Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 20 шілдедегі № 983 қаулысына
толықтырулар мен өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 31 қазандағы № 1081 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 20 шiлдедегi № 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 27, 340-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі туралы ережеде:
10-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласында мемлекеттік саясатты iске асыру.";
11-тармақта:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) Министрлiктiң аумақтық органдарының қызметiн үйлестiру, медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзуге және мүгедектердi оңалтуға ұйымдық-әдiстемелiк басшылық жасау және бақылау, республикадағы мүгедектiктi ақпараттық-статистикалық талдау;";
мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2), 10-3), 10-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"10-1) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласында, оның iшiнде медициналық-әлеуметтiк сараптама саласында нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу;
10-2) мүгедектердi әлеуметтік қорғау саласында кешендi бағдарламалар әзiрлеу;
10-3) барлық санаттағы мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсету протездiк-ортопедиялық көмек көрсету, есту протездерiмен және тифлотехникамен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде нормативтiк құқықтық кесiмдер, әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеу;
10-4) облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының (департаменттерінің) және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру және әдістемелік басшылық жасау;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |