2. Азық-түлік шикiзатын дайындау және өндiру кезiнде мемлекеттік тiркеуден, санитарлық-эпидемиологиялық және (немесе) ветеринариялық-санитарлық сараптамалардан өткен азықтық қоспаларды, малдың өсiмiн жеделдеткiштердi (соның ішінде гормонды препараттарды), пестицидтердi, агрохимикаттарды пайдалануға жол берiледi.
3. Балалар өнiмдерi, диеталық және емдеу-профилактикалық тағам дайындау мен өндiру кезiнде азықтық қоспалар, малдың өсiмiн жеделдеткіштер (соның iшiнде гормонды препараттар), дәрiлiк заттардың жекелеген түрлерi, пестицидтер, агрохимикаттар, генетикалық түрлендiрiлген көздер және адамның денсаулығына қауіптi басқа да заттар мен құрамалар пайдаланылған азық-түлік шикізатын қолдануға тыйым салынады. сортты бидай ұнын оны фортификациялау талабын сақтамай өндiруге, әкелуге, сондай-ақ өткізуге тыйым салынады.
14-бап. Tамақ өнiмдерiн бөлшектеп өлшеп салу, орау және таңбалау кезiнде олардың сапасы мен қауiпсіздiгiн қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Тамақ өнімдерi сақталу, тасымалдау және өндірiлу кезiнде сапасы мен қауіпсiздігін сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тәсiлдермен өлшеп оралуға және оралуға тиiс.
2. Тамақ өнiмдерiн өлшеп орау мен орауды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар тамақ өнiмдерiн өлшеп орау мен орауға, оларды таңбалауға, сондай-ақ тамақ өнiмдерiн өлшеп орау мен таңбалауға пайдаланылатын материалдарға қойылатын нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауға мiндетті.
3. Орауға арналған материалдар мен бұйымдардың этикеткаларында, жапсырмаларында, қосымша парақтарында және стикерлерiнде тамақ өнімдерінің түрлерi есепке алына отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған ақпараттан басқа, мемлекеттік және орыс тiлдерiнде:
1) өнiмнің тағамдық құндылықтары (калориялылығы, белоктардың, майлардың, көмiртегiнiң, витаминдердің, макро- және микроэлементтердің құрамы);
2) арнаулы және қолданылу (соның ішінде балаларға арналған, диеталық және емдеу профилактикалық тағам өнiмдерi мен биологиялық жұғымды қоспаларды) шарттары;
3) дайын тағамды (тамақ өнiмдерiнiң концентраттары мен жартылай фабрикаттары үшiн) дайындау тәсiлдерi мен шарттары;
4) сақтау шарттары мен мерзiмдерi (сақтау шарттарына талаптар белгiленген тамақ өнiмдеріне қатысты) және жарамдылық мерзiмдерi;
5) тамақ өнiмдерi дайындалған күн және оралған күн;
6) тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларымен қоса, құрамы және қолданылатын генетикалық түрлендiрiлген көздерi туралы мәлiметтерi бар ақпарат болуға тиiс.
4. Фортификацияланған тамақ өнiмдерiнiң орауы олардағы нормативтiк құжаттарда көзделген мөлшерде витаминдi-минералдық жиынтық құрамының сақталуын қамтамасыз етуге тиiс.
15-бап. Тамақ өнімдерiн, материалдар мен бұйымдарды сақтау және тасымалдау кезiнде олардың сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды сақтау және тасымалдау олардың сапасы мен қауiпсiздігін сақтауды қамтамасыз ететiн жағдайларда жүзеге асырылуға тиiс.
2. Тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды нормативтiк құжаттардың және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарына сай келуге тиiстi арнайы жабдықталған үй-жайларда, ғимараттарда сақтауға жол берiледi.
3. Тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды тасымалдау үшiн арнайы осы мақсаттарға арналған және (немесе) жабдықталған, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ресiмделген санитарлық паспорты бар көлiк құралдары пайдаланылады.
4. Байытылған (фортификацияланған) тамақ өнiмдерi мен азық-түлiк шикiзаты үшiн сақтаудың, тасымалдаудың және өткізудiң ерекше режимдерi белгіленедi.
5. Егер тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды сақтау және (немесе) тасымалдау кезiнде олардың тиiстi сапасын жоғалтуға және олардың қауiпті қасиеттерін тудыруға әкеп соқтырған бұзушылыққа жол берiлсе, бұл жағдайда олар өткiзiлуге жатпайды, тиiстi сараптамаға жiберiп, соның нәтижелерiне сәйкес кәдеге жаратылады немесе жойылады.
16-бап. Тамақ өнімдерiн, материалдар мен бұйымдарды өткізу кезiнде олардың сапасы мен қауiпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келетiн тамақ өнiмдерi, материалдар мен бұйымдар өткiзiлуге жатады.
2. Тамақ өнiмдерi, материалдар мен бұйымдар:
1) сапа мен қауiпсiздiк көрсеткiштерi бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен олардың сапасы мен қауiпсiздігін растайтын тиiстi сертификаты, санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы және (немесе) сараптама актiсi мен олардың шыққан жерiн анықтайтын өзге де құжаттар болмаған;
3) сапасыздығының айқын белгiлерi болған;
4) таңбалануы немесе нормативтiк құжаттарда және осы Заңда көзделген мәлiметтерi бар ақпараты болмаған;
5) iлеспе құжаттамада келтiрiлген ақпаратқа атауы мен түрi және таңбалануы бойынша сәйкес келмеген;
6) жарамдылық мерзiмi өтіп кеткен жағдайда оларды өткізуге жол берiлмейдi.
3. Егер тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды өткiзген кезде тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың тиiстi сапасының жоғалуына және олардың қауiптi қасиеттерге ие болуына әкеп соққан бұзушылықтарға жол берiлсе, тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды өткізудi жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар мұндай тамақ өнiмдерi, материалдар мен бұйымдарды өткізуден алып тастауға, олардың тұтынушылардан керi қайтарылуын қамтамасыз етуге, сапасыз және қауіптi тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды сараптамаға жiберуге, ал қажет болған жағдайда, олардың кәдеге жаратылуын немесе жойылуын ұйымдастыруға мiндеттi.
17-бап. Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн тамақ өнiмдерiнің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауiпсiздігiн қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетін тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауiпсiздiгi нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келуге тиiс.
2. Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік тiркеуден өтпеген және олардың сапасы мен қауiпсiздiгiнiң нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжаттары жоқ тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды әкелуге тыйым салынады.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринариялық қадағалауды, фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар өз құзыреттерi шегінде тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды, олардың тауарлық iлеспе құжаттарын тексеруден өткізеді және мұндай тамақ өнiмдерінің, материалдар мен бұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында әкеліну мүмкіндігі туралы шешiм қабылдайды.
Егер Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн тамақ өнiмдерi, материалдар мен бұйымдар нормативтiк құжаттарға сәйкес келмесе немесе қауіптi болып табылса, осы тармақта аталған лауазымды тұлғалар оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді уақытша тоқтата тұру жөнiнде шешiм қабылдайды немесе оларды әкелуге тыйым салуды белгілейдi.
4. Сараптама нәтижелерi бойынша сапасыз және (немесе) қауiптi деп танылған тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды иеленушi оларды он күннің ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан алып кетуге мiндеттi.
Егер сапасыз және (немесе) қауіптi тамақ өнiмдерi, материалдар мен бұйымдар осы тармақта белгiленген мерзiмде Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілмеген болса, олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алып қойылады, кәдеге жаратылады немесе қойылады.
18-бап. Тамақ өнiмдерiнің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсiздiгiне өндiрiстiк бақылау жасауды ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын талаптар
1. Сапасы мен қауіпсiздiгiн өндiрiстік бақылау тамақ өнiмдерi, материалдар мен бұйымдар айналымы жөніндегi қызметті нормативтік құжаттардың талаптары негізінде жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар әзiрлеген тәртіппен жүргiзiледi.
2. Тамақ өнiмдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсiздігін бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аккредиттелген (аттестацияланған) зертханалар жүзеге асырады.
19-бап. Сапасыз және қауіпті тамақ өнімдерін, материалдар мен бұйымдарды айналымнан алып тастауға, оларды кәдеге жаратуға және жоюға қойылатын талаптар
1. Сапасыз және қауіпті тамақ өнiмдерi, материалдар мен бұйымдар айналымнан алып тастауға жатады.
Сапасыз және (немесе) қауiпті деп танылған тамақ өнімдері, материалдар мен бұйымдарды иеленушi оларды айналымнан өзi алып тастауға немесе халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, ветеринария, фитосанитарлық қадағалау саласындағы уәкілеттi органдардың және стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi органның ұйғарымдары негiзiнде табылған кезден бастап дереу алып тастауға мiндетті.
Уәкiлетті органдардың ұйғарымдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым беруге болады.
2. Егер сапасыз және қауiптi тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды иеленушi оларды айналымнан алып тастау жөнiнде шаралар қолданбаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен алып қоюға жатады.
3. Айналымнан алып тасталған сапасыз және қауіпті тамақ өнiмдерi, материалдар мен бұйымдар олардың кәдеге жаратылу немесе жою мүмкiндiктерiн анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өткiзiлетiн тиiстi сараптама жасауға жатады. Сапасыз және қауiптi тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды кәдеге жарату немесе жою туралы шешiм Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сараптаманың нәтижелерi бойынша қабылданады.
4. Шыққан жерi белгiсiз, сондай-ақ сапасыздықтың белгілерi бар және осыған байланысты адамның өмiрi мен денсаулығына тiкелей қатер төндiретiн тамақ өнiмдерi, материалдар мен бұйымдар сараптамадан өткiзiлмей-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен алып қоюға және жойылуға жатады.
5. Өңделген өнiмдi арналуы бойынша немесе оның жаңа атауымен одан әрi пайдалану тиiстi санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны ала отырып, санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың оң нәтижелері болған кезде ғана мүмкiн болады.
6. Халыққа қауiп төндiретiн залалды тамақтық және ауыл шаруашылық өнімдерiн жою алдында олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен зарарсыздандырылады.
Сапасыз және қауiптi тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды жою және (немесе) көму кезiнде, осы мақсаттар үшiн көзделген жерлердегi ауа бассейнiн, топырақты, жерасты суларын ластауды болғызбау үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның оң экологиялық сараптамасының болуы мiндеттi.
7. Сапасыз және қауiптi тағам өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың сараптамасына, тасымалдануына, кәдеге жаратылуына немесе жойылуына қатысты шығыстарды оларды иеленушілер төлейдi.
8. Аурулардың пайда болуы мен таралуын және адамдар мен жануарлардың улануын, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануын болғызбау мақсатында уәкiлеттi органдар тиiстi актiлердiң негiзiнде сапасыз және қауiптi тағам өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың кәдеге жаратылуын немесе жойылуын бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.
20-бап. Тамақ өнімдерiнің, материалдар мен бұйымдардың айналымы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға қойылатын талаптар
1. Тамақ өнiмдерiнің, материалдар мен бұйымдардың айналымы жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын, бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру саласында қызмет көрсететiн тұлғалар алдын ала және мерзiмдi медициналық тексеруден, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен гигиеналық оқытудан өтедi.
2. Тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың айналымы жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар жұқпалы аурулармен ауыратын және әр түрлi ауруларды тарату көздерi болып табылатын, сондай-ақ алдын ала және мерзiмдi медициналық тексеруден және гигиеналық оқытудан өтпеген адамдарды жұмысқа жiбермеуге және жұмыстан шеттетуге мiндеттi.
Жұқпалы, паразиттiк аурулармен ауырады деп күдiк келтiрiлген адамдар, олармен байланыста болған адамдар, сондай-ақ алдын ала және мерзiмдi медициналық тексеруден өтпеген адамдар осы бапта аталған қызметке жiберiлмейдi.
4-тарау. Қорытынды ережелер
21-бап. Қазақстан Республикасының тамақ өнiмдерінiң сапасы мен қауiпсіздiгi туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
1. Қазақстан Республикасының тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгi туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Айыппұл салу не өзге де өндiріп алулар кiнәлi тұлғаларды келтiрiлген залалды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтеуден босатпайды.
22-бап. Осы заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының