Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
каулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республика
Үкіметінің 2003 ж. 28 қарашадағы № 150ц қаулысы
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 220-қосымшада:
1-тармақта:
"615640" деген сандар "621931" деген сандармен ауыстырылсын;
"алты жүз он бес миллион алты жүз қырық мың теңге" деген сөздер "алты жүз жиырма бiр миллион тоғыз жүз отыз бiр мың теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 256-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
"және көпiр мен РФ шекарасынан қашықтығы 5 км "Ақтөбе - Ор" а/ж телімiне жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау" деген сөздер алынып тасталсын;
"147 км көпiр қалпына келтiру;" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"мынадай автожолдардың жекелеген учаскелерiнде су тасқынының зардаптарын жою жөніндегі авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу:
"Алматы - Хоргос" 185-189, 191-192, 212-214, 215, 218-220, 222, 227, 236, 243, 244 км;
"Ақсай - Шонжы - Көлжат - ҚХР шекарасы" 10-12, 56-58 км";
"телiмдерiне арналған жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау;" деген сөздерден кейiн мынадай абзацпен толықтырылсын:
"Бурабай кентіндегі Громотуха өзені арқылы өтетiн көпiрдi күрделi жөндеуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |