Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1194
қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001
жылғы 4 мамырдағы № 605 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 ақпандағы № 225 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 15 қаулысымен күші жойылды
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Республикалық бюджеттен оралмандар үшiн бөлiнетін қаражатты мақсатты пайдалану туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1194 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 41, 366-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
қаулының тақырыбындағы "мақсатты пайдалану туралы ереженi" деген сөздер "мақсатты пайдалану ережесін" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "мақсатты пайдалану туралы ереже" деген сөздер "мақсатты пайдалану ережесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен оралмандар үшiн бөлiнетiн қаражатты мақсатты пайдалану туралы ережеде:
тақырыбындағы "мақсатты пайдалану туралы ереже" деген сөздер "мақсатты пайдалану ережесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Республикалық бюджеттен оралмандар үшiн бөлiнетiн қаражатты мақсатты пайдалану ережесi "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық бюджеттен бөлiнетін және қоныс аудару іс-шараларын қаржыландыру мен оралмандарды әлеуметтік қорғауға бағытталған қаражатты мақсатты пайдаланудың тәртібін айқындайды.";
2-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Республикалық бюджеттен оралмандар үшiн бөлiнетiн қаражат:";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) оралмандар отбасыларының тұрғын үй сатып алуы үшiн қаражат бөлуге;";
3-тармақтың 1) тармақшасындағы "қаржыландыру есептемесiмен қоса лимиттiк өтінiмдi" деген сөздер "мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Көшiп келу квотасы бойынша келген оралмандар отбасыларының тұрғын үй сатып алуы үшін қаражат бөлудi отбасының бір мүшесiне жүз еселенген айлық есептiк көрсеткiш есебiмен келген жерi бойынша халықтың көші-қоны мәселелерi жөніндегі аумақтық органдар жүргізедi.
Халықтың көшi-қоны мәселелерi жөніндегі аумақтық орган оралман отағасының нотариалды түрде расталған тұрғын үйдi сатып алу-сату шартының немесе жергiлiктi атқарушы органның жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскесiн беру туралы шешiмiн ұсынуы бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн бөлiнген қаражатты екiншi деңгейдегi банкте оралмандар отағасының алдын ала ашқан жеке шотына аударады.
Бұл ретте оралмандардың жеке шотына аударылған бөлiнген қаражат сомасы мен сатып алынатын тұрғын үйдің сатып алу құны арасындағы терiс айырма оралмандардың өз қаражаты есебiнен қосымша төленедi, ал оң айырма оралмандардың өздерiнде қалады.";
13-тармақта:
"мекендеу рұқсаты" деген сөздерден кейiнгi үтiр "немесе" деген шылаумен ауыстырылсын;
", төлқұжаты" деген сөз алынып тасталсын.
2. "Оралмандардың отбасылары үшiн тұрғын үй сатып алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2001 жылғы 4 мамырдағы № 605 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 16, 216-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Д. Ахметов |