Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 22 желтоқсандағы № 150ак қаулысы
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 25-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Мыналарды сатып алу:
телефон аппараты - 7 дана;
орындық - 40 дана;
кресло - 9 дана;
факс - 2 дана;
сейф - 4 дана;
телевизор - 1 дана;
шкаф - 5 дана;
басшының кеңсе жиhазы - 2 жиынтық;
жазу үстелi - 13 дана;
киім шкафы - 5 дана;
көшiру аппараты - 1 дана;
қабылдау бөлмесiнiң кеңсе жиhазы - 1 жиынтық;
тоңазытқыш - 1 дана;
кiтап шкафы - 2 дана;
тумба - 2 дана;
киім iлгiш - 2 дана".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |