Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 қарашадағы № 150м қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетілген қаулыға 458-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 399132 мың теңге (үш жүз тоқсан тоғыз миллион бiр жүз отыз екi мың теңге).";
4-тармақта "құрылысын" деген сөзден кейiн "және T. Рысқұлов атындағы ауданның Құлан ауылында емханасы бар 150 төсектiк орталық аудандық аурухана құрылысын" сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ "ауруханасының" деген сөзден кейiн "және T. Рысқұлов атындағы ауданның Құлан ауылында емханасы бар 150 төсектiк орталық аудандық аурухананың" деген сөздермен толықтырылсын;
"Бюджет бағдарламасын iске асыру шараларының жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
5-бағанда "құрылысын" деген сөзден кейiн "және T. Рысқұлов атындағы ауданның Құлан ауылында емханасы бар 150 төсектiк орталық аудандық аурухана құрылысын" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Т. Рысқұлов атындағы ауданның Құлан ауылында емханасы бар 150 төсектiк орталық аудандық аурухана құрылысы бойынша бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаларға сәйкес орындалған жұмыстардың көлемi.";
2) көрсетiлген қаулыға 459-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 634590 мың теңге (алты жүз отыз төрт миллион бес жүз тоқсан мың теңге).";
3) көрсетілген қаулыға 460-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 2071658 мың теңге (екі миллиард жетпіс бір миллион алты жүз елу сегіз мың теңге).".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |