Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 29 қарашадағы № 150ю қаулысы
"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулыға 749-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінің 5-бағанында:
"сандық карта - 1 дана" сөздерден кейін "спектр анализаторлары - 3 дана; шуылы аз күшейткіштер - 2 дана; антенналар жиынтығы - 3 дана; тармақтағыштар жиынтығы - 3 дана." деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
"1 дана сандық карта" деген сөздерден кейін мынандай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"спектр анализаторлары - дана;
шуылы аз күшейткіштер - 2 дана;
антенналар жиынтығы - 3 дана;
тармақтағыштар жиынтығы 3 дана.";
2) көрсетілген қаулыға 757-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінің 5-бағанында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Мыналарды сатып алу: техникалық құралдар - 3 жиынтық; базалық бағдармалық қамтамасыз ету - 2 жиынтық";
мынандай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Ведомстволық ақпараттық жүйені жетілдіру";
7-тармақта:
" - 1 жиынтық" деген сөздер "сатып алу: техникалық құралдар 3 жиынтық; базалық бағдарламалық қамтамасыз ету - 2 жиынтық" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) көрсетiлген қаулыға 760-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 3.4-тармақшамен толықтырылсын:
"3.4. Электрондық мұрағатты ұйымдастыру үшiн техникалық құралдар сатып алу - 1 жиынтық";
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Ұлттық рынокта тауарлар мен қызметтер көрсетудi жылжыту үшiн ақпараттық-маркетингтiк орталықтарды құруға арналған техникалық тапсырманы әзiрлеу.";
7-тармақта:
"Пайдаланушыларды оқыту - 200 адам" деген сөздерден кейiн "Электрондық мұрағатты ұйымдастыру үшiн техникалық құралдар сатып алу - 1 жиынтық" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Ұлттық рынокта тауарлар мен қызметтер көрсетудi жылжыту үшiн ақпараттық-маркетингтiк орталықтарды құруға арналған техникалық тапсырманы әзiрлеу".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |