45. Қоғамды қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерімен реттеледi.
11. Қорытынды ережелер
46. Қоғам осы Жарғымен реттелмегендер бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін басшылыққа алады.
47. Осы Жарғы белгiленген заңнамалық тәртiппен оның мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Құрылтайшылардың (жалғыз құрылтайшының)
қолдары (жарғыны құрылтай жиналысы (жалғыз
құрылтайшы) бекiткен кезде)
немесе
уәкiлеттi тұлғаның қолы (жарғыны акционерлердiң
жалпы жиналысы (жалғыз акционер)
бекiткен кезде)
________________________
* Халықтық акционерлік қоғамдар, акционерлік қоғамдар ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар, акциялар пакеті мемлекетке тиесілі қоғамдар осы жарғыны "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге заңдарында белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып пайдалануға құқылы