Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 және
2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулыларына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 13 сәуірдегі № 409 қаулысы
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы ?кіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
12 "Көлiк және байланыс" деген функционалдық топта:
215 "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі" деген әкiмші бойынша:
002 "Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту" деген бағдарламада:
005 "Ішкі көздер есебiнен жобаны iске асыру" деген кiшi бағдарламада:
"Қарағанды қаласы арқылы жол жүру учаскесiн қайта жаңарту" деген жолдағы "900000" деген сандар "815643" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қызыләскер - Киров автожолы бойынша ПК 254+90 көпiр өткеліндегі су тасқынынан бұзылуды қалпына келтiру 84357";
2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға 123-қосымшада:
6-тармақтың кестесiнде:
реттiк нөмiрi 3-жолдың 5-бағанының 1-тармағында:
"900000" деген сандар "815643" деген сандармен ауыстырылсын;
"Бейнеу - Ақжігiт - Өзбекстан шекарасы - 9,24 км, 466000 мың тeңгe сомасына (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгі Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң 2003 жылғы 01 шiлдедегi № 263-ПИР бұйрығы);" деген сөздерден кейiн "Қызыләскер-Киров автожолы бойынша ПК 254+90 көпір өткеліндегі су тасқынынан бұзылуды қалпына келтiру - 84357 мың теңге (Қазақстан Республикасының Көлiк, және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң 2004 жылғы 30 қаңтардағы № 14 бұйрығы).";
"конкурстық құжаттаманы мемлекеттік сараптауға" деген сөздерден кейiн ", көпірді сынауға" деген сөздермен толықтырылсын;
"карьерлер мен резервтердi қайта өңдеу" деген сөздерден кейiн ", су тасқынынан бұзылуды қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ "Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: iшкi қаражаттар есебiнен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес 360,34 км автожолдар салынады және қайта жаңартылады" деген сөздерден кейiн ", су тасқынынан бұзылу зардаптары жойылады" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |