Сонымен, әлемдегi аса қауiптi экзотикалық iндеттер бойынша бел алған ахуал халықтың амандық-саулығына, елдегi мал және құс шаруашылығына ұдайы қатер төндiрудiң себебi болып отыр.
Қазақстан Республикасында ойластырылмаған қайта ұйымдастыру, профилактикалық вакцинациялауды қысқарту, жануарлардың қоныс аударуына және мал шаруашылығы өнiмдерiнiң айналымына әлсiз бақылаудың салдарынан аса қауiптi аурулардың бiрқатары елiмiз үшiн үйреншiктi әрi күнделiктi құбылысқа айналып отыр. ТМД елдерiнiң арасында дәстүрлi шаруашылық байланыстардың сақталуына ықпал ететiн геосаяси өзгерістер де эпизоотикалық жағдайдың нашарлауына әсер етiп, iндеттердiң таралуына әкелiп соғады. Қазақстан Республикасы асыл тұқымды малдарды, мал мен өнiмдер шикiзатын әр түрлi эпизоотикалық ахуалды елдерден импорттайды, сондай-ақ Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының (ЛА) және Халықаралық эпизоотикалық бюроның (ХЭБ) тiзiмдерi бойынша аса қауiптi инфекциялар бойынша жайсыз елдермен шектеседi.
Елiмiздiң аумағында жыл сайын аусыл, құтыру, үй қояндарының геморрагиялық ауруының бiрнеше ошақтары тiркеледi.
Әсiресе, республиканың едәуiр бөлiгін қамтыған аусыл бойынша қауiптi жағдай қалыптасып отыр. 2000 жылғы наурыз-тамыз аралығында соңғы он жылдықтар iшiнде алғаш рет бұрын-соңды болмаған аусыл ошақтары санының көбеюi байқалды. Осы кезең iшiнде елiмiздiң оңтүстiк, шығыс және орталық бөлiгiн қамтыған аусылдың 15 iрi ошағы анықталды. Вирустың таралуын аусыл бойынша жайсыз шектес мемлекеттер аумағынан болғанын, сондай-ақ шалғайдағы мал шаруашылығы аймақтарындағы малдардың арасындағы вирус айналымының мүмкiндiгiнен болжауға болады.
Қазiргi уақытта Қазақстан аумағында, әсiресе, оңтүстiк аудандарында болып тұратын қой шешегi вирустық ауруларға жатады және ол қой шаруашылығына үлкен зиянын тигiзедi. Аталған ауру Қазақстанда 1993 жылдан 1997 жылға дейiн орын алып барлық аумақты қамтығаны белгілі.
90-жылдары табиғи шешектiң "туыстары", оның iшiнде түйе шешегi бас көтере бастады. 1996 жылы Маңғыстау облысында түйе шешегінiң дертi кезiнде 8000 басқа жуық мал ауруға шалдықты. Бұл ғалымдарды қатты алаңдатып отыр.
Қазақстан аумағында мүйiздi iрi қара мал обасы тiркелмеген, бiрақ оның шектес елдерден келу қаупi бар, бұл үлкен экономикалық зиян әкелуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметiнiң деректерi бойынша соңғы жылдары осындай аса қауiптi инфекциялардың, соның iшiнде қырым геморрагиялық безгегiнiң табиғи ошақтары жайылып, белсендiлiк танытуда. Қырым геморрагиялық безгегiнiң ошақтары 2001-2002 жылдары республиканың Оңтүстiк Қазақстан және Жамбыл облыстарында тiркелген.
Қысқа мерзiм iшiнде аса қауiптi инфекциялар ошақтары санының күрт көбеюі инфекциялар эпизоотиясының бақылаудан шыққанын және панзоотия сипатына ие болғанын көрсетедi. Қазақстандағы эпизоотиялық қолайсыздыққа және аса қауiптi инфекциялардың таралуына байланысты әлемнiң көптеген елдерi ауыл шаруашылығы өнiмдерiн импорттаудан бас тартып отыр, бұл бiздiң мемлекетiмiздiң экономикалық дербестігiн дамытуға керi әсерiн тигiзедi.
Қазiргi уақытта геномдердiң карталануы және олардың бастапқы құрылымын зерттеу бойынша деректер шетелдiк авторлардың бiрқатар еңбектерiнде көрсетiлген және халықаралық деректер базасында жинақталған. Геномдердiң бастапқы құрылымы туралы неғұрлым толық деректер аусыл, iрi қара мал обасы, шошқалардың африкалық обасы, шошқалардың классикалық обасы, қойлардың шешегі және Ньюкасл аурулары үшiн бар.
Проблеманың әлсiз жағы:
аталған проблеманың болмауы немесе ұзаққа созылуы диагноз қою, инфекцияны болжау және Қазақстан Республикасының аумағы мен Орталық Азияның шектес елдерiнде таралған қоздырғыштардың типтерiн анықтау кезiнде жаңсақтыққа;
аймақта аса қауiптi инфекция панзоотиясы мен эпизоотиясы төнген кезде жауапты қызметтер тарапынан соған сәйкес емес шаралар қолдануға әкелiп соғуы мүмкін.
Проблеманың тиiмдi жағы:
Қазақстан Республикасында алғаш рет көптеген аса қауiптi вирустық инфекциялары қоздырғыштарының гендерi анықталатын болады;
Қазақстан Республикасының аумағындағы жануарлардың аса қауiпті инфекциялық аурулары бойынша эпизоотикалық ахуалды бақылау мониторингiнiң жүйесi құрылады.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мiндеті - Қазақстан Республикасының биологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жануарлар мен өсiмдiктердiң аса қауiптi аурулар қоздырғыштарын микробиологиялық мониторингілеу және генетикалық паспорттау.
Бағдарламаның негізгi мiндеттерi мынадай мәселелердi қамтиды:
Қазақстан Республикасы мен шектес мемлекеттерде аса қауiптi вирустық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық және эпизоотологиялық мәлiметтер жинау және өңдеу;
Қазақстанның әр түрлi өңiрлерiнде аса қауiптi вирустық инфекциялардың пайда болуы мен таралу мүмкiндiктерiн және көздерiн анықтау;
вирустық аурулардың қоздырғыштарын инфекция ошақтарынан бөлiп шығару;
АШҒЗИ коллекциясында бар және инфекция ошақтарынан жаңадан бөлiнiп алынған аса қауiптi вирустық аурулар қоздырғыштарының тектерiн генетикалық карталандыру;
қауiптi патотектер тектерiнiң ұлттық банкiн жасау;
зерттелген вирустардың геномдық құрылымы бойынша алынған деректердi халықаралық тектер банкінің деректерiмен салыстыра отырып талдау;
полимераздық тiзбектi реакцияны қолдана отырып, диагностикумдардың жаңа буындарын әзiрлеу;
Қазақстан Республикасының биологиялық қауiпсiздiгiн күшейту.
5. Бағдарламаны іске асырудың
негізгі бағыттары мен тетігі
Бағдарламаның iске асырылуы Қазақстанның экономикасы мен ғылымы үшiн елеулi мәселе болып табылатын мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
5.1. Қазақстан Республикасының аумағындағы аса
қауiптi инфекциялар қоздырғыштарының мониторингі
Қазақстан Республикасының аумағы өзiнiң табиғи және географиялық жағдайлары бойынша әр түрлi. Оның фаунасы көптеген түрлерден тұрады, оның кеңiстiгiнен жабайы жануарлар мен құстардың мерзiмдiк қоныс аудару жолдары өтедi, олар вирустар экологиясына әсерiн тигiзбей қоймайды. Мұның сыртында, соңғы жылдары шет елдермен қарым-қатынас қарқыны артты. Көрсетiлген факторлар республикамыздың табиғатына әр түрлi патогендi микрорганизмдердi, соның iшiнде бұрын кездеспеген вирустардың енуi мен айналу мүмкiндігін көбейттi. Бiрқатар толық емес зерттеулердiң деректерi көрсеткендей, елдегi ауыл шаруашылығы малдарында этиологиялары белгiсiз жұқпалы аурулар байқалады, олардың байқалмай немесе зерттелмей қалған жағдайлары да бар.
Вирустардың персистенциясы және олардың мутациясының немесе рекомбинациясының болжауға келмейтiндiгi белгiлi бiр аудандарда, әсiресе жабайы аңдардың мерзiмдiк қоныс аудару жолдарының, ауыл шаруашылығы малдарының көшу жолдары мен жайылымдарының ұласу аймағында әр түрлi вирустардың экологиялық мәселелерiн тұрақты жүйелi түрде зерттеудi қажет ететiндiгiн айқындайды. Бұл өңiрлерде созылмалы аурулардың белгiсiз және аз зерттелген табиғи түрлерiнiң кездесуi мүмкiн. Вирус популяциясының генофондын жабайы биоценозда зерттеу бiрте-бiрте әлемнiң көптеген аудандарына және шаруашылықтың барлық мүмкiн түрiне тарады. Әсiресе, вирустардың табиғи ошақтары мен бұрын белгiсiз, адаммен қатысы жоқ, түпкi түрлерiн кездестiруге болатын жануарлар мен құстардың оқшауланған популяциясы маңызды. Экологиялық тепе-теңдiктi бұзуға әкелiп соғатын адамның қызметi, сондай-ақ планетадағы климаттың болжамды өзгеруi табиғатта өзгерген вирустардың пайда болуына және таралуына себепкер болып отыр, осы өзгерістер орто-, парамиксо-, того-, адено-, пикорна-, ретро-, парвовирустарға байланысты болуы мүмкiн.
5.2. Жануарлар мен өсiмдiктердiң аса қауiптi инфекциялары
қоздырғыштарының генетикалық картасын жасау
90-шы жылдардың соңында вирусологиялық практикада қолданбалы, сондай-ақ iргелi аспектiлерiнде жаңа әдiстемелiк тұрғыны қолдану кеңiнен дамыды. Олардың арасында молекулярлық-генетикалық әдiстер - рестрикциялық талдау, нуклеин қышқылдарын молекулярлық будандастыру, молекулярлық клондау және полимеразды тiзбекті реакция жетекшi орын алды. Иммунологиялықпен салыстырғанда бұл әдiстердiң негiзгi артықшылығы, оларды патогендi микроорганизмдердің кең спектрi үшiн латентті және созылмалы инфекция жағдайында қолдану, қоздырғыштардың генетикалық жақындығын және олардың таксономикалық қатыстылығын анықтау мүмкiндігінде, қоздырғыштарды зертханалық жағдайларды бөлiп шығару және өсiру қажеттiлiгiнiң жоқтығында екенi белгілi.
Вирусологияда геномдардың картасын жасауды пайдалану геном құрылысының нақты суретiн және тектердiң оқшаулануын айқындауға негiз құрайтын тұсы болып табылады. Карталанған бөлiктердiң бастапқы құрылысын айқындау геномның генетикалық зерттелуiнiң соңғы кезеңi.
Қазiргі кезде геномды картасын жасау әр түрлi вирустар тудыратын аурулардың диагностикалық мiндетiн шешуде, олардың штаммдарының ұқсастандырылуы мен жiктелуiн, аттенуация немесе физикалық-химиялық факторлардың әсер етуi процесiнде геномның тұрақтылығын бағалауда жоғары нәтижелiлiкпен қолданылуда. Бұл әдiс Ауески ауруына, құстардың жұқпалы ларинготрахеитiне, цитомегалияға, шошқалардың африкалық обасына, мүйiздi iрi қара малдарының обасына, қойдың катаралды безгегiне, қойдың шешегi мен эктимасына және басқа да қауiптi инфекцияларды диагностикалау үшiн табысты қолданылды.
Бұдан басқа, осы әдiстер рекомбинантты ДНК-вакциналарды құрастыруда, әр түрлi вирустар топтары геномының физикалық (генетикалық) карталарын жасауда, микроорганизмдердiң коллекциясында сақталатын олардың штаммдары мен изоляттарында, вирустарды жiктеуде қолданылады.
5.3. ПТР диагностикалау әдiстерiн әзiрлеу және енгізу
Жануарлардың, өсiмдiктердiң және микроорганизмдер геномының құрылысын зерттеу биология мен медицинаның iргелi проблемаларын, сондай-ақ денсаулық сақтау салаларында, ауыл шаруашылығы, биологиялық өнеркәсiптiң және экологияның практикалық мiндеттерiн шешуде елеулi мәнi бар. Осы саладағы зерттеу ғылыми нәтижелерi қорғаныс мақсатында қолданылуы мүмкiн.
Геном құрылысы бойынша алынған деректер негізiнде адамның тұқым қуалай берiлетiн ауруларын зерттеуде және алдын алуда, кең спектрлi әр түрлi ауруларға қарсы жаңа тиiмдi дәрi-дәрмектер жасау, аса қауiптi жұқпалы ауруларды ерте диагностикалау құралдарын дайындағанда, белгiлi қасиеттерi бap микроорганизмдер құрастырғанда, ДНК-вакциналар профилактикалық препараттарының жаңа буынын әзiрлегенде, сондай-ақ қоршаған орта объектiлерiнде аса қауiптi вирустық және бактериялық инфекциялардың қоздырғыштарын индикациялау үшiн әмбебап тест-жүйелерiн жасау барысында үлкен табыстарға жетуге әсерiн тигiздi.
Ауыл шаруашылығы малдарының аса қауiптi вирустық аурулары әкелiнуiнiң алдын алуға және жоюға арналған кешендi шаралардың құрамында зертханалық диагностикалау және аурулар қоздырғыштарын индикациялау елеулi рөлге ие. Соңғы онжылдықтарда әзiрленген диагностикалау әдiстерiнiң жалпы арсеналдарының iшiнен вирустарды диагностикалау мен индикациялау үшiн мейлiнше тиiмдiсi антидененi флуоресценциялау (ФАТ) тәсiлi, иммундыферменттi талдау (ИФА) және полимеразды-тiзбектi реакция (ПТР) болып табылады. Көрсетiлген әдiстердi аса қауiптi инфекцияларға зертханалық диагностикалау және индикациялау үшiн әзiрлеу Қазақстанға осы аурулардың енуi мен таралуын шектеуде айтарлықтай мүмкiндiк бередi.
5.4. Аса қауiптi жұқпалы инфекциялар
қоздырғыштарының тектiк банкiн жасау
Зерттеу нәтижелерi бойынша аса қауiптi вирустық аурулар қоздырғыштары штаммдарының, оның iшiнде арнайы мақсатта қолданылатындарына генетикалық төлқұжаттау жүргiзiледi, қауiптi патотектердiң тектер банкi жасалынады, бактериологиялық мониторинг және биологиялық қауiпсiздiктiң ұлттық жүйесiн жасауда генетикалық зерттеулердiң рөлi және орны анықталады.
5.5. Қазақстан Республикасының биологиялық
қауiпсiздiгін қамтамасыз ету
Зерттеу нәтижелерi бойынша инфекция ошақтарының пайда болуының алдын алу, жедел шара қолдану және биологиялық құралдарды қолданғаннан кейiнгi зардаптарды шектейтiн кешендi шаралар жасалынады. Қауiптi патотектердi бөлу, жеткізу және генетикалық идентификациялау жөнiнде хаттамалар дайындалады. Қазақстан Республикасының бактериологиялық мониторингi және биоқауiпсiздiгiнiң ұлттық жүйесi шеңберiнде кешендi және жедел шаралар әзiрленедi, аса қауiптi ауруларға қарсы санитарлық-ветеринарлық бақылау мен күресу шараларын ұйымдастыру жүргiзiледi. Мемлекеттiң биологиялық қауiпсiздiк деңгейi көтерiледi.
Бағдарламаны жүзеге асыру Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес және конкурстық iрiктеуден өткен жобаларды орындауға арналған мемлекеттік тапсырыс негiзiнде iске асырылатын болады.
Бағдарламаның әкiмшiсi - Бiлiм және ғылым министрлігі:
бағдарламаның мiндеттерiн орындауға арналған жобаларға конкурс өткізудi;
бағдарлама мiндеттерiнiң орындалуын үйлестiру және ағымдағы бақылауды;
бағдарлама бойынша аралық және соңғы есептерді қабылдауды қамтамасыз етеді.
Үздіксіз басқару мен бақылау үшін бас ұйымның жанынан мүдделі министрліктердің өкілдері енетін Ғылыми-техникалық кеңес құру көзделуде.
ҚР Үкіметінің 2006.23.06. № 576 Қаулысымен 6-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
Бағдарламаның қаржылық қамтамасыз етiлуi 2004-2006 жылдардағы iс-шараларды iске асыруға қажеттi бюджеттік қаржы көлемiнде тиiстi қаржы жылдарына арнап республикалық бюджеттен Бағдарламаның әкiмшiсiне көзделген мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде жүзеге асырылады.
Бағдарламаны іске асыруға байланысты көзделген қаржы шығындары барлығы 209,884 млн. теңгені құрайды, оның ішінде жылдар бойынша:
2004 жылы - 60,0 млн. теңге; 2005 жылы - 70,028 млн. теңге; 2006 жылы - 79,856 млн. теңге.
2005-2006 жылдарға арналған шығын көлемi Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес тиiстi қаржылық жылдар бойынша нақтыланатын болады.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде Қазақстан Республикасының аумағында аса қауiпті жұқпалы аурулардың ғылыми-негiзделген мониторинг жүйесi әзiрленедi және ендiрiледi, бұл ошақтарын шектеу және жою жөнiнде дер кезінде превентивтi шаралар қолдануға мүмкiндiк бередi. Аса қауiптi аурулар қоздырғыштары тектерiнiң генетикалық картасын жасау Қазақстан Республикасы аумағында инфекцияның шығу тегiн және оның тарау ерекшелiктерiн анықтауға және бақылауға мүмкiншiлiк бередi, ал ПЦР-диагностика инфекцияға экспресс-диагноз қоюға мүмкiншiлiк бередi. Аса қауiптi аурулардың тектер банкi этиологиясы белгiсiз инфекциялар кенеттен шыққан кездерде қолдануға керектi стратегиялық қор болып есептелiнедi.
Бағдарламаның негiзгi бағыттары бойынша күтiлетiн нәтижелер кестеде келтiрiлген
Кесте
N | Негiзгi тапсырмалар | Күтiлетiн нәтижелер |
1 | Қазақстан Республикасы аумағында аса қауiптi инфекциялар қоздырғыштарының мониторингi | ҚР аумағында ауыл шаруашылығы, жабайы жануарлар, құстар мен өсiмдiктердiң аса қауiптi инфекцияларының ақпараттық және эксперименттiк деректер базасы. Ауыл шаруашылығы, жабайы жануарлар, құстар мен өсiмдiктердiң аса қауiптi аурулары бойынша ҚР аумағының эпизоотикалық және эпифитотиялық аудандастыру атласы. Республиканың жеке өңiрлерiне арналған жануарлардың аса қауiптi инфекцияларының жекелеген түрлерi бойынша жасалған ғылыми негiзделген қысқа және ұзақ мерзiмдi ұсынымдар. Жануарлар, құстар мен өсiмдiктердiң аса қауiптi аурулары шыққан кезде эпизоотияға қарсы алдын алу iс-шараларын жүргiзуге ұсынымдар. Фитосанитарлық мониторинг жүйесi мен ауыл шаруашылығы дақылдарын аса қауiптi аурулардан қорғау негiздерiнде фитопатотектер популяцияларының вируленттiгiн болжаудың жаңа принциптерi. Өсiмдiктердiң аса қауiптi аурулары шыққан кезде карантиндiк алдын алу iс-шараларын жүргiзуге ұсынымдар. |
2 | Жануарлар мен өсiмдiктердiң аса қауiптi инфекциялары қоздырғыштарын генетикалық картасын жасау | Жануарлардың аса қауiптi инфекциялық ауруларын диагностикалау мiндеттерiн шешу, вирустар штамдарын ұқсастандыру және жiктелуi, аттенуация немесе физикалық-химиялық факторлар әсерi барысында геном тұрақтылығын бағалау үшiн генетикалық картасын жасау әдiстерi. Қоздырғыштар геномдарының физикалық және генетикалық карталары. Қоздырғыштар геномдарын генетикалық паспорттау. |
3 | ПТР-диагностика әдiсiн әзiрлеу және енгізу | Адам, жануарлар мен өсiмдiктердiң аса қауiптi ауруларын диагностикалау және алдын алу үшiн молекулярлық-генетикалық және гендiк-инженерлiк әдiстердiң жаңа буыны. Сыртқы орта объектiлерiнде және биосынамаларда РНК-құрамды патогендердi КТ-ПТР (RT-PCR-тiзбектi полимеразды реакцияның керi транскрипциясы) әдiсiмен және ДНК-құрамды патогендердi ПТР әдiсiмен анықтау тәсiлдерi. 4-5 сағат аралығында кез келген клиникалық үлгiдегi және сыртқы орта объектiлерiнiң аса қауiптi патотектерiнiң генетикалық материалын тiкелей анықтау жүргiзуге мүмкiндiк беретiн жоғары сезiмталды (патогеннiң 25 пкг-нуклеин қышқылына дейiн) және спецификалы (штамдарды, изоляттарды дифференциялау) тест-жүйелерi. |
4 | Аса қауiптi инфекциялар қоздырғыштарының тектер банкiн құру | Генетикалық сәйкестендiру әдiстерiн қолдану арқылы ел үшiн әлеует қауiптi вирустық патотектер тектерiнiң ұлттық банкiн құру. Республикада кездесетiн және шектес мемлекеттерден қауiп тудыратын аса қауiптi инфекциялар қоздырғыштарының бiрыңғай деректер базасы. Аса қауiптi вирустық аурулар патотектерiнiң тектер банкi. Елдiң биологиялық өнеркәсiбiнде қолдану үшiн микроорганизмдердiң, вирустардың және өсiмдiктер клеткаларының өнеркәсiптiк бағалы себiндiлер коллекциясы. |
5 | Қазақстан Республикасының биологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының мониторинг жүйесi мен биоқауiпсiздiгiн әзiрлеуге арналған ғылыми-техникалық құжаттамалар жинағы. Инфекция шығу ошақтары зардаптарының алдын алу, жедел ұйымдастыру, шектеу және жоюға арналған кешендi шаралар. Бақыланатын және төтенше, соның iшiнде биологиялық құралдарды қолданған жағдайларда аса қауiптi ауруларды бақылау жүйесi мен күрес шаралары, индикациясы және диагностикалау. |