Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 150аэ қаулысы
"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 703-қосымшада:
1-тармақтағы "287652 мың теңге (екі жүз сексен жеті миллион алты жүз елу екі мың теңге)" деген сөздер "286170 мың теңге (екі жүз сексен алты миллион бір жүз жетпіс мың теңге)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 4-бағанында:
001-кіші бағдарламада "157" деген сандар "153" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |