Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1761
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 ж. 30 қаңтардағы № 111 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпандағы № 197 Қаулысымен күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексі) 511-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Консулдық алымдардың ең төменгi және барынша жоғары базалық ставкаларының мөлшерлерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1761 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 49-50, 593-құжат) мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Консулдық алымдардың ең төменгi және барынша жоғары базалық ставкаларының мөлшерлерi:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 16-1-жолмен толықтырылсын:
"16-1 Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінде
шетелдiктердiң асырап алуына берiлген Қазақстан
Республикасының азаматтарын-балаларын
консулдық есепке алу:
есепке алу 500 % aeк
есептен шығару тегiн";
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 29-1-жолмен толықтырылсын:
"29-1 Апостиль қою үшiн құжаттарды қабылдау және одан әрi жолдау (әрбiр құжат үшiн) 5-50 АҚШ доллары".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап екi ай өткен соң күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі | Д. Ахметов |