Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 26 желтоқсандағы № 150ап қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға 594-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары" 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
032-кіші бағдарламада:
"10 орындық 2 шатырды" деген сөздер "10 орындық 3 дана шатыр" деген сөздермен ауыстырылсын;
"1 бірлік компрессор үшін гопкалипті кептіргіш" деген сөздер алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулыға 595-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 7-бағаны "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |