Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1753
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 29 қарашадағы № 1201 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 376 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Гранттар беретiн халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1753 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 49-50, 589-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
1-тармақ «тiзбесi» деген сөзден кейiн «(бұдан әрi - Тiзбе)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Гранттарды тарту және пайдалану жөніндегі жұмыстарды үйлестiрудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мүдделi мемлекеттік органдар Тiзбеге енгізуге ұсынатын ұйымдар қызметiнiң «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi)10-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының талаптарына сәйкестiгiн айқындау жөніндегі iс шараларды өткiзгеннен кейiн орынды жағдайда жыл сайын 20 ақпанға дейiн Тiзбеге толықтырулар енгізу туралы тиiстi шешiмнiң жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзедi деп белгiленсiн.«;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Гранттар беретiн халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тiзбесiнде:
«Халықаралық ұйымдар» деген бөлiм мынадай мазмұндағы 48-2, 48-3, 48-4-тармақтармен толықтырылсын;
«48-2. Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО)
48-3. Ядролық сынақтарға жалпыға бiрдей тыйым салу туралы шарт ұйымы (ЯСЖТШҰ)
48-4 ЖҚТБ-ға, туберкулезге және малярияға қарсы күрес жөніндегі жаһандық қор»;
«Мемлекеттік ұйымдар» деген бөлiм мынадай мазмұндағы 76-1 және 76-2-тармақтармен толықтырылсын:
«76-1. «Ядролық қатердi азайту жөніндегі бастама (NTI)» американ қоры
76-2. Американ азаматтық зерттеулердi дамыту қоры (CDRF)»;
«Шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар және қорлар» деген бөлiм мынадай мазмұндағы 152 және 153-тармақтармен толықтырылсын:
«152. «United Way International» корпоративтiк қоры
153. «IССО» нидерланд қоры (Дамушы елдермен ынтымақтастық орнатуға арналған шiркеуаралық ұйым)».
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрi | Д. Ахметов |