Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 6 қарашадағы № 150л қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етті:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 371-қосымшада:
6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
"63" деген сандар "62" деген сандармен ауыстырылсын;
"63 стипендиаттың оқуын" деген сөздерден кейін "көрсетілетін қызметтерді ескере отырып, шетелдік делдал ұйымдар мен Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігі арқылы" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |