Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды
одан әрi дамыту жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 18 ақпандағы № 190 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 27.09.04 ж. № 987 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 465 Қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрi дамытуды қамтамасыз ету және электр энергетикасы саласы жұмыс iстеуiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрi дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) мақұлдансын.
2. 2-қосымшаға сәйкес Тұжырымдаманы iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары бекітілсiн.
3. "Қазақстан Республикасының электр энергиясы мен қуаты көтерме рыногының тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 606 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 20, 223-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1-тармақ алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "КОРЭМ" ЖАҚ қызметiнiң негiзгi мәнi қолда бар (спот) электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру болып белгiленсiн.".
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 18 ақпандағы № 190 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы
нарықтық қатынастарды одан әрі дамытудың
тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрi дамытудың тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) 2004-2006 жж. орташа мерзiмдiк кезеңге арналған электр энергетикасындағы нарықтық қайта жаңарудың негiзгi бағыттарын анықтау мақсатында әзiрлендi. Тұжырымдамада электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда рыноктарын ұйымдастырудың негізгі қағидаттары, рыноктардың құрылымы, нарықтық тетiктердi дамыту үлгiлерi, электр энергиясы рыногының ашық бәсекелестiк үлгiсiне көшу кезеңдерi көрсетiлген.
2004-2006 жылдардағы мерзiмдiк кезеңге арналған электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды дамытудың мақсаттары:
электр энергетикасы саласының жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн арттыру;
елдiң электр энергетикалық әлеуетiн қалпына келтiруге және дамытуға инвестицияларды тарту үшiн жағдайлар туғызу;
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң, Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтың, Бiртұтас Экономикалық Кеңiстiктiң (БЭК) мемлекетаралық ашық және бәсекелiк электр энергетикалық рыногын қалыптастыруға қатысу, шектес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қосарлас режиміндегі жұмыс;
бөлшек сауда рыногында баға белгiлеудiң нарықтық тетiктерiн құру және электр энергиясы (қуаттар) мен қызмет көрсетулердiң көтерме сауда рыногында оны жетiлдiру;
бөлшек сауда тұтынушыларына электр энергиясын жеткізу рыногында бәсекелестiктi дамыту;
бөлшек сауда тұтынушыларына электр энергиясын жеткізушiлердi еркiн таңдау құқығын беру;
электр энергиясының бәсекелiк рыногында электр энергиясы мен жылуды өндiрудiң құрама үлгiсiмен электр станцияларының жұмысы үшiн жағдайлар туғызу болып табылады.
Осы мақсаттарға қол жеткізу электр энергиясының көтерме сауда рыногын қалыптастыруды аяқтауды және бөлшек сауда рыногында бәсекелестіктi дамыту үшiн жағдайлар туғызуды, рынок субъектiлерi арасында өзара қатынастардың айқын тетiктерiн құруды талап етедi.
1. Жалпы ережелер
1.1. Негізгi ұғымдар мен анықтамалар
Осы Тұжырымдамада мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
1) электр энергиясын теңгерiмдеу рыногы - ағымды операциялық тәулiктерде Бiрыңғай электр желiлерiнде электр энергиясын өндiрудiң және/немесе тұтынудың шартты және нақты шамалары арасында туындаған үйлесiмсiздiктердi Жүйелiк оператордың табиғи "нақты уақыт" режимiнде және кейiнгі қаржылық реттеуi нәтижесiнде қалыптасатын электр энергиясының көтерме сауда рыногындағы қызметтi жүзеге асыратын Жүйелiк оператор және энергия өндiрушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, көтерме сауда тұтынушылары өзге де ұйымдар арасындағы өзара қатынастар жүйесi;
2) "бip күн бұрын" электр энергиясының спот-рыногы - "бip күн бұрын" режимiнде қолда бар электр энергиясын сатып алу-сату бойынша қысқа мерзiмдi мәмiлелер жасалатын ұйымдастырылған сауда алаңы;
3) электр энергиясының орталықтандырылған саудасы - спот-сауда-саттықтарын қоса алғанда, сауда алаңында ерiктi негізде рынок субъектiлерi жүзеге асыратын электр энергиясын сатып алу-сату жөнiндегі мәмiлелер;
4) электр энергиясының көтерме сауда рыногы - энергия өндiрушi, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен Жүйелiк оператордың басқаруындағы тұтынушылардың арасындағы шарттар негізiнде қызмет ететiн және нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленетiн электр энергиясын көтерме сатып алу-сату және беру қатынастарының жүйесi;
5) электр қуатын реттеу - рынок субъектiсiнiң нақты электрлiк жүктемесінен мәлiмделген электрлiк Жүктемесiнiң ауытқуларын теңгерімдеу жөнінде қызметтер көрсету;
6) реттеушi орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағаларды (тарифтердi) мемлекеттік реттеудi, табиғи монополиялардың қызмет көрсетулерiне бiрдей қол жеткiзiлiмдi қамтамасыз етудi бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттендiрiлген мемлекеттік орган;
7) электр энергиясы мен қызмет көрсетудiң бөлшек сауда рыногы - электр энергиясының көтерме рыногынан тыс энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арасындағы шарттар негiзiнде қызмет ететін электр энергиясын сатып алу-сату және беру қатынастарының жүйесi;
8) Жүйелiк оператор - орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қосарлас жұмысты қамтамасыз етудi, энергия жүйесiндегі теңгерiмдi қолдауды, жүйелiк қызмет көрсету және рынок субъектiлерiнен қосалқы қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ Ұлттық электр торабы бойынша (мемлекетаралық және өңiраралық деңгейдегi электр тораптары) электр энергиясын берудi және оның техникалық қызмет көрсетуi мен пайдаланушылық дайындықта ұсталуын жүзеге асыратын ұйым;
9) электр энергиясының орталықтандырылған сауда рыногының Операторы (электр энергиясының биржасы) - "бiр күн бұрын" сауда-саттық спотын қоса алғанда, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүзеге асырушы ұйым;
10) уәкiлеттi орган - электр энергиясымен байланысты қатынастарды реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
11) энергиямен жабдықтаушы ұйым - өндiрiлген немесе сатып алынған электр энергиясын бөлшек сауда тұтынушыларына сатуды жүзеге асырушы ұйым.
1.2. Электр энергетикасының жұмыс iстейтiн құрылымы мен жай-күйi
Қолданыстағы ел заңнамасымен электр тораптарына еркiн кемсiтiлмеген қол жеткізу қамтамасыз етiлген және шаруашылық етушi субъектiлерге өздігінен электр энергиясын сатып алу жөнiнде энергия өндiрушi ұйымдармен, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс шарттар жасасуға құқық берiлген.
Қазақстанда екi деңгейден - электр энергиясының көтерме сауда рыногынан (орталықтанбаған сауда) және бөлшек сауда рыногынан тұратын электр энергиясының рыногы құрылған және жұмыс iстейдi.
Өткiзiлген нарықтық түрлендiрулер нәтижесiнде электр энергетикада мынадай ұйымдық-технологиялық құрылым қалыптасты:
1) энергия өндiрушi ұйымдар электр энергиясын өндiру мен көтерме сауда тұтынушыларына сатуды жүзеге асырады;
2) өңiраралық және мемлекетаралық деңгейдегi желiлер бойынша электр энергиясын беру бойынша мiндеттердi, сондай-ақ Қазақстанның бiртұтас энергия жүйесiн жедел-диспетчерлiк басқару жөніндегі (бұдан әрi - Қазақстанның БЭЖ) мiндетін атқаратын Ұлттық электр торабы ("KEGOC" AAҚ);
3) өңiрлiк деңгейде электр энергиясын берудi, таратуды және жеткізудi жүзеге асыратын өңiрлiк электр желiлерi компаниялары (бұдан әрi - ӨЭК);
4) электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда тұтынушылары;
5) энергиямен жабдықтаушы ұйымдар;
6) делдалдық-сауда ұйымдары (трейдерлер);
7) олардың келісім-шарттық мiндеттемелерiне қатыстылығы бойынша рынокқа қатысушылардың электр қуатының апаттық тапшылығын жабуға қажеттi электр қуатын резервтеудiң тетiгiн қолдайтын электр энергиясының көтерме сауда рыногына қатысушылардың құрған ұйымы - электр қуаты резервтерiнiң пулы (бұдан әрі - ЭҚР Пулы);
8) электр энергиясының көтерме сауда рыногындағы нарықтық оператор ("КОРЭМ" ЖАҚ).
Электр энергиясын сатып алу-сату және оны беру бойынша көтерме сауда рыногы субъектiлерi арасындағы қатынастар:
шарттың қолданылу кезеңiне электр энергиясын жеткізу мөлшерi және жылдың уақыты мен аптаның күнiне байланысты электр энергиясын жеткізу-тұтынудың сипаттамалық сағаттық кестелерi келісілетiн сатып алушы мен сатушы арасындағы электр энергиясын сатып алу-сату шарты, электр энергиясының шарттық бағасы мен төлеушарты белгiленедi;
электр энергиясын сатып алушының (жекелеген жағдайларда электр энергиясын сатушының) Ұлттық энергия торабымен жасасатын электр энергиясын беруге арналған шартымен ресiмделедi. Өңiрлiк деңгейдегі электр желiлерi арқылы электр энергиясын беру қажеттiлiгi кезiнде сонымен қатар ӨЭК-нан беруге шарт жасалады;
"бiр күн бұрын" орталықтандырылған сауда-саттықтарда жасалатын мәмiлелермен ресiмделедi.
Алайда екiжақты шарттар рыногы және "бір күн бұрын" режимiнде өткiзiлетiн орталықтандырылған сауда саттықтар тәулiктiң әрбiр ағымдық кезеңiне электр энергиясын өндiрудiң/тұтынудың тәулiктiк кестесiнiң қажеттi теңгерiмдiлігін қамтамасыз етпейдi.
Шектес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қосарлас жұмыс жағдайларында бұл келісім-шарттық емес мемлекетаралық электр энергиясы ағындарына әкеп соғады.
Көтерме сауда рыногында электр энергиясының бағалары сұраныс пен ұсыныстар негізiнде өндiрушiлер арасындағы бәсекелестiк жағдайларында қалыптасады.
Бөлшек сауда рыногында тұрмыстық тұтынушылар үшiн электр энергиясы реттеушi орган белгілеген тарифтер бойынша босатылады.
Электр энергиясын беру жөніндегі қызмет көрсету табиғи монополия саласына жатқызылады және оларға тарифтердi реттеушi орган белгiлейдi. Бұл ретте Ұлттық электр торабы бойынша беруге арналған тарифтер энергия өндiрушi Ұйымнан тұтынушыға дейiнгi электр энергиясы берiлiсiнiң қашықтығына байланысты құрамдас бөлiгін құрайды. Сонымен қатар көлiктiк тарифке тораптарға нормативтік техникалық ысыраптарды сатып алуға арналған шығындар енгiзiлген. ӨЭК-ның тораптары бойынша берiске арналған тарифтер ("кiруi" үшiн тарифтер) қашықтық факторына байланысты емес және оларға нормативтiк техникалық ысыраптарға арналған шығындар енгізiлмейдi.
1.3. Электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда рыноктарының проблемалы мәселелерi
Электр энергиясы көтерме сауда рыногының мынадай проблемалық мәселелерi бар:
Қазақстанның БЭЖ-де "нақты уақыт" режимiнде электр энергиясын өндiру/тұтынудың нақты және келісім-шарттық шамасы арасында теңгерiмдi қолдаудың нарықтық тетiктерi жоқ;
Қазақстанның БЭЖ-де оның тұрақты қызметi мен тұтынушыларды электрмен сенiмдi жабдықтау үшiн қажеттi генерирлеушi қуаттардың жедел резервтерiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар әзiрленген жоқ.
Бөлшек сауда рыногында өзiнiң шешiмiн талап ететiн негізгi проблемалар:
ел өңiрлерiнде электрмен жабдықтаудың - сатылас бiрiктiрiлгеннен бастап, бұрыннан бар ӨЭК-нан облыстық және қалалық электр тораптары түрiнде дербес заңды тұлғаларға бөлiнген, аудандық электр тораптарының (АЭТ) дербес заңды тұлғаларға бөлiнуiне дейiн түрлi ұйымдық-құрылымдық схемаларының болуы;
ӨЭК-ын жекешелендiрудiң аяқталмауы;
бөлшек сауда тұтынушыларына электр энергиясын жеткізу саласында бәсекелестiктің болмауы;
ЭӨК-ның ынталандырымдарының жоқтығы бөлiгiнде нормативтiк және нормативтен жоғары (коммерциялық) ысыраптарды азайтуға өңiрлiк деңгейдегi тораптар бойынша электр энергиясын берудiң тарифтiк әдiснамасының жетілдiрiлмеуi;
Бөлшек сауда тұтынушыларына электр энергиясын беру мен электрмен жабдықтау бойынша функцияларды жүзеге асыру кезiнде ӨЭК-да шығындардың бөлектеп есеп жүргiзудiң жоқтығы;
электр энергиясының бәсекелiк рыногында электр энергиясы мен жылуды өндiрудiң құрамдастырылған үлгiсiмен электр станциялардың жұмысы үшін жағдайлар туғызу қажеттiлiгi;
электр- және жылу тораптық шаруашылығын қайта жаңартуға және жаңалауға инвестицияларды тартудың төменгi деңгейi болып табылады.
Электр энергетикасында нарықтық реформалардың жүргiзiлуiн тежейтiн ортақ проблемалар рынок субъектiлерiнде қажеттi коммерциялық есеп жүйелерiнiң болмауы iшкi рынокта электр энергиясының сағаттық сатылуын жүргізуге мүмкiндiк бермейтiндiгi секiлдi, сонымен бiрге мемлекетаралық ағындардың белгiленген сағаттық шамасын қадағалауға да мүмкiндiк бермейдi.
Жоғарыда көрсетiлген проблемалар қаржылық орнықтылыққа және бөлшек сауда сараланымының инвестициялық тартымдылығына, нарықтық қатынастарды одан әрi дамытуға және тереңдетуге жәрдемдеспейдi.
Бұл ретте ӨЭК-ы мен ЖЭО негiзгi қорларының тозуының сыни шегіне жеткендігі соншалық, таяу жылдарда өте жағымсыз салдарға әкеп соғуы мүмкiн.
Электр станциясының, электр және жылу тораптарының негізгі құрал-жабдықтарының орны толмас тозуы мен жарамсыз болуының алдын алу үшiн оларды қалпына келтiрудiң нақты тетiктерiн жасау қажет.
2. Электр энергиясының көтерме сауда рыногын дамыту
2.1. Нарықтық қатынастарды одан әрi дамытудың негiзгі мақсаттары
Орта мерзiмдiк перспективада электр энергиясының көтерме сауда рыногын дамытудың негiзгі мақсаты "нақты уақыт" режимiнде рынокты, жүйелiк және қосалқы қызметтер рыногын теңгерiмдейтiн электр энергиясының "бiр күн бұрын" режимiнде спот-рыногы жұмыс iстеу тетiктерiн әзiрлеу мен енгізу болып табылады.
2.2. Көтерме сауда рыногының құрылымдарын дамыту
Көтерме сауда рыногының үлгiсi мынадай құрылым негiзiнде қалыптасатын болады:
электр энергиясын сатып алу-сатудың жекеленген рыногы;
электр энергиясы саудасының орталықтандырылған рыногы;
"нақты уақыт" режимiнде теңгерiмдейтiн рынок;
жүйелiк және қосалқы қызмет көрсету рыногы.
2.2.1. Электр энергиясын сатып алу-сатудың жекеленген (екiжақты келісім-шарттардың) рыногы
Электр энергиясын сатып алу-сатудың орталықтанбаған (екiжақты келісім-шарттардың) рыногы рынокқа қатысушылар (сатып алушылар мен сатушылар) өз араларында электр энергиясын сатып алу-сатуға тiкелей шарттарды еркін жасай алатын электр энергиясының көтерме сауда рыногының негізгі сараланымы ретiнде қалатын болады.
2.2.2. Электр энергиясы саудасының орталықтандырылған рыногы
Ұйымдастырылған сауда алаңын бiлдiретiн электр энергиясы саудасының орталықтандырылған рыногы өзiнiң одан әрi дамуына ие болады.
Рынок қатысушыларына ұсынылатын қызметтер спектрiн кеңейту мақсатында жұмыс iстеп тұрған "бiр күн бұрын" режимiндегі (спот рынок) орталықтандырылған сауда-саттықтар:
- орташа (апта, ай) және ұзақ мерзiмдi (тоқсан және жыл) перспективаға (форвард сауда-саттықтары) электр энергиясын жеткізуге арналған;
- операциялық тәулiк бойына (iшкi күндiзгi рынок) электр энергиясын жеткізуге арналған сауда-саттықтармен толықтырылатын болады.
Орталықтандырылған сауда рыногы ерiктi болып табылады. Бұл ретте, электр энергиясы спот-рыногының ("бір күн бұрын" рыногы және "iшкi күндiзгi" рынок) негiзгі мiндеттерi:
- рынок қатысушыларына өзгерген жағдаяттарға сәйкес (тiкелей екіжақты ұзақ- және орта мерзiмдi шарттарды жасасу сәтiнен бастап) қысқа мерзiмдi мәмiлелердi жедел жасау жолымен өздерiнiң келісім-шарттар қоржындарын оңтайландыру мүмкiндiктерiн беру;
- тiкелей екiжақты шарттарды жасасу кезiнде пайдаланылатын электр энергиясының ағымды нарықтық бағасының объективтi индикаторын қалыптастыру болып табылады.
Спот-рынокқа қатысты таяу жылдардағы басты мiндет қазiргi уақытта көтерме сауда рыногы арқылы электр энергиясы жеткiзiлiмiнiң жалпы көлемiнiң 1%-дан төменiн құрайтын орталықтандырылған "бiр күн бұрын" спот-сауда-саттығының көлемiн арттыру болады. Бұл мынадай негiзгi бiрқатар себептермен шарттасады:
- рынок субъектiлерiнде электр энергиясын бұл бекітілген өндiру/тұтынудың тәулiктiк кестелерiн қадағалауға жеткiлiктi уәждеменi сағаттық есептеудiң қазiргi жүйесiнiң болмауы жасамайды;
- сауда-саттыққа "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңның қолданылу әрекетiне түсетiн рынок субъектiлерi қатыса алмайды. Осы Заңмен акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлік қоғамдардың тауарлары мен қызметтер көрсетулерiн (электр энергияларын) сатып алу мемлекеттік сатып алу болып табылады және конкурстар өткізу жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте теңгерiмдеу мақсаты үшiн электр энергиясын жедел сатып алу мүмкiндiгiн болдырмайтын рәсiмдер қарастырылады. Олардың iшiнде "KEGOC" ААҚ (ысыраптардың өтемақысы үшiн электр энергиясын сатып алу), "Қазақстан темір жолы" РМК, "Сәтпаев атындағы канал" РМК секiлдi электр энергиясын iрi сатып алушылар бар.
Сондықтан "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның әрекетiне түсетiн рынок субъектілерiне сатып алудың анықтығы мен бәсекелестігін қамтамасыз етушi орталықтандырылған сауда-саттықтарда режимдердi ағымдық теңгерiмдеу мен түзету үшiн электр энергиясын жедел сатып алуды жүзеге асыру мүмкiндiгi берiлетін болады.
Осы себептердiң бiрiншiсi 2004 жылдың аяғында коммерциялық есептеудiң автоматтандырылған жүйесi (бұдан әрi - АСКУЭ) енгізiлгеннен кейiн жойылатын болады, екiншісiн жою үшiн "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан республикасының Заңына тиiстi өзгерістер енгізу қажет болады.
Электр энергиясы саудасының толыққанды орталықтандырылған рыногын қалыптастыру 2004 жылдың аяғына дейiн аяқталады. Оны басқару белгіленген тәртiппен бекітілетiн Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтарының ережелерiне сәйкес электр энергиясы саудасының орталықтандырылған рыногының Операторына жүктелетiн болады.
2.2.3. Электр энергиясы саудасының орталықтандырылған рыногы Операторының функциялары
Орталықтандырылған сауда рыногының Операторы мынадай функцияларды:
"бiр күн бұрын" және "операциялық тәулiктер iшiнде" режиміндегі орталықтандырылған сауда-саттықтарды ұйымдастыру мен басқаруды;
электр энергиясына арналған орта мерзiмдiк және ұзақ мерзiмдiк келісім-шарттардың орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру мен өткізуді;
электр энергиясы саудасының орталықтандырылған рыногына субъектiлердiң ашық кемсiтушiлiксiз қол жеткізуiн қамтамасыз етудi;
рынок қатысушыларын орталықтандырылған сауда-саттықтарда қалыптасқан электр энергиясына қалыптасқан бағалар жөнiндегі ақпаратпен және өз құзыретi шегінде басқа да нарықтық ақпаратпен қамтамасыз етудi орындайтын болады.
Бәсекелiк рыноктың техникалық және ақпараттық базасының даму шамасына қарай орталықтандырылған сауданы ұйымдастыру бойынша орталықтандырылған сауда рыногы Операторының функциясы мен құрылымы кеңейтiлетiн болады.
2.2.4. "Нақты уақыт" режимiнде теңгерiмдейтін рынок
"Нақты уақыт" режимiнде теңгерiмдейтiн рынок диспетчерлiк кестеге және тепе-теңсiздiктердiң кейiнгi қаржылық реттелуiне енгізiлген рынок субъектілерiнiң электр энергиясын өндiру мен тұтынудың нақты және сағаттық шамалары арасындағы тепе-теңсiздiктердiң операциялық тәулiктерi iшiнде туындаған "нақты уақыт" режимiнде табиғи реттеу мақсатында құрылатын болады.
"Нақты уақыт" режимiнде теңгерiмдейтiн рынокты басқаруды Жүйелiк оператор жүзеге асыратын болады. Жүйелiк оператор теңгерiмдейтін рынокта рынок қатысушылары төлеуi тиiс сағаттық тепе-теңсiздiктердi теңгерiмдi және қаржылық реттеудi ұйымдастыру жөніндегі қызметтердi рынок қатысушыларына ұсынуы тиіс. Рынок қатысушылары төлеуi тиiс сағаттық тепе-теңсiздiктердi қаржылық реттеудi Жүйелiк оператор немесе Жүйелiк оператор құрылтайшылық ететін ұйым жүзеге асыратын болады.
Қазақстан БЭЖ-де туындаған тепе-теңсiздiктердi табиғи реттеу үшiн Жүйелiк оператор қуаттың жедел резервтерiн пайдаланады. Жүйелiк оператор қуаттың жедел резервтерiн спот-сауда саттықтарында талап етiлмеген және жедел түрде диспетчерлендiру талап етілетiн дайындық деңгейi бар электр станциялары қуаттарының басқа мiндеттемелерден бос резервтерінің, сондай-ақ қосарлас режимде жұмыс iстейтiн басқа мемлекеттердiң (және/немесе олардың субъектiлерінің) энергия жүйелерiнiң, қуат резервтерiнiң және операциялық тәулiктер iшiнде талап етiлетiн көлемде өз жүктемесiн технологиялық циклға залал келтiрмей азайта алатын тұтынушылардың қуаттары базасында қалыптастырады.
"Нақты уақыт" режимiнде теңгерiмдейтiн рынокты құру үшiн тиiстi "нақты уақыт" режимiнде теңгерiмдейтiн тетiк (рынок) Ережелерi реттеушi органмен келiсе отырылып, уәкiлеттi органмен әзiрленетiн және белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органның бұйрығымен бекітілетiн болады.
Энергия өндiрушi ұйымдар нақты электр станцияларда орналастыруды Жүйелiк оператор анықтайтын, Қазақстан Республикасының Электр желiлерi ережелерi талап ететiн, Қазақстанның БЭЖ қуаттар резервтерiнiң (бастапқы, қайталама реттеу үшiн резервтер және тұрақты "суық" резерв) көлемi мен құрылымын қолдауды қамтамасыз етедi. Қуаттардың жедел резервтерiн шұғыл түрде диспетчерлеуге талап етiлетiн деңгейдегi дайындықта ұстау үшiн қуаттардың жедел резервтерiнiң дайындығына төлем тәртібі белгiленетін болады.
Қуаттардың жедел резервтерiн iске қосу қажеттiлігін туындатқан электр энергиясының тепе-теңсiздiктерiне төлемдi шарттық тұтыну көлемiн сауда рыногының субъектiсi жүргiзедi.
Апаттық iстен шыққан қуаттарды ауыстыру қажет болған кезде немесе электр берілісi желiлерiн ұзақ айыру (жөндеу жұмыстарын жүргізу болады. Қолданысқа енгізуге iске қосу шығындарының өтемақысы және суық әзiрленетiн болады.
Жүйелiк оператор нақты уақыт режимiнде теңгерiмдейтiн рынокта қарсы сауданы ұйымдастыру негiзiнде Ұлттық электр желiлерi учаскелерiнде асқын жүктемелермен туындаған басқаруды жүзеге асыратын болады.
2.2.5. Жүйелiк оператордың функциялары
Осы Тұжырымдамаға сәйкес электр энергиясының көтерме сауда рыногында Жүйелiк оператордың функцияларына:
көтерме сауда рыногы субъектiлерiнiң Ұлттық электр желiлерiне қол жеткізу үшiн тең жағдайларды және сенiмдiлiк пен сапаның қолданыстағы стандарттарына сәйкес Ұлттық электр желiлерi бойынша электр энергиясының берiлiсiн қамтамасыз ету, оның техникалық қызмет көрсетуi және пайдаланушылық дайындықта ұстау;
электр энергиясын өндiрудiң/тұтынудың нақты теңгерiмдерiн жасау мен диспетчерлiк тәулiктiк кестенi қалыптастыруды қоса алғанда, электр энергиясының сенiмдiлігі мен сапасының белгіленген стандарттарына сәйкес Қазақстанның БЭЖ жұмыс режимдерiн орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқару;
Қазақстанның электр станцияларындағы Бiртұтас Электр энергетикалық жүйеде қуаттардың резервтерiн белгiленген тәртiппен орналастыру;
шектес мемлекеттердiң энергия жүйелерінің жүйелiк операторларымен қосарлас жұмыстың тұрақты режимдерiн басқару және қамтамасыз ету жөніндегі өзара iс-қимыл;
белгіленген заңнамалық тәртiппен нақты уақыт режимiнде теңгерiмдейтiн рынокты ұйымдастыру және басқару;
белгіленген заңнамалық тәртiппен жүйелiк және көмекшi қызметтер рыногын ұйымдастыру және басқару;
бiртұтас ақпараттық жүйенi, электр энергиясын коммерциялық есептеудiң автоматтық жүйесiн (АСКУЭ), электр энергиясының көтерме сауда рыногының барлық субъектiлерiнiң релелiк қорғаныс және апатқа қарсы автоматикаларының (РЗА және ПА) қатарлас құрылғыларын құру жөніндегі техникалық және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру;
Қазақстан электр энергиясының бәсекелiк көтерме сауда рыногына қатысушыларды рынок субъектiлерiнiң коммерциялық құпиясын құрайтын мәндердi қозғамайтын ақпаратпен қамтамасыз ету жатқызылады.
Жүйелiк оператордың функциялары заңнамалық актiде бекітілетiн болады.
2.2.6. Жүйелiк және көмекшi қызметтер рыногы
Жүйелiк оператор көмекшi және жүйелiк қызметтер рыногында көтерме сауда рыногы субъектiлерiнен төмендегiлердi қамтитын көмекшi қызметтердi сатып алатын болады:
Жүйелiк операторға ұсынылатын электр қуаттарының жедел резервтерiнiң қажетті көлемдерi мен құрылымы және қуаттардың тұрақты (салқын) резервiн қоса алғанда, диспетчерлендiруге талап етілетін дайындық дәрежесi бар дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер көрсетулер;
энергия жүйелер тораптарындағы кернеудiң талап етiлетiн деңгейi үшiн реактивтердiң қуаттарын реттеу жөнiнде қызметтер көрсету;
Қазақстанның БЭЖ-де талап етiлетiн электр энергиясының сенiмдiлiгі мен сапасын қамтамасыз ету үшiн белсендi қуатты реттеу жөніндегі қызметтер көрсету:
тиiстi келісімдер жасалғанға дейiн қосарлас режимде жұмыс iстейтiн шектес мемлекеттердiң энергия жүйелерiнде;
теңгерiмдейтін рынокқа теңгерiмдейтiн рынокты iске қосуға дейiн iшкi энергия көздерiнде.
Жүйелiк қызметтер көрсету Жүйелiк оператор көтерме сауда рынок субъектiлерiне көрсетілетiн қызметтердi бiлдiредi және ол өзіне: