Қазақстан Республикасында ұлтаралық бірлікті, келісімді және ішкі саяси тұрақтылықты сақтау және нығайту.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
330-қосымша
236 - Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес"
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 8217 мың теңге (сегiз миллион екi жүз он жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес Стратегиясы туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң мәселелері" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Қазақстан Республикасында нашақорлықпен күрестiң басымды шараларының 2001-2005 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 2 ақпандағы № 176 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: есiрткiнi асыра пайдаланудың алдын алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: халықты есiрткiге қызығушылығын арттыратын ақпараттардан ақпараттық-психологиялық қорғауға негiз болатын нашақорлық пен есiрткi бизнесi туралы ақпараттармен қамтамасыз ету, салауатты өмiр салтын насихаттау, нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күреске бағытталған iс-шаралар жүргiзу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
| Рет са- ны N | Бағ-дар-ламакоды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1 104 Нашақорлық- Теледидар бағдар- Жыл Қазақстан қа және ламаларын шығару iшiнде Республикасы- есiрткi және трансляциялау ның Ақпарат бизнесiне (12 сағат)- министрлігі қарсы Мемлекеттік және күpec орыс тiлдеріндегі бейнероликтердi шығару және жалға беру (15 caғат)- Республикалық мерзiмдi басылым- дарда материалдарды жариялау (40 бет)- |