Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 26 қарашадағы № 150х қаулысы
Қазақстан Республикасының ?кіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсiн:
көрсетiлген қаулыға 473-қосымшада:
2-тармақ "Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 253 қаулысы" деген сөздермен толықтырылсын;
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру шараларының жоспары" деген 6-тармақтың кестесіндегі 5-баған мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Yкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларын іске асыруы".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |