".
2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Д. Ахметов |