Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1356 қаулысы
2003 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымша "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" деген функционалдық топтан кейін мынадай мазмұндағы функционалдық топпен толықтырылсын:
"Өнеркәсіп және құрылыс
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігі
035 Республикалық инвестициялық жобалардың
техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу
және сараптамалау жасау 303000".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |