Олимпиадалық, ұлттық, техникалық спорт түрлерiн және халық ойындарын дамыту;
қазақстан Республикасының спорт резервi мен ұлттық құрама командаларын халықаралық жарыстарға дайындау;
спортшыларды ғылыми және медициналық-биологиялық қамтамасыз ету.
Спорттың бұқаралылығын дамыту, материалдық-техникалық базаны нығайту, ғылыми және медициналық-биологиялық қамтамасыз ету, халықаралық дәрежедегi спортшыларды және спорт резервiн дайындау басымдықтары болады.
Қойылған мақсаттарға жету жолдары
Қойылған мақсаттарға жету және мiндеттердi шешу үшiн:
Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын одан әрi iске асыру;
дене шынықтыру және спорттың құралдарымен салауатты тұрмыс салтын насихаттау және өмiрге енгізу;
дене тәрбиесi мен спорттың нормативтiк құқықтық базасын нығайту;
балалар-жасөспiрiм спорт мектептерiнiң, жасөспiрiм клубтарының, балалар-жасөспiрiм дене даярлығы клубтарының желісін, әсiресе ауылды жерлерде, дамыту;
дене тәрбиесi мен спорт жөніндегі ақпараттық-білім беру және насихаттау қызметiн күшейту;
спорт ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;
Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламаны әзiрлеу:
қалалар мен аудандарда дене тәрбиесi мен спорт жөніндегі құрылымдық бөлімшелердi жетілдіру;
2004 жылы Қазақстан Республикасы халықтарының 1-қысқы спартакиадасын өткізу;
2005 жылы Қазақстан Республикасы халықтарының 1-қысқы спартакиадасын өткізу;
ауылдық спорт ойындарын, жаппай балалар спорт жарыстарын өткізу, Халықтың дене тәрбиесi даярлығының президенттiк сынамаларын одан ары енгізу;
Алматы қаласында Олимпиадалық даярлаудың республикалық базасы мен спорттағы дарынды балалар үшiн республикалық мектеп-интернат салу;
Қазақстан Республикасы спортшыларының Доха қаласындағы (Катар) 2006 жылғы Жазғы Азия ойындары мен Турин қаласындағы (Италия) 2006 жылғы Қысқы олимпиадалық ойындарына қатысуын қамтамасыз ету.
Болжанатын нәтижелер
Көзделген шараларды iске асыру нәтижесiнде дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасы нығаяды, спорт құрылыстарының, балалар-жасөспiрiм клубтары мен спорт мектептерiнің саны ұлғаяды. Бұл 2,3 млн. астам адамды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тартуға мүмкiндiк бередi және салауатты өмiр салтын одан ары енгізуге ықпал етедi.
9.9. Гендерлiк даму
Негiзгi мақсаты әйелдердің қоғамдағы жағдайын жақсарту және нақты гендерлiк теңдiкке қол жеткізу болып табылады.
Қойылған мақсатты iске асыруға бағытталған негiзгi мiндеттер:
отбасына, әйелдер мен балаларға қатысты заңнаманы жетілдіру, гендерлiк тәсілді елдiң әлеуметтiк-экономикалық саясатына енгізу;
әйелдер мен балалардың денсаулығын жақсарту;
әйелдердің өкiмет құрылымдарына тең қол жетiмдiлігін қамтамасыз ету, олардың шешімдер қабылдау деңгейiне көтерілуi үшін жағдайлар жасау;
қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтiк өмiрiне қатысу үшiн әйелдердің және олардың әлеуетінің мүмкiндiктерiн арттыру;
әйелдердің құқықтарын нақты қамтамасыз етуге қол жеткізу;
әйелдердің құқықтық сауаттылығын дамыту болып табылады.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткізу жолдары
Алдағы кезеңде әйелдердiң жағдайын жақсарту мақсатында:
Гендерлiк саясат тұжырымдамасын қабылдау, "Тұрмыстық зорлық туралы" және "Тең құқықтар мен мүмкiндiктер туралы" заң жобаларын әзiрлеудi жалғастыру;
әйелдердi құқықтық ағартуды ұйымдастыру;
зорлықтан, еңбектi және сексуалдық қанаудан қорғауды қамтамасыз ету; шағын және орта бизнеспен айналысатын әйелдердiң санын, әсiресе ауылдық жерлерде, ұлғайту, оларды одан ары қаржылық және құқықтық қолдауды қамтамасыз ету;
отбасын жоспарлау, әйелдер мен балалардың тамақтануы мен денсаулығын жақсарту, әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсету, оның сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жетiлдiру;
оқулықтарға гендерлiк сараптама жүргiзу және республиканың білім беру жүйесiне гендерлiк қырларды енгізу;
барлық қалаларда, облыс және аудан орталықтарында құра отырып, зорлық құрбандары болған әйелдер үшiн сенiм телефондары мен паналары бар дағдарыс орталықтарының желісін кеңейту;
әйелдердi ақпараттық-ағарту, білім беру және алдын алу жұмыстарына тарту арқылы оларға қатысты зорлыққа қарсы күрестегi ер адамдардың ролін жандандыру;
Ішкі iстер министрлігінің жүйесіндегі тиiстi құрылымдық бөлiмшелердi ocы жұмысқа әйелдердi тарта отырып, біліктi кадрлармен күшейту;
отбасылық қарым-қатынастарды нығайтуға және салауатты өмiр салтын насихаттауға бағытталған мәдени-ойын-сауық және ағарту iс-шараларын өткізу;
электронды және баспа бұқаралық ақпарат құралдарында әйелдердің қоғам өмiріндегі ролін арттыруға және әйелдерге қатысты зорлықтың барлық нысандарын жоюға байланысты проблемаларды жариялап отыру ұйғарылады.
Болжанатын нәтижелер
Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі iс-қимылдардың Пекин платформасына сәйкес әйелдердiң шешiмдер қабылдау деңгейдегi үлесi ұлғаятын болады;
гендерлiк теңдік қағидаттары кеңiнен таралатын болады;
гендерлiк зорлықтың халықтың денсаулығына елеулi қатер екендігін сезіну деңгейi артады;
гендерлік теңдіктi дамытуға ер адамдар тартылатын болады;
шағын және орта бизнеспен айналысатын әйелдердің саны, әсiресе ауылдық жерлерде, артады;
көптеген қалаларда, облыс және аудан орталықтарында зорлық құрбандары үшiн сенiм телефондары, паналары мен үйлерi бар дағдарыс орталықтарының желісі кеңейетiн болады.
10. Өндірiлген капиталды дамыту
Қазiргi заманғы экономикада өндiрiлген (нақты) капиталды тауарлар мен қызметтердi өндiру үшiн пайдаланылатын машиналар, жабдықтар мен құрылыстар, сондай-ақ шикiзат, жартылай шикiзат пен дайын өнiм қорлары бiлдiредi. Өндiрiлген капиталдың жай-күйi инвестициялардың негiзгi капиталға өсуiмен сипатталады.
1990 жылмен салыстырғанда ел экономикасына инвестициялар салу елеулi түрде қысқарды. Бұл ретте 1996 жылы негiзгi капиталға инвестициялар 1990 жылмен салыстырғанда 90,5%-ға қысқарды. Соңғы бес жылда инвестициялардың өсу қарқыны орташа жылдық өсiмi 22,7%-ға артты.
Соңғы төрт жылда ЖIӨ-нiң 1%-ға артық өсiмiн алу үшiн негiзгi капиталдың инвестицияларға 3,7%-ға өсуiн қамтамасыз ету талап етiлдi.
Егер инвестициялардың салалық құрылымын салалық экономикаға бөле отырып талдасақ, онда прогрестi тек өнеркәсiпте, көлiкте және жылжымайтын мүлiктi сатуда ғана көруге болады. Инвестициялардың 70%-тен астамы өнеркәсiпке, 11%-i көлiк және коммуникацияларды дамытуға, 8%-ға жуығы жылжымайтын мүлiкпен операциялар жүргiзуге бағытталады. Ауыл шаруашылығына инвестициялардың 9 млрд. долларға жуығы немесе олардың жалпы көлемiнің 1,4 %-ы ғана бағытталады. Ауыл шаруашылығы объектiлерiн салуға инвестициялардың мөлшерi елеулi түрде ұлғайды және 30 млрд. теңгенi құрады. Бұл агроазық-түлік бағдарламасын іске асыруға негізделеді.
ЖIӨ және негiзгi капиталға инвестициялардың
1990 жылға қарағанда 1991-2002 жылдардағы %-дағы
қарқыны диаграммасын қағаз мәтінінен қараңыз
Экономика салаларына бөлгендегі инвестициялар
| 1998 ж. | 1999 ж. | 2000 ж. | 2001 ж. |
млрд. теңге | % | млрд. теңге | % | млрд. теңге | % | млрд. теңге | % |
Негiзгi капиталға инвестициялар 214,5 100 275,7 100 414,2 100 604,9 100 олардың ішінде: ауыл және орман 0,9 0,4 1,4 0,5 5,9 1,4 8,7 1,4 шаруашылығы, аң аулау, балық шаруашылығы, млрд. теңге өнеркәсіп 135,5 63,2 190,7 69,2 299,4 72,3 440 72,7 құрылыс 6,8 3,2 0,8 0,3 3,4 0,8 3,8 0,6 көлiк және байланыс 24,3 11,3 21,8 7,9 44 10,6 63,7 10,5 Жылжымайтын 20 9,3 17,4 6,3 30 7,2 32,1 5,3 мүлiкпен жасалатын операциялар өзге де салалар 27 12,6 43,6 15,8 31,5 7,6 56,5 9,3 |
| | | | | | | | |
Өнеркәсiпке инвестициялардың үлесi 73 %-ға жуықты құрайтынына
қарамастан, олар өнеркәсiптік қызмет салалары мен түрлерiне бөлгенде өте
тең емес шамада бөлiнiп отыр.
Өнеркәсiптiк инвестициялардың 80%-дан астамы - кен өндiрушi
өнеркәсiпке, 10-нан 14%-ға дейiнгi - өңдеушi өнеркәсiпке, 5%-тен астамы
электр энергетикасына бағыт алады.
2001 жылы өңдеушi өнеркәсiпке инвестициялардың 61 млрд. теңгесiнен
56,7% (34,7 млрд. теңге) металлургияға және 13,7% тамақ өнiмдерiн өндiру
үшiн бағытталды, яғни өңдеушi өнеркәсiпке инвестициялардың 70 %-ы руданы
өндiру мен қайта өңдеу, қара және түстi металды, сондай-ақ тамақ
өнімдерін өндіру үшiн пайдаланылды. Өңдеушi өнеркәсiптің қалған
кәсiпорындарына 18 млрд. теңге немесе 125 млн. доллар пайдаланылды. Бұл
өнеркәсiпке барлық инвестициялардың тек 4,2%-iн құрайды.
Өнеркәсiпке инвестициялар
| 1999 ж. | 2000 ж. | 2001 ж. |
млрд. теңге | % | млрд. теңге | % | млрд. теңге | % |
Өнеркәсiпке инвестициялар 190,7 100 299,4 100 440 100 оның iшiнде: кен өндіру 150,8 79,1 252,5 84,3 355,1 80,7 оның ішінде Мұнай өндіру 138,8 72,8 228,3 76,3 330,3 75,1 өңдеуші 29,3 15,4 31,4 10,5 61,2 13,9 оның ішінде Металлургия 12,2 6,4 16,7 5,6 34,7 7,9 тамақ өнімдері 9,5 5 6,6 2,2 8,1 1,8 мен сусындар өңдеуші 7,6 4 8,1 2,7 18,4 4,2 өнеркәсіптің өзге де салалары электр энергиясын, 10,6 5,6 15,6 5,2 23,7 5,4 газ бен суды өндіру |
| | | | | | |
10.1. Инвестициялық саясат
Инвестиция саласында мынадай бiрқатар проблемалар бар:
экономиканың қайта өңдеушi салаларына инвестициялардың төмен деңгейi;
экономиканың басымдықты секторларына жеке инвестициялардың негiзгi капиталға инвестициялар құрылымындағы елеусiз көлемi;
республиканың инвестициялық әлеуетi жөнінде ел iшінде, сондай-ақ шетелде өткiзiлетiн таныстыру iс-шараларының жеткiлiксiз тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгi;
бiртұтас құрылымдық-институционалдық басқару жүйесiнiң және мемлекеттік қаржы ресурстарының қатысуымен жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды iске асырудың жоқтығы;
инвестициялық артықшылықтарды беру үшiн қызметтiң басымдықты түрлерiн айқындау әдiстемесiне жоқтығы.
Мақсаттары мен міндеттерi
Инвестициялық ахуалды одан ары жақсарту, экономикаға инвестицияларды тартудың және оларды пайдалану тиiмділігінің жоғары деңгейiне қол жеткізу, экономиканың басымдықты секторларына инвестициялар көлемдерiн арттыру.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары
Елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру мен инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі ұйымдастыру iс-шараларының кешенiн жүзеге асыру:
Қазақстанның экономикалық жағдайы мен оны дамыту перспективалары туралы қазақстандық және халықаралық iскерлiк басылымдарында мерзiмдi жариялауды ұйымдастыру;
Қазақстанның инвестициялық мүмкiндiктерiн дамытуға бағытталған халықаралық конференцияларды ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасы өкiлдiктерiнiң өздерi келген елдерде әлеуеттi инвесторлармен Қазақстандағы инвестициялық мүмкiндiктермен таныстыру жөніндегі жұмысты жүзеге асыруды ұйымдастыруы;
инвесторлардың уәкілеттi мемлекеттік органмен iскерлiк кездесулерi мен келiссөздерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесiнің жиналыстарын және олардың жұмыс топтарының жиналыстарын ұйымдастыру жолымен интербелсендi диалогты жүзеге асыру;
рейтинг агенттiктерiмен ынтымақтастықты тереңдету;
инвестицияларды өзара қорғау мен көтермелеу туралы және мемлекетаралық деңгейде ұлттық режим мен неғұрлым қолайлы жағдай туғызу режимi беретiн сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімдердi жасасу қажет.
10.1.1. Мемлекеттік инвестициялар саласындағы саясат
2004-2006 жылдары негiзгi қызмет бағыттары тiкелей отандық және шетелдiк инвестицияларды экономиканың басымдықты секторларына тартуды ынталандыру, мемлекеттік, инвестицияларды пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру және iшкi жинақтарды жұмылдыру болады.
Инвесторларға жеңiлдiктер мен артықшылықтарды беру жүйесiн реттейтiн қолданыстағы нормативтiк құқықтық базаны жетілдіру жөніндегi жұмыс жалғасады, инвестицияларды тарту процесін ынталандырудың экономикалық тұтқаларының жұмыс жасауын қамтамасыз етуге тиiс.
Инвестициялық мүмкiндiктермен таныстыру жөніндегі жұмыс шеңберінде индустрия-инновация секторының салаларын дамытуға екпін жасалатын болады. Аймақтарда тікелей әлеуеттi инвесторларға перспективалы жобаларды iздестiру жөніндегі, сондай-ақ тікелей кәсiпорындарға жеке инвесторды қызықтыруға ықпал ететiн инвестициялық жобаларды сәйкестендiру мен әзiрлеу жөніндегі қызметтердi көрсететiн ақпараттық-консультациялық орталықтарды құру жөніндегі жұмыс ұйымдастырылады.
Сонымен қатар мемлекеттің басымдықты өндiрiстердiң инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында:
монетарлық акционерлердiң құқықтарын қорғауды күшейтуге;
кәсiпорындарды тiркеудiң ықшамдалған жүйесiн енгізуге;
қызмет түрлерін лицензиялаудың ашық жүйесін құруға;
кәсіпорындардың қаржылық есептiң халықаралық стандарттарына көшуi жеделдетуге бағытталған шараларды қабылдайтын болады.
Инвестициялық саясатты жүзеге асыру бағыттарының бiрi салалық басымдықтарды белгiлеу болады. Инвестицияларды агроөнеркәсiп кешенi, жеңiл және тамақ өнеркәсiбi, машина жасау, құрылыс материалдары өнеркәсiбi, химия және мұнай химиясы өнеркәсiбi сияқты экономика үшiн басымдықты салаларға тарту жолдарын айқындау жөніндегі жұмыс жүргiзiледi. Инвестициялық саясаттың маңызды мiндетi тұрғын үй құрылысын инвестициялауды ынталандыру болады.
Экономиканың нақты секторын iшкi инвестициялық ресурстардың есебiнен инвестициялау мүмкiндiгiн қарастыру жөніндегі жұмыс жүргiзiлетiн болады.
Мемлекеттік қаржы ресурстары (Инвестициялық қор қаражаты түрiнде) қосымша өнiм үлесi жоғары тауарлар мен қызметтердi өндіретiн жаңа өндiрiстердi ұйымдастыруға шоғырланатын болады.
Мемлекеттік инвестицияларды пайдалану тиiмдiлігін арттыру мақсатында:
салаларда мемлекеттік инвестицияларды жоспарлаудың экономиканың салалық және аймақтық даму басымдықтарына сәйкес инвестициялық жобаларды уақытынан бұрын және сапалы әзiрлеудi көздейтiн бiртұтас жүйесiн құруға;
мемлекеттік инвестицияларды жоспарлау жүйесi мен инвестициялық жобаларды даярлау сапасын жетілдіруге;
республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларды, мемлекет кепілдiгiмен iске асырылатын жобаларды iске асыру мониторингiн күшейтуге; экономиканың басымдықты салаларындағы республикалық инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн сыртқы көмектi тартуды оңтайландыру мақсатында халықаралық қаржы экономикалық ұйымдарымен және донор-елдермен ынтымақтастықты одан ары дамытуға бағытталған шаралар қабылданатын болады.
Алдағы кезеңде бюджеттік инвестициялар басымдықтары мемлекеттік басқару функцияларының тиiмдi iске асырылуын қамтамасыз ету; әлеуметтiк секторды дамыту; базалық инфрақұрылымды дамыту; аграрлық секторды дамытуға жәрдемдесу; Астана қаласын дамыту болады.
2004-2006 жылдарға арналған бюджеттік инвестициялар саясаты мынадай қағидаттарды:
iске асырылуы жоспарлы кезеңінің бiрiншi жылында аяқталатын инвестициялық жобаларды қаржыландыру басымдығын;
ірі әлеуметтік проблемаларды шешудi кезең-кезеңмен елдің әр түрлi аймақтарындағы экономикалық индикаторларды салыстыруды ескере отырып, қамтамасыз етудi;
басымдықты инвестициялық жобалар тiзбесiн қалыптастыру кезiнде мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламаларда көзделген жәнесалааралық пен аймақаралық байланыстардың дамуын қамтамасыз ететiн жобаларға басымдық берудi қамтамасыз етудi ескере отырып, қалыптасады.
10.1.2. Тұрғын үй құрылысын дамыту
Тұрғын үй саясатының мақсаты азаматтардың тұрғын үйге қол жетiмдiлiгiн, оларда қауiпсiз және комфортабельдi тұру жағдайларын қамтамасыз ететiн тұрғын үй құрылысының тұрақты жұмыс жасауы мен дамуына көшудi қамтамасыз ету болып табылады.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттердi шешу:
жаңа тұрғын үй құнын төмендету;
қазiргi заманғы тиiмдi және энергия сақтаушы сәулет-құрылыс шешiмдерiне көшу көзделедi.
Жоғарыда көрсетiлген мақсат мен мiндеттерге қол жеткізу үшiн мынадай шаралар қабылданады:
энергияны тұтыну, сумен жабдықтау шығыстарын азайту, тұрмыстық қалдықтарды зарарсыздандыру тиімділігі мен экологиялылығын арттыру мақсатында нормативтік-техникалық құжаттарды жетілдіру және олардың халықаралық нормаларымен үйлестiру;
тұрғын үй құрылысында үдемелi технологияларды, қазiргi заманғы сәулет-құрылыс және қала құрылысы шешімдерін, түрi мен номенклатурасы бойынша халықтың әр түрлi жiктерiнің элиталық тұрғын үйге, сондай-ақ табысы жоғары емес азаматтардың сапалы тұрғын үйлерге деген төлемге қабiлеттi сұранысына жауап беретiн экологиялық таза, дизайны бойынша қазiргi заманғы құрылыс материалдарын пайдалану;
тұрғын үй салуды тиiмдi энергия сақтаушы құрылыс материалдары және бұйымдарымен қамтамасыз ету;
отандық кәсiпорындарда тұрғын үйлердің тиiмдi энергия сақтаушы инженерлiк жүйелерiнің приборлары мен құрылғыларын өндiрудi игеру;
құрылыс өндiрiсi технологиясын жетілдіру;
құрылыстың қор жинауы мен ипотекалық кредит беру жүйесiнің нормативтiк құқықтық базасын жетілдіру;
тұрғын үй саласына азаматтар мен заңды тұлғалардың жинаған қорын, банк кредиттерiн, зейнетақы және басқа да қорлар қаражатын, жеке кәсiпорындар мен ұйымдардың қаражатын тұрғын үй саласына тарту үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
тұрғын үйдi салу мен қайта жаңартуға кредит беру кезiнде коммерциялық банкiлердің тәуекелдерiн азайту үшiн құқықтық жағдайлар жасау;
салынып жатқан тұрғын үйлердің уақтылы аяқталуы мен пайдалануға берiлуін, құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлердiң тиiмдi құрылысшыларға берілуін қамтамасыз ететiн экономикалық тұтқаларды енгізу көзделедi.
10.2. Индустриялық-инновациялық даму
Шикiзат ресурстарының өндiрiсi мен экспортын қарқынды дамыту ұлттық экономикаға дағдарысты еңсеруге және соңғы үш жылда экономикалық өсудің жоғары қарқындарын қамтамасыз етуге мүмкіндік бердi.
Өнеркәсiп көлемдерiнің өскенiне қарамастан, мынадай проблемалар шешусiз қалып отыр:
шикiзаттық бағытталу, өңдеушi өнеркәсiптің төмен өнiмдiлiгi;