Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 24 желтоқсандағы № 150ам қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 592-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта "Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар" деген бағандағы "көшу жәрдемақысын төлеуді, әкімшілік ғимаратын жөндеуді" деген сөздер "көшу жәрдемақысын төлеуді, әкімшілік ғимаратын жөндеуді және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Астана қаласындағы ғимаратын жылыту үшін жанар-жағармай материалдарын (солярка) сатып алуды". деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |