"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамының
2004-2006 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 19 наурыздағы № 344 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 215 Қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 14 маусымдағы № 647 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамының 2004-2006 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры"
жабық акционерлік қоғамының
2004-2006 жылдарға арналған
даму жоспары
1-Бөлім. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры"
ЖАҚ-тың жай-күйі және оны дамытудың перспективалары
туралы баяндама
1. Кiріспе
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры жабық акционерлік қоғамының миссиясы - Қазақстан Республикасы халқының барлық жiктерiне және өңiрлерiне зейнетақы қызметтерiн ұсыну қол жетiмдiлiгiн және сапасын қамтамасыз ету, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарын сақтау және олардың өсiмi мүддесiнде активтердi тиiмдi түрде инвестициялық басқаруды жүзеге асыру. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" салымшылар үшiн зейнетақы жинақтарының өсімі, құрылтайшы үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі дивидендтер төлеу арқылы кiрiстер алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің және республиканың өзге де қаржы рыногы секторларының одан әрі дамуына ықпал етуге ұмтылады.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 24 қыркүйектегi № 1372 қаулысына сәйкес құрылды. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының" зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн төлеу жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына мемлекеттік бас лицензиясы (1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 6 лицензия) және бағалы қағаздар рыногында клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығынсыз брокерлік және дилерлiк қызметпен айналысуға (1999 жылғы 11 тамыздағы № 0402200075 лицензия) және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметпен айналысу (1999 жылғы 11 тамыздағы № 0412200040 лицензия) құқығына мемлекеттік лицензиялары бар. Қазақстан Республикасының Үкіметі "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының" акционерi болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 27 шiлдедегi № 837 қаулысына сәйкес "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының" мемлекеттік акциялар пакетiн иемдену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне берiлдi. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының" еншiлес және тәуелдi ұйымдары жоқ, басқа заңды тұлғалардың капиталына қатыспайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметтерiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру шаралары туралы" 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына сәйкес "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының" ұлттық компания мәртебесi бар. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамының Биржа кеңесiнiң 1999 жылғы 13 тамыздағы шешiмi бойынша мемлекеттік бағалы қағаздармен (К санаты) сауда-саттыққа қатысу құқығымен, куәлiк N МО61, сондай-ақ қор биржасының ("Р" санаты) ресми тiзiмiне енгiзiлген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар саудасына қатысу құқығымен, 2003 жылғы 10 қазандағы № 24 хаттама, Қазақстандық Қор биржасының мүшелiгiне қабылданды. Қазақстан Республикасының Үкіметі тұлғасында Акционерлердiң жалпы жиналысы "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының" жоғарғы органы болып табылады. Басқару органы - Директорлар кеңесi. Атқарушы (жекедара) орган - Бас директор. Бақылаушы органның функциясын Тексеру комиссиясы жүзеге асырады.
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының" құрылымы орталық аппарат - 14 дербес құрылымдық бөлiмшелерден, Астана қаласындағы филиалдан және әрбiр облыс орталықтары мен Семей, Жезқазған қалаларындағы 16 өңiрлiк өкiлдiктерден тұрады.
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының" ұстанған үлгiсiн желiлiк-функционалдық ұйымдық құрылымын таңдау - "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының" алдарында тұрған зейнетақы жарналарын жинау, зейнетақы активтерiн инвестициялау және зейнетақы жинақтарын төлеу (алу) жөніндегі мақсаттар мен мiндеттердi біртұтас қаржы орталығынан жүзеге асыратын миссиясымен, сондай-ақ өкiлдiгi мен филиалының дамыған өңiрлiк желісі бар екендiгiмен танымал болған, салымшылар мен алушыларға операциялық қызмет көрсету жөніндегі операциялық қызметiмен ерекшеленедi.
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" бөлiмшелерiн саралау олардың функционалдық белгiлерi:
1. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының" басшылығы;
2. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының" активтерiн басқарушы бөлiмшелер - инвестициялық басқарма, сауда операциялары бөлiмi, зейнетақы активтерiн есепке алу және операциялар жөніндегі басқармасы, қаржы рыноктарын зерттеу және тәуекелдiлiктi басқару бөлiмi;
3. Салымшыларды тартушы бөлiмшелер - салымшылармен жұмыс жөніндегі басқарма, филиал, өңiрлiк өкiлдiктер;
4. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының" қызметiне қолдау көрсететiн бөлiмшелер - бухгалтерлiк есеп және есептiлiк бөлiмi, бюджеттi жоспарлау және бақылау бөлiмi, заң бөлiмi, ақпараттық технологиялар бөлiмi, iшкi аудит бөлiмi, қызметкерлер құрамын басқару секторы, ақпараттық қауiпсiздiк секторы;
5. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын" әкiмшiлiк-шаруашылық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын бөлiмшелер - әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмi, кеңсе арқылы жүзеге асырылды.
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының" 2003 жылғы жалпы штаттық саны 194 бiрлiктi құрайды, олардың iшiнде орталық аппаратта - 134 бiрлiк, филиал мен өңiрлiк өкiлдiктерде - 60 бiрлiк бар. Бұл ретте бiрiншi басшы, оның орынбасарлары, бас бухгалтер мен дербес бөлiмшелер басшыларынан тұратын орталық аппарат басқарушы құрамының пайыздық ара салмағы "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жалпы санының 9,8%-iн құрайды. Өкiлдiк қызметкерлерiнiң саны өкiлдiк қызмет көрсететiн облыста тұратын халық санына және "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының" салымшылар санына қарай 2 адамнан 5 адамға дейiн өзгерiп отырады. Жоспарланған мерзiмге арналған "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ын басқарудың аталған үлгiсiнiң одан әрi дамуы "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" құрылу құрылымының желiлiк-функционалдық принциптерiн сақтай отырып, жаңа функциялар енгізу және (немесе) бар функцияларды өзгерту шараларынан туындаған оның құрамды бөлiктерiн одан әрi жетiлдiруге бағытталатын болады. Айталық, Қордың алдына селолар мен кiшкентай қалалар тұрғындарын жинақтаушы зейнетақы жүйесiне тарту, әрбiр тұтынушыға қаржы қызметiн көрсету үшiн құрылған өңiрлiк өкiлдiктердi дамыту бойынша қойылған мiндеттерге сәйкес, сипатталып отырған мерзiм iшiнде "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының" жеке тұлғалардан тұратын, Қормен жеке еңбек келісім-шартына отырған, алайда "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының" штаттағы қызметкерлер құрамына енбейтiн агенттiк желiнi кеңейту жоспарлануда. Сонымен қатар, маркетингтiк стратегияны дайындап, iске асыруды қамтамасыз ететiн орталық аппарат бөлiмшелерi де дамитын болады.
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның ұйымдық құрылымы
________________________
|Бас директор - 1 бірлік |
| |
| |
Бас директордың Бас директордың орынбасары - 1
орынбасары - бірлік
1 бірлік ________________________________________________
____________ | | |
| | | |
Салымшылармен Инвестициялық Қаржы рыноктарын Сауда
жұмыс басқарма - 13 зерттеу және операция.
басқармасы - 31 бірлік тәуекелділікті лары
| | басқару бөлімі- бөлімі -
Операциялық Инвестициялар 11 бірлік 4 бірлік
бөлім - 12 қоржынын басқару |
бірлік бөлімі - 4 бірлік Инвестициялар
| | рыногын талдау
Үйлестіру Қоржындық есеп секторы - 3 бірлік
бөлімі - бөлімі - 4 бөлімі |
18 бірлік | Зейнетақы рыногын
Нормативті есеп талдау және статис.
айырысу және тика секторы - 4
есептеме бөлімі бірлік
- 4 бірлік |
Стратегиялық
жоспарлау және
тәуекелділікті
басқару секторы
- 3 бірлік
схеманың жалғасы
__________________________
|Бас директор - 1 бірлік |
| |
|§ | |
Атқарушы директор Бас бухгалтер Техникалық директор
- 1 бірлік - 1 бірлік - 1 бірлік
| | | | | |
|- Заң бөлімі - Зейнетақы Бухгалтерлік | Ақпараттық | |
| 6 бірлік активтерін есеп және | технологиялар -| |
| есепке алу есептеме -| бөлімі - 10 | |
|- Кеңсе - және бөлімі - 6 | бірлік | |
| 5 бірлік операц-р бірлік | | |
| басқармасы | Бағдарламалық | |
|- Қызметкерлер - 16 бірлік | қамсыздандыруды | |
| құрамын | қолдау және -| |
| басқару Зейнетақы Бюджетті | дамыту секторы | |
| секторы - 3 активтерін жоспарлау -| - 4 бірлік | |
| бірлік есепке алу және | | |
| бөлімі - 5 бақылау | Жүйелік және | |
|- Әкімшілік- бірлік бөлімі - | техникалық -| |
| шаруашылық 4 бірлік | қамсыздандыру | |
| бөлімі - 10 Есеп секторы - 5 | |
| бірлік айырысу бірлік | |
операциялары | |
бөлімі - 10 Ақпараттық | |
бірлік қауіпсіздік -| |
секторы - 3 | |
бірлік | |
|
Ішкі аудит |
бөлімі - 5 --|
бірлік |
схеманың төменгі жалғасы
___________________________________________________________________
| | | | | |
___________________________________________________________________
Филиал Ақмола Ақтөбе Талдықорған Атырау Шығыс Семей
Астана облысын. облысын. қаласындағы облысын. Қазақстан қала.
қаласы дағы дағы өкілдік - 2 дағы облысын. сындағы
- 7 өкілдік өкілдік бірлік өкілдік дағы өкілдік
бірлік - 4 - 4 - 3 өкілдік - 2
бірлік бірлік бірлік - 4 бірлік
бірлік
схеманың жалғасы
___________________________________________________________________
| | | | |
___________________________________________________________________
Жамбыл Батыс Қарағанды Жезқазған Қызылорда Қостанай
облысын. Қазақстан облысын. қаласын. облысын. облысын.
дағы облысын. дағы дағы дағы дағы
өкілдік дағы өкілдік өкілдік өкілдік өкілдік
- 4 өкілдік - 5 - 2 - 3 - 4
бірлік - 3 бірлік бірлік бірлік бірлік
бірлік
схеманың соңы
___________________________________________
| | |
___________________________________________
Маңғыстау Павлодар Солтүстік Оңтүстік
облысын. облысын. Қазақстан Қазақстан
дағы дағы облысын. облысын.
өкілдік өкілдік дағы дағы
- 3 - 4 өкілдік - өкілдік -
бірлік бірлік 4 бірлік 5 бірлік
2. Қаржы, зейнетақы рыноктарын талдау
Бәсекелестер және Қордың жалпы рыноктағы үлесі
Қазақстан Республикасының iшкі қаржы рыногы
Қазақстан Республикасы iшкi жалпы өнімiнiң салыстырмалы түрде көбеюi 2001 жыл iшiнде 13,5%, 2002 жыл iшiнде 9,5% құрады. Қазақстан экспорттайтын көмір сутегі мен басқа да шикiзат бағаларының өсуiне әкеп соқтырған соңғы әлемдiк оқиғалар 2002 жылдың аяғы мен 2003 жылдың басында елiмiздiң сауда балансының оң сальдосына және мемлекеттік бюджет тапшылығының төмендеуiне әсер етті. Валюта рыногында 2001 және 2002 жылдары теңгенiң АҚШ долларына шаққандағы құнсыздануы тиiсiнше жылдық 3,86% және 3,32% құрады. 2003 жылдың басында теңгенің аталған валютаға қатысының бекігендігі, яғни ағымдағы жылдың бiріншi жартысында жылдық 3,57% құраған теңгенің бағамының көтерілгендігі байқалды.
Мемлекеттік бағалы қағаздар секторында, атап айтқанда 2001 жылғы аукциондар бойынша мемлекет тарапынан қарызға алу көлемі ішкі рынокта 142 401 млн. теңгені, олардың iшінде Ұлттық Банкiнің қысқа мерзiмді ноталары - 116 433 млн. теңгенi, Қаржы министрлігінiң бағалы қағаздары - 25 930 млн. теңгенi, жергiлiктi атқарушы органдардың бағалы қағаздары - 38 млн. теңгенi құрады. 2002 жылы эмиссиялар көлемi бастапқы рынокта 2001 жылмен салыстырғанда 84,41% артып, 262 688 млн. теңгенi құрады. Бұл ретте Ұлттық Банкінің ноталары - 208 347 млн. теңгенi (+78,87%), Қаржы министрлігінiң бағалы қағаздары - 51 736 млн. теңгені (+99,52%), жергіліктi атқарушы органдардың бағалы қағаздары - 2 605 млн. теңгенi (+6706,33%) құрады. 2003 жылдың бiрiншi жарты жылдығында бастапқы рыноктағы эмиссиялар көлемi 347 950 млн. теңгенi құрады, ол тұтас алғанда 2002 жылғы мөлшерден 24,50% жоғары. Бұл ретте, Ұлттық Банкінің қысқа мерзiмдi ноталары - 336 313 млн. теңгенi (+38,05%), Қаржы министрлігінiң бағалы қағаздары - 6 945 млн. теңгенi (-644,92%), жергiлiктi атқарушы органдардың бағалы қағаздары - 4 692 млн. теңгенi (+44,49%) құрады.