Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң «Ақпараттық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағының дирекциясы» мемлекеттік мекемесiн құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1382 қаулысы
(2004.26.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 1083 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң «Ақпараттық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағының дирекциясы» мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.
2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi «Ақпараттық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағын (бұдан әрi - «АТП» АЭА) басқару жөніндегі орталық атқарушы органның шешiмдерiн iске асыру бойынша функцияларды жүзеге асыру болып белгiленсiн.
3. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге дe күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен Мекеменi құру және оның қызметiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне 10 200 000 (он миллион екi жүз мың) теңге бөлiнсiн.
4. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Мекеменiң Жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) екi ай мерзiмде мыналарды:
«АТП» АЭА-ны қалыптастыру мен дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын;
Сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасына сәйкес «АТП» АЭА құру мақсатына жету үшiн қажеттi тауарлар номенклатурасын;
«АТП» AЭA құру мақсатына сәйкес қызмет түрлерi бойынша жұмыстар мен қызметтер көрсету тiзбесiн бекіту туралы шешiмдер жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 5-тармақтың күші жойылды
5. «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiнде:
мынадай мазмұндағы 13-бөлiммен толықтырылсын:
«13 Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлігі
«Ақпараттық технологиялар паркi»
арнайы экономикалық аймағының
дирекциясы 10».
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |