Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 шілдедегі № 983
қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 сәуірдегі № 379 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысымен күші жойылды
"Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 шілдедегі № 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 27, 340-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
10-тармақта:
мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
"4-2) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;";
6) тармақша алынып тасталсын;
11-тармақта:
мынадай мазмұндағы 12-1) және 25-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"12-1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау;";
"25-1) әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толық тағайындалуы мен олардың алынуын бақылауды қамтамасыз ету;";
28) тармақша алынып тасталсын;
12-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1), 2-1), 3-1) және 5-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеру;";
"2-1) әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу мәселелері бойынша қажетті түсініктер беру;";
"3-1) еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу;";
"5-1) әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттарды қабылдау және беру жөніндегі талаптарды белгілеу;";
12) тармақша алынып тасталсын.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы