Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1258
қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 11 наурыздағы № 302 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 733 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1258 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 43, 388-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібінде:
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Қойма және тұрақты үй-жайларды балалар мекемелерінде, білім беру ұйымдарында және оларға іргелес жүз метр радиустағы аумақтарда орналастыруға тыйым салынады.";
35-тармақтың 2) тармақшасындағы "50" деген сандар "37,5" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |