Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 13 желтоқсандағы № 150ад қаулысы
"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 572-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру шараларының жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
5-бағанның 1-тармағындағы "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |