Республикалық ақпараттық-маркетингтiк орталықтар желісін құру және оны
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы желісіне кiрiктiру бағдарламасын әзiрлеу
жөніндегі жұмыс тобын құру туралы Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2004 жылғы 7 қаңтардағы № 1-ө өкімі
ҚР Үкіметінің 2007.31.05. № 442 Қаулысымен күші жойылды
Республикалық ақпараттық-маркетингтiк орталықтар желісін құру және оны Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы желісіне кiрiктiру бағдарламасын әзiрлеу жөніндегі ұсыныстар дайындау мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Смағұлов - Қазақстан Республикасы Индустрия
Болат Советұлы және сауда вице-министрi, жетекшi
Күзембаева - Қазақстан Республикасының
Маржан Бопайқызы Индустрия және сауда министрлігі
Сауда комитетi төрағасының
орынбасары, жетекшiнiң орынбасары
Мақжанова - Қазақстан Республикасының
Айгүл Амангелдiқызы Индустрия және сауда министрлігі
Сауда комитетi iшкi сауда
басқармасы талдау және
әдiстемелiк қамтамасыз ету
бөлiмiнiң бастығы, хатшы
Есекеев - Қазақстан Республикасының
Қуанышбек Бақытбекұлы Қаржы министрлігі Ақпараттық
технологиялар департаментiнiң
директоры
Әйтекенов - Қазақстан Республикасының
Қайрат Медiбайұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау вице-министрi
Нығматулин - Қазақстан Республикасы Көлiк
Нұрлан Зайроллаұлы және коммуникациялар вице-министрi
Әбдiшев - Қазақстан Республикасының
Бауыржан Түйтеұлы Кедендiк бақылау агенттiгi
төрағасының орынбасары
Тұрғанқұлов - Қазақстан Республикасының
Ардақ Қасымқұлұлы Ақпараттандыру және байланыс
жөніндегі агенттiгi төрағасының
орынбасары
Әлiмбеков - Қазақстан Республикасының
Бақыт Алтынбекұлы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі
агенттiгi төрағасының орынбасары
Сағынтаев - Қазақстан Республикасының Табиғи
Бақытжан Әбдiрұлы монополияларды реттеу және
бәсекелестiктi қорғау жөніндегі
агенттiгi төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)
Шақшақбаев - Қазақстан Республикасының
Вадим Шәмiлұлы Индустрия және сауда министрлігі
Сауда комитетiнiң төрағасы
Қондыкерова - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Қарлығаш Жұмабекқызы министрлігі Халықаралық құқық
басқармасы халықаралық шарттар
жасау және олардың күшiн жою
мәселелерi жөніндегі бөлiмнiң бас
маманы
2. Жұмыс тобы 2004 жылғы 1 маусымға дейiнгi мерзiмде Республикалық ақпараттық-маркетингтiк орталықтар желісін құру және оны Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы желісіне кiрiктiру бағдарламасын әзiрлеу жөніндегі ұсыныстарды белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |