3.1. Осы шарттың тиiсінше орындалуын қамтамасыз ету үшін Жеткiзушi шартқа қол қойылған күннен бастап ____ банктік күн iшiнде Тапсырыс берушiге шарттың 2.2-тармақшасында көрсетiлген сомаға тең келетiн, сондай-ақ шарттың жалпы сомасының ___%-ы мөлшеріндегі тұрақсыздық айыбын қамтитын сомаға Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкінің төлем кепiлдiгiн немесе Тапсырыс берушi анықтаған ұйымның кепiлдігін (бұдан әрi - Кепiлдiк) ұсынады. (Мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткiзушiлер Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банкінің төлем кепiлдiгiн ұсынады).
Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкінің осы тармақшада көрсетiлген сомаға төлем кепiлдiгі мына банктердiң бiреуiнен: ____________________________________________свифт немесе телекс арқылы авизалануы тиiс.
3.2. Жеткiзушi шарттың 3.1-тармақшасында көрсетiлген мерзiмде кепiлдiктi ұсынбаған жағдайда Тапсырысшы Жеткiзушiге осыған байланысты туындаған шығындарды және тұрақсыздық айыбын өтемей, жазбаша хабарлама жiберу арқылы шартты бiр жақты тәртiппен бұзуға құқылы.
ҚР Үкіметінің 2005.24.03 № 261 қаулысымен 3.3. тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3.3. Кепiлдiктiң қолданылу мерзiмi ______ жылғы "__" ______ қоса алғанға дейiн болуы тиiс.
Кепiлдiкте Жеткiзушiнiң шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн банктiң жауап беретiндiгi және Жеткiзушi қабылдаған мiндеттемелерiн орындамаған не тиiсiнше орындамаған жағдайда шарттың 3.1-тармақшасында көрсетілген Кепiлдiк сомасын Тапсырысшыға бiрiншi жазбаша талап ету бойынша сөзсiз және мерзiмiнде төлеуге мiндеттi екендiгi көрсетiлуi тиiс. Кепiлдiк қатаң түрде келісілген нысанда болуы тиiс.
3.4. Шарт бойынша ақы төлеу Жеткiзушi шарттың 3.1 және 3.3-тармақшаларына сәйкес ұсынған Кепiлдiктi Тапсырысшы қабылдағаннан кейiн ғана ______ күн iшiнде жүзеге асырылады.
4. Тараптардың мiндеттемелерi
4.1. Жеткізушi мiндеттенедi:
4.1.1.______ жылғы "___" _________ қоса алғанға дейiнгi мерзiмде шарттың 1.1-тармақшасына сәйкес көлемде және сапа көрсеткiштерiмен кәсiпорынға астықты орналастыруға және астық қолхатына беру жазбасын жасау арқылы астыққа меншiк құқығын Тапсырысшыға беруге. Бұл ретте шарт бойынша нақты орындалған мiндеттемелердiң сомасына кейiннен Кепiлдiктi азайту үшiн Тараптар қабылдап алу-беру актiсiне қол қояды.
4.2. Тапсырысшы мiндеттенедi:
4.2.1. 3.4-тармақшаға сәйкес Жеткiзушiге уақтылы ақы төлеудi жүргiзуге.
5. Тараптардың жауапкершiлiгi
ҚР Үкіметінің 2005.24.03 № 261 қаулысымен 5.1. тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5.1. ______ жылғы "__" ________ қоса алғанға дейiнгi мерзiмде Жеткiзушi шарттың 1.1-тармақшасында көрсетiлген астық көлемiн жеткiзбеген немесе толық жеткiзбеген жағдайда Тапсырысшы ұсынылған Кепiлдiк бойынша талап ету құқығын пайдалана алады. Тапсырысшының шарттың 2.1-тармақшасында көрсетiлген бағаға сәйкес жеткiзiлмеген (толық жеткiзiлмеген) астық көлемiнiң құны мөлшеріндегі талап ету сомасы, қосу есепке алынған табиғи салмақтың әрбiр жеткiзiлмеген тоннасы үшiн шарттың 2.1-тармақшасында көрсетiлген бағадан тұрақсыздық айыбының __ %-ы Кепiлдiктен алынады.
Бұл ретте Жеткiзушi әрбiр жеткiзiлмеген астық тоннасы үшін Тапсырыс берушiге әрбiр жеткiзiлмеген астық тоннасы құнының ___%-ы мөлшерiнде айыппұлды қосымша төлеуге тиiс.
6. Дауларды қарау
6.1. Шарттан туындауы мүмкiн даулар мен келiспеушiлiктер мүмкiндiгiнше Тараптар арасындағы келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.
6.2 Тараптар туындаған келiспеушiлiктердi ерiктi түрде реттей алмаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының сот органдарында шешiлетiн болады.
7. Басқа да талаптар
7.1. Жеткiзушiнiң мiндеттемелерi бойынша форс-мажор талаптары осы шарттың талаптарына қолдануға келмейдi.
7.2. Егер шартты орындау кезеңiнде Тараптардың қандай да бiрi астықты шарттың талаптарымен жеткiзудi немесе қабылдауды қамтамасыз етуге бөгет болатын жағдайларға тап болса, шартпен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де талаптар көзделуi мүмкiн Бұл жағдайда өзге де талаптар екi Тарап та қол қойған шартқа қосымша келісімде айтылады.
7.3. Шарт Тараптар шарт бойынша өз мiндеттемелерiн толық орындағанға дейiн қолданылады. Шарттың 3.2-тармақшасында көрсетiлген жағдайлар бола қалған жағдайда, Тапсырысшы Жеткiзушiге жазбаша хабарламаны жiберген күннен бастап шарт бұзылған болып есептеледi.
7.4. Егер шартқа енгiзiлетiн барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда жасалып, оған Тараптар қол қойса, жарамды болады.
7.5. Шарт _____ тілінде Тараптардың әрқайсысы үшiн бiр-бiр данадан бiрдей заңды күшi бар 2 данада жасалды және оған Тараптар қол қойған сәттен бастап күшiне енедi.
8. Тараптардың деректемелерi:
Астықты және оны сақтау
мен тасымалдау жөніндегі
қызметтер көрсетудi
мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастыру және жүргiзу
ережесіне
№ 2 қосымша
Күзгi-қысқы кезеңде астықты мемлекеттік сатып алу туралы
ҮЛГI ШАРТЫ
____________ қаласы ______ жылғы "____" ____________
Бұдан әрi "Тапсырысшы" деп аталатын, ________________ негiзiнде әрекет ететiн ___________ атынан ___________________ бiр тараптан және бұдан әрi "Жеткiзушi" деп аталатын, ________________ негiзiнде әрекет ететiн ____________ атынан ______________________ екiншi тараптан, бұдан әрi бiрлесiп "Тараптар" деп аталатындар төмендегi туралы осы Шартты (бұдан әрi - шарт) жасасты:
1. Шарттың мәнi
1.1. Шартқа сәйкес және оның талаптарымен "франко-элеватор" (астық қабылдау кәсiпорнының атауы) - EXW (Инкотермс-2000) талаптарымен жылғы егiннен есепке алынған табиғи салмақпен ________ (______) тонна көлеміндегі (дақыл, сыныбы) мынадай сапа көрсеткiштерiмен Жеткiзушi сатады, ал Тапсырысшы сатып алады:
_______________, ____________________
_______________, ____________________
_______________, ____________________
_______________, ____________________
_______________, ____________________
қалған сапа көрсеткiштерi __________ белгiленген нормалар шегiнде.
1.2. Жеткiзушi шарттың 1.1-тармақшасында көрсетiлген астық көлемiн __________ (астық қабылдау кәсiпорнының атауы) жеткiзуге мiндеттi.
2. Тауардың бағасы, шарттың жалпы сомасы және жеткiзiлген тауар үшiн
есеп айырысу
2.1. Шарттың 1.1-тармақшасына сәйкес сапа көрсеткiштерiмен астықтың есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасының бағасы "франко-элеватор" EXW (Инкотермс-2000) талаптарымен ҚҚС-ны қоса алғанда немесе ҚҚС төлеушілер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн КҚС-ны есепке алмағанда _________ теңгенi құрайды.
2.2. Шарттың жалпы сомасы ҚҚС-ны қоса алғанда немесе ҚҚС төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн ҚҚС-ны есепке алмағанда _________ (_________) теңгенi құрайды.
2.3. Жеткiзiлген астық үшiн ақы төлеу Жеткiзушi шарттың 3.1-тармақшасында көзделген мiндеттемелердi орындағаннан кейiн ______ банктік күн iшiнде жүргізiледi.
3. Тараптардың мiндеттемелерi
3.1. Жеткiзушi мiндеттенедi:
шарттың 1.1-тармақшасына сәйкес сапа мен сан бойынша астық жеткiзуге;
шартқа қол қойылған күннен бастап ______ банктiк күн iшiнде Тапсырысшыға толық құжаттар пакетiн, оның iшiнде:
астық қолхаты және оның куәлiктерi бойынша құқықтардың Тапсырысшыға өтетiнiн куәландыратын беру жазбасымен бiрге берiлетiн астыққа астық қолхатының түпнұсқасын;
салық заңнамасының талаптарына сәйкес ресiмделген шот-фактураның түпнұсқасын тапсыруға (салық салудың оңайлатылған режимiнде жұмыс iстейтiн тұлғаларға арналған шот-фактура тиiстi салық органының мөрiмен куәландырылуы және оған басшының қолы қойылуы тиiс);
Тапсырысшыға астық қолхаты бойынша құқықтарды беру сәтiне дейiн астық қабылдау кәсiпорнында астықты қабылдаған күннен бастап астықты сақтау жөніндегі шығыстарға, сондай-ақ астықты қабылдауға, шарттың 1.1-тармақшасында көрсетiлген сапа көрсеткiштерiне дейiн өңдеуге байланысты шығыстарға ақы төлеуге.
3.2. Тапсырысшы шарттың 2.3-тармақшасына сәйкес жеткiзiлген астық үшiн ақы төлеудi жүргiзуге мiндеттенедi.
4. Тараптардың жауапкершiлiгi
4.1. Шарт бойынша мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Тараптар Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жауап бередi.
5. Форс-мажор жағдайлары
5.1. Шарттың мақсаты үшiн "форс-мажор" Тараптардың бақылауына бағынбайтын, сол немесе басқа Тараптың қателесуiне немесе немқұрайлылығына байланысты емес және күтпеген сипаты бар оқиғаны бiлдiредi. Мұндай оқиғалар: соғыс қимылдары, табиғи және дүлей зiлзалалар, iндет, карантин және тауарларды жеткiзуге эмбарго сияқты iс-қимылдарды қамтуы мүмкiн, бiрақ олармен шектелiп қалмайды.
5.2. Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындау мүмкiн болмай қалған Тарап тезарада басқа Тарапты бұл туралы хабардар етуге мiндеттi.
6. Дауларды қарау
6.1. Шарттан туындауы мүмкiн барлық даулар мен келiспеушiлiктер мүмкiндiгiнше Тараптар арасындағы келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.
6.2. Тараптар туындаған келiспеушілiктердi ерiктi түрде реттей алмаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот органдарында шешiлетiн болады.
7. Басқа да талаптар
7.1. Шарт екi Тарап та қол қойған сәттен бастап күшiне енедi және Тараптар шарт бойынша өз мiндеттемелерiн толық орындағанға дейiн қолданылады.
7.2. Шартқа енгiзiлетiн барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда жасалып, оған Тараптар қол қойса, жарамды болады.
7.3. Шарт _________ тілінде Тараптардың әрқайсысы үшiн бiр-бiр данадан бiрдей заңды күшi бар 2 данада жасалды.