Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 29 желтоқсандағы № 150ау қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 700-1-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
төртінші абзацтағы "4" деген сан "2" деген санмен ауыстырылсын;
бесінші абзац "бекетінің" деген сөзден кейін ", Атырау қаласындағы оқу-әдістемелік орталықтың" деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзац "залдары" деген сөзден кейін ", "Қорғас" кеденіндегі контейнерлік тексеру ғимараты" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |