Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 ақпандағы № 148 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 72 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Республикалық және жергiлікті бюджеттердiң қаражаты есебiнен шетелдiк іссапарларға валюталық қаражаттың жұмсалуын ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 ақпандағы № 148 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 7, 75-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1) 1-тармақта:
1) тармақшадағы " - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрi," деген сөздер алып тасталсын:
2) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы," деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжілiсi Төрағасының орынбасары," деген сөздермен толықтырылсын;
2) 2-тармақта:
1) тармақшада:
екiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары," деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжілісi Төрағасының орынбасары," деген сөздермен толықтырылсын;
үшiнші абзацтағы "облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнің орынбасарлары" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары" деген сөздермен толықтырылсын;
бесiншi абзацта:
"Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiмен," деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының Төрағасымен, Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлісiнiң Төрағасымен," деген сөздермен толықтырылсын;
" - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі," деген сөздер алынып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) шетелге қысқа мерзiмдi iссапарларда жүрген қызметкерлердiң және бiрге жүретiн адамдардың тәулiктiк шығыстарын өтеу нормалары:
АҚШ, Канада, Жапония, ҚXP, 80 АҚШ доллары;
Батыс және Шығыс Еуропа
елдерi бойынша
Сингапур, Оңтүстiк Корея, Малазия, Израиль, 70 АҚШ доллары;
Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Бахрейн, Бруней,
Оман, Кипр, Австралия, Египет, Таиланд, БАӘ,
OAP, Филиппин елдерi бойынша
басқа елдер бойынша 60 АҚШ доллары;
ТМД елдерi бойынша 50 АҚШ доллары".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |