Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 429
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 13 қарашадағы № 150C қаулысы
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 302-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі органдарының ақпараттық жүйелерiн дамыту, бipіктіру және сараптамалық талдау (техникалық және заңи) жөніндегі қызметтердi алу, мамандарды ақпараттық технологияларға, ақпаратты қорғауға және корпоративтi телекоммуникациялық желiлерге оқыту".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |