Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы № 279 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультациялық-кеңесшi органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 9, 70-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықта:
2-тармақтың үшiншi абзацының екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын: "Комиссиялар құрамына енгізiлетiн мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының мәртебесi департамент директорынан төмен болмауға тиiс.";
7-тармақта "мүдделі мемлекеттік органдардан" деген сөздерден кейiн ", ұйымдардан және өзге де тұлғалардан" деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақтың 4) тармақшасында "министрлiктер мен ведомстволардың" деген сөздер "мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және өзге де тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Жекелеген жағдайларда комиссиялардың/жұмыс топтарының құрамына ғылыми, үкiметтік емес және басқа да ұйымдардың өкiлдерi, ғалымдар, мамандар және олардың келісімi бойынша өзге де адамдар енгiзiлуi мүмкiн.";
14-тармақтың 5) тармақшасында "органдар" деген сөзден кейiн "және ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |