Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 27 желтоқсандағы № 150ат қаулысы
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулыға 759-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Қазақстан Республикасының қазiргi телекоммуникациялық желiлерi мен ұлттық ақпараттық инфрақұрылымына зерттеу жүргiзе отырып, мультисервистiк (көлiктiк) ортасын құруға арналған техникалық тапсырма әзiрлеу ("Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 5-тармағына сәйкес қызметтер көрсетудi бiр көзден "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ-тан сатып алуды жүргiзсiн).";
7-тармақтағы "Базалық бағдарламалық қамтамасыз ету - 1 жиынтық" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының қазiргi телекоммуникациялық желiлерi мен ұлттық ақпараттық инфрақұрылымына зерттеу жүргiзе отырып, мультисервистiк (көлiктiк) ортасын құруға арналған техникалық тапсырма";
2) көрсетiлген қаулыға 760-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
мынадай мазмұндағы 4.4-тармақпен толықтырылсын:
"4.4. Хабарламаларды кепiлдiк берiп жеткiзу үшiн базалық бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу - 1 жиынтық.";
мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
"7. Мемлекеттік органдар үшін техникалық құралдар мен лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу - 4 жиынтық.
8. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеудiң кiрiктiрiлген жүйелерiн, оның ішінде телекоммуникациялық қызметтер көрсетудi құpу.";
7-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
"Мемлекеттік органдар үшін техникалық құралдар мен лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу - 4 жиынтық, хабарламаларды кепілдік беріп жеткізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу - 1 жиынтық. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеудiң кiрiктiрiлген жүйелерiн, оның ішінде телекоммуникациялық қызметтер көрсетудi құpу.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |