Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 22 тамыздағы №
182-ө өкіміне толықтырулар мен өзгерiс енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 7 қарашадағы № 266-ө өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 135-ө Өкімімен күші жойылды
"Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының және Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 22 тамыздағы № 182-ө өкіміне мынадай толықтырулар және өзгерiс енгiзiлсiн:
1-тармақта:
көрсетiлген өкiммен құрылған ведомствоаралық жұмыс тобының құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика
Марат Әбсәметұлы және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Өңiрлiк саясат және бюджетаралық
қатынастар департаментiнiң директоры,
хатшы
Черкашина - Қазақстан Республикасының Парламентi
Алимпиада Ивановна Мәжілісiнiң депутаты (келісім
бойынша);
көрсетiлген құрамнан Мешiмбаева Анар Ертiлеуқызы шығарылсын.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |