Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 қарашадағы № 1127 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 960 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заң актілерiне жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау және күзет қызметi мәселелерi бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 22 ақпандағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсін:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесiнде:
мәтіндегі «Астана қаласының IIБ, Алматы қаласының IIББ», «Астана қаласы IIБ, Алматы қаласы IIББ» деген сөздер «Астана және Алматы қалаларының IIББ» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бiрiншi абзацтағы «Iшкi iстер министрлігіне» деген сөздер «аумақтығы бойынша Астана және Алматы қалаларының Iшкi iстер бас басқармаларына, облыстардың және көлiктегi Iшкi iстер бас басқармалары мен басқармаларына (бұдан әрi - Астана және Алматы қалаларының IIББ, облыстардың және көлiктегi IIББ, IIБ)»деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзац»(инкассация қызметтерiн қоспағанда)»деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың бiрiншi абзацында:
«азаматтық және» деген сөздер алынып тасталсын;
«1, 2, 3, 4, 4-1 (құпия), 4-2 (құпия), 5, 6, 7» деген сөздер «2, 3, 4, 4-1 (құпия), 4-2 (құпия), 6, 7, 7-1, 7-2» деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Астана және Алматы қалаларының IIББ, облыстардың және көлiктегi IIББ, IIБ ұйымдар басшыларының ұсынымхаттары бойынша бұл ұйымдардың осы Ережеге 2, 3, 4, 4-1 (құпия), 4-2 (құпия), 6, 7, 7-1, 7-2, 8, 9 және 10-қосымшаларда көрсетiлген қызметкерлерiне қызметтік қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсаттар бередi.»;
24-тармақта:
бiрiншi абзацтағы «судьялардың,»деген сөз алынып тасталсын;
үшiншi және бесiншi абзацтар алынып тасталсын;
он төртiншi абзацтағы»- Iшкi әскерлер қолбасшысы» деген сөздер алынып тасталсын;
он бесiншi абзацтағы «Судьялар мен» деген сөздер алынып тасталсын;
он алтыншы абзацтағы «судьялардың,»деген сөз алынып тасталсын;
35-тармақтағы, 65-тармақтың 1) тармақшасындағы және 110-тармақтың 3) тармақшасындағы «Энергетика,»деген сөз алынып тасталсын;
63-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
«Жеке тұлғаларға аңшылық оқ-дәрі атыс қаруын сақтау немесе сақтау мен алып жүру құқығына рұқсатын көрсеткеннен кейiн берiледi. Сатылған оқ-дәрінiң салмағы аңшылық билетке және есепке алу кiтабына жазылады.»;
64-тармақта:
«сатылған қарудың» деген сөздерден кейiн «және оның патрондарының» деген сөздермен толықтырылсын;
«сатып алу» деген сөздерден кейiн «лицензиясының немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
«атыс» деген сөзден кейін «және газ» деген сөздермен толықтырылсын;
«Рұқсаттың» деген сөздiң алдынан «Лицензияның немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
84-тармақтың екiншi абзацындағы «бip жолғы алымдар төлейдi» деген сөздер «мемлекеттік баж төлейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
89-баптың 2) тармақшасындағы «бiржолғы алымдарды» деген сөздер алынып тасталсын;
91-тармақтың бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
«Атыс қаруы мен оның патрондары қабырғаларының қалыңдығы кемiнде 3 мм болатын, сенiмдi ішкi құлпы бар, еденге немесе қабырғаға берiк бекітілген металл шкафта (сейфте) немесе қаруды бөгде адамдардың алуын болдырмайтын өзге де құрылыста, иесiнің тұрғылықты тұратын жерінде сақталуы тиiс.»;
105-тармақта:
6) тармақша алынып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) қару мен оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсат берiлу үшiн мемлекеттік баждың төленгенi туралы түбіртек;»;
114-тармақтың екiншi абзацындағы «республикалық бюджетке түсетiн бiр жолғы алымдар алынады» деген сөздер «мемлекеттік баж алынады» деген сөздермен ауыстырылсын;
2, 4-1 (құпия), 6, 7, 8 және 9-қосымшалар осы қаулыға 1, 2 (құпия), 3, 4, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4-қосымшаның тақырыбындағы «азаматтық және» деген сөздер алынып тасталсын;
4-2-қосымшада (құпия);
осы қаулыға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес 7-1 және 7-2-қосымшалармен толықтырылсын;
10-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Президентi Іс басқармасының қарауындағы ұйымдар аңшылық шаруашылықтары мен «Шаруашылық басқармасы» жабық акционерлік қоғамы аңшылық шаруашылықтарының қызметкерлерiн қаруландыру үшiн белгiленген қару мен оның патрондарының түрлерi, үлгілерi, модельдерi мен саны».
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 11 қарашадағы № 1127 қаулысына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесiне
2-қосымша
Қазақстан Республикасының аумағында инкассацияны жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлерiн қаруландыру үшiн белгіленген қару мен оның патрондарының түрлерi, үлгiлерi, модельдерi, саны
Қару: 1. Ақшалай түсiмдердi инкасса. Әрбiр инкассаторға 1 циялау мен құндылықтарды тапанша немесе револьвер тасымалдауды жүзеге асыратын Инкассаторлар бригадасына инкассация қызметiнiң қызмет. (3-5 адам) 1 винтовка керлерi (инкассаторлар) немесе карабин немесе жекелей атуға қайта жасалған автомат немесе инкассаторлар командасына (10-15 адам) 6 винтовка немесе карабин немесе жекелей атуға қайта жасалған автомат 2. Инкассация қызметiнің ақшалай Әрбiр жүргiзушiге 1 тапан. түсiмдердi инкассациялау мен ша немесе револьвер құндылықтарды тасымалдауға арналған арнайы автомобиль. дерiнің жүргізушілерi 3. Қару резервi Әрбiр 10 бiрлiк қаруға 1 бiрлік Оқ-дәрiлер:
P/c № | Қарудың атауы | Патрондардың саны (дана) |
инкассаторлар, инкассациялауғажарақталған арнайы авто. мобильдердің жүргiзушiлерi | қару бірлігініңазаймайтынқоры | жылдық шығын: |
бір адамғапрактика. лық атыс. тар үшін | қару бірлігіне атылыс тексеруі үшін |
1 2 3 4 | Жекелей атуға қайта жасалған автомат Винтовка, карабин Тапанша Револьвер | 30 (1 оқжатарда) 15 (оқтізерлерде) 16 (2 оқжатарда) 14 (қорапта) | 60 30 32 28 | 10 10 12 12 | 8 8 8 8 |
Ескерту. Қарудың атылысын тексеруге арналған оқ-дәрiлердi басқамақсаттарға жұмсауға тыйым салынады».
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2003 жылғы 11 қарашадағы № 1127 қаулысына
3-қосымша
«Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесiне
6-қосымша
«Қазпочта» ашық акционерлік қоғамының қызметкерлерiн қаруландыру
үшін белгіленген қару мен оның патрондарының түрлерi, үлгiлерi,
модельдерi, саны
1 Фельдъегерь Әрбiр фельдъегерге 1 тапанша 2 адамнан құралған фельдъегерлер бригадасына жекелей атуға қайта жасалған 1 AКC-74У, АКМ 2 Экспедитор 2-3 қызметкерден тұратын ауысымға 1 тапанша 3 Фельдъегерь-жүргізушi Әрбiр фельдьегерге-жүргiзушiге 1 тапанша 4 Арнайы байланыс бөлімшесiнің 1 тапанша бастығы 5 Өндiрiстiк учаске бастығы 1 тапанша (бастықтың орынбасары) 6 Цех бастығы (бастықтың 1 тапанша орынбасары) 7 Облыстық, қалалық арнайы 1 тапанша байланыс қызметiнің бастығы (директоры) (бастықтың, директордың орынбасары) 8 Аға диспетчер (диспетчер) 1 тапанша 9 Почта байланысы торабының 1 тапанша бастығы 10 Почта байланысы бөлiмшесiнің 1 тапанша бастығы 11 Почта вагонының бастығы 1 тапанша 12 Почта тасымалдау бөлiмшесiнің 1 тапанша почта алмасу жөніндегi жауапты кезекшiсi, арнайы байланыс қызметiнің жауапты кезекшiсi (жауапты кезекшiнің көмекшiсi) 13 Почтамттың және почта 1 тапанша байланысы торабының бас кассасы мен кассалық операциялар бөлiмiнің бастығы (меңгерушiсi) 14 Почта байланысы торабының 1 тапанша (бөлімшесінің) негізгі кассаны меңгерушi кассирi 15 Почтаны алып жүру және 1 тапанша алмастыру жөніндегi почташы 16 Республикалық арнайы байланыс 1 тапанша қызметiнің бастығы және оның орынбасарлары 17 Касса торабын, кассалық 1 тапанша үй-жайларды күзету жөніндегі, арнайы байланыс қызметiнің күзетшiсi 18 Ақшалай түсімдердi Әрбiр инкассаторға 1 тапанша инкассациялау мен бағалы Кeмінде 3 адамнан тұратын заттарды тасымалдауды инкассаторлар бригадасына жүзеге асыратын инкассация жекелей атуға қайта жасалған қызметiнің қызметкерлерi 1 AКC-74У, АКМ (инкассаторлар) 19 Ақшалай түсiмдердi Әрбiр жүргiзушiге 1 тапанша инкассациялау мен бағалы заттарды тасымалдауға арналған инкассация қызметiнің арнайы автомобильдерiнің жүргізушілері Ескерту: 1. Почта байланысы тораптары мен бөлiмшелерiнің бастықтары, почтатасымалдау бөлiмшелерінің жауапты кезекшiлерi, почтамттың және почтабайланысы торабының бас кассасы мен кассалық операциялар бөлiмiніңбастықтары, негiзгi кассаны меңгерушi кассирлер қызметтiк қажеттiлiкболған жағдайда жұмыс уақытында қаруланады. 2. Почта вагондарының бастықтары ақшалай сомаларды тасымалдау жүзегеасырылатын бағыттар бойынша жол жүргенде өз қызметтiк міндеттерiнорындаған кезде қаруланады. 3. Почтаны алып жүру мен алмастыру жөніндегi почташылар сақтандырупочтасын тасымалдау кезінде олар автомобиль, темір жол бағыттары бойыншажол жүрген жағдайда тек қана жұмыс уақытында қаруланады. Оқ-дәрiлер:
P/c № | Қарудың атауы | Патрондардың саны (дана) |
постқа, бірге жүруге, инкассациялауғажарақталған | қару бірлігініңазаймайтынқоры | жылдық шығын: |
бір адамғапрактика. лық атыс. тар үшін | қару бірлігінеатылыс тексеруі үшін |
1 2 | Жекелей атуға қайта жасалған АКС-74У, АКМ Тапанша | 30 (1 оқжатарда) 16 (2 оқжатарда) | 60 32 | 10 12 | 8 8 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 11 қарашадағы № 1127 қаулысына
4-қосымша
«Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесiне
7-қосымша
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң
мемлекеттік инспекторларын ведомстволық қарумен қаруландыру үшiн
белгiленген қару мен оның патрондарының түрлерi, үлгiлерi, модельдерi,
саны
P/c N | Лауазымы | Тапанша немесе револьвер |
1 2 3 | | 1 1 1 |
P/c № | Қарудың атауы | Патрондардың саны (дана) |
ауысымға жарақталған мемлекеттік инспектор, лауазымды адам | қару бірлігініңазаймайтынқоры | жылдық шығын: |
бір адамға|қару практика. |бірлігіне лық атыс. |атылыс тар үшін |тексеруі |үшін |
1 2 | Тапанша Револьвер | 16 (2 оқжатарда) 14 (қорапта) | 24 28 | 8 4 8 4 |
резервтiк қару ұстауға рұқсат берiледі».