сыртқы экономикалық қызметтiң негiзгi нысандарын дамытуға, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымының құрылымын жақсартуға;
тауар номенклатурасын кеңейтуге және қазақстандық экспорттың бәсекеге қабілеттігiн арттыруға мүмкiндік бередi.
Аталған шаралар елдiң төлем теңгерiмiнiң құрылымына және экономикалық жағдайына оң әсер етедi.
Қазақстанның әлемдiк экономикаға трансформациясының басқа маңызды шарты сауда әрiптестерi елдерiн таңдауда икемдi саясатты жүргiзу: үшiншi елдер арқылы транзиттi ең аз мөлшерге келтiру мақсатында Еуропа мен Азия елдерiнiң жақын рыноктарын толық пайдалануға, өңiрлiк одақтармен өзара iс-қимылды күшейтуге, epкін сауда аймағының артықшылығын барынша пайдалануға бағытталған өткізу нарығын саралау болып табылады.
8.3. ДСҰ-ға кiру
Қазақстанның ДСҰ-ға кiруi Қазақстанның әлемдiк экономикаға шоғырлануы жолындағы маңызды қадамдарының бiрi болып табылады және экономикалық өсу қарқынын арттыру мен тұрақтылығын қамтамасыз етудiң қуатты факторларының бiрi бола алады.
Мақсаты
Қазақстанның ДСҰ-ға кiруiнiң басты мақсаты - бұл сыртқы сауданы жүзеге асыру және осы ұйымның ережелерiне, нормалары мен тетіктерiне сәйкес тауарлар мен қызметтер көрсету өндiрiсiн дамыту есебiнен ұзақ мерзiмдi табанды экономикалық өсудi қамтамасыз ету үшiн қолайлы сыртқы экономикалық жағдайлар жасау.
Мiндеттерi
ДСҰ-ға кiру шарттары бойынша келiссөз процесiне қол жеткізу:
Қазақстан үшiн қолайлы ауыл шаруашылығын iшкi субсидиялау деңгейi;
Қазақстанға кеден тарифтерi ставкаларын одан әрi төмендету үшiн неғұрлым ұзақ бейімделу кезеңiн беру;
шетелдiк компаниялардың қызметтер көрсету рыногына қол жеткізу жолындағы бар шектеулердi жою.
Алға қойылған мiндеттердi шешу үшiн мыналарды қамтамасыз ету қажет:
Қазақстанның заңнамасын әлемдiк стандарттарға сәйкес келтiру;
қазақстандық компанияларды Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелiгi жағдайында жұмыс iстеуге дайындау жөніндегі, атап айтқанда, өзiнің бәсекеге қабiлеттiгiн Қазақстанның ДСҰ-ға кiргенге дейiн арттыру жөніндегі шараларды қабылдау.
Қазақстанның ДСҰ-ға кiруi жөніндегі iс-шараларды жүргiзу кезiнде өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылығы тауарларына кедендiк тарифтер ставкаларын арттыру, шетелдiк компаниялардың қызметтер көрсету рыногына қол жетiмдiлiгiн шектеулердi күшейту жолымен отандық тауар өндiрушілердi қорғау елдегi бәсекелi ахуалға терiс әсер ететіндігiнен шығу қажет.
Экономикалық өсудiң жоғары қарқынына және тұрақты дамуына жол ықпалдастықты дамытуда жатыр. Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуының стратегиясында инновациялық техника-технологиялық алға басу мiндеттерiн табысты шешу мынадай жағдайда:
ұлттық экономика экспортқа бағдарланған кезде, бұл оның жоғары бәсекеге қабiлеттiгiн болжайды;
шетелден жоғары технологиялардың қарқынды ағыны және Қазақстан экономикасына перспективалы шетелдiк өндiрiстер мен жоғары технологиялық қызметтер көрсетудiң енуi кезінде ғана мүмкін.
Мұның барлығы басты сәтi Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы болатын либералды сыртқы экономикалық саясатты кезекпен жүргiзудi болжайды. Қазақстан рыногының шетелдiк тауар өндiрушiлердің тарапынан бәсекелестiк үшiн ашықтығы отандық компаниялардың монополистiк үрдiстерiне қарсы iс-қимылдың негiзгi факторларының бiрi болып табылады.
Енудің ұзаққа созылуы Қазақстанның ДСҰ-да талқыланып жатқан сыртқы экономикалық саясаттың өзектi проблемаларына белсендi қатысу мүмкiндiгiн, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнiмiнің саудасын одан әрi ырықтандыру және ауыл шаруашылығын iшкi субсидиялаудан, инвестициялар мен бәсекелестiк саласындағы көп жақты ережелердi әзiрлеу мәселелерiнен, Үкіметтiк сатып алулардың анықтығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралардан бac тарту. Бұдан басқа, Қазақстанның ДСҰ-ға кiру уақыты созылған сайын оған келiссөз процесi бойынша әрiптестің тарапынан қойылатын талаптар қатаң болады.
Қазақстанның ДСҰ-ға кiруi үшiн маңызды жағдай жасалған: оған нарықтық экономикасы бар елдiң мәртебесi берілдi, бұл оның өнiмiнің өзiндiк құнын "араласқан" өзiндiк құн бойынша емес, нақты шығындар бойынша бағалауға мүмкiндiк бередi.
Әлемнің 192 елiнен 146-сы ДСҰ мүшелерi болып табылады, ал тағы бiрнеше ондаған елдер кiру үшiн кезекте тұр. 135 мүше елдермен Қазақстан сыртқы сауда жүргізіледі
8.4. Халықаралық экономикалық ықпалдастыққа қатысу
Елдiң әлемдiк экономикаға өзара тиiмдi ықпалдастығы, оның халықаралық еңбектi бөлу жүйесіндегі рөлiн оңтайландыру үшiн шарттарды қалыптастыру 2004-2006 жылдар кезеңiне арналған алға қойылған мақсаттарды iске асыру үшiн сыртқы экономикалық саясаттың негiзгi басым бағыттарының бiрi болып табылады.
2003 жылдың басқа маңызды iс-шараларының қатарында Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының (бұдан әрi - ЭЫДҰ) жекелеген комитеттерiнде қадағалаушы мәртебесiн алуды, Қазақстанның ЭЫДҰ желісі бойынша кредиттiк рейтингiнiң артуы, сондай-ақ республиканың Ауғаныстанның экономикасын соғыстан кейiнгi сауықтыру процесiне кейiннен осы елге Қазақстанның сауда миссиясын жiбере отырып белсендi кiрiсуiн атап өту қажет.
Қазақстанның Ресейдегi жылын өткізу екi елдің экономикалық ықпалдастығын күшейту болады. Ресей Федерациясымен ынтымақтастық республиканың сыртқы экономикалық саясатындағы басым бағыт болып қалуды жалғастыруда және өз кезегінде осы ынтымақтастықта басты назар әскери-өнеркәсіптік кешендi қоса алғанда, экономиканың нақты секторында бiрлескен жобаларды жасауға бағытталатын болады.
Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк (БЭК) шеңберiнде кеден одағын құру, үшiншi елдерге қатысты бiрыңғай сауда саясатын жүргiзу және тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капитал мен жұмыс күшiнiң epкін өтуiн қамтамасыз ету ұйғарылады.
Болжанып отырған нәтижелер
2004-2006 жылдарда экспорттың орташа есеппен жылына 6,4%-ға өсуi болжанып отыр. Әлемдiк сауда ахуалымен жақсаратын дамыған және дамушы елдердегi экономикалық өсумен қолдайтын әлемдiк рыноктағы шикiзат тауарларына тұрақты сұраныс қазақстандық экспорттың өсуiне ықпал ететiн болады. Өнiмнің бәсекеге қабілеттігiн арттыру, сондай-ақ жаңа рыноктардағы сауданы кеңейту тауар айналымын арттыруға ықпал ететiн болады.
Қазақстан экономикасының дамуының жоғары қарқыны және инвестициялық ахуалдың жақсаруы 2004-2006 жылдары импорттың өсуiне қолайлы ықпал етедi. Қазақстандық кәсiпорындарды жаңғырту процесi инвестициялық тауарлардың және бұрынғыдай импорттың құрылымындағы ең көп үлес салмағын алатын аралық тұтыну өнiмi импортының басып өсуiн негiздейдi (80%-ға жуық).
9. Адам капиталын дамыту
?кіметтiң халықтың әл-ауқатының өсуi жөніндегі саясаты білім беру деңгейiн арттыруды, салауатты өмiр салтын жүргiзудi және елдiң әрбiр азаматының материалдық әл-ауқатының жақсаруын қамтамасыз еттi.
2000 және 2002 жылдары экономикалық өсудің жоғары қарқындарынан алынатын кiрiстердiң өсуi қаржыны нығайтуға және дағдарыс жылдары пайдалануға болатын бастаманы құруға пайдаланылды.
Қазiргi заманғы жағдайда Қазақстан үшiн түскен кiрiстiң деңгейi бойынша халықты саралауды тереңдетуге жол бермеу маңызды. Экономиканың объективтi ұлғайып отырған шикiзаттық бағытталуы жағдайында мұндай қатер өте жоғары. Осыған байланысты Үкiмет орташа кiрiстi халықтың үлесiн ұлғайту, яғни орташа класты дамыту үшiн жағдайлар жасау жөніндегі бағамды ұстанады.
Әлемдiк экономикадағы адам капиталын дамытудың жинақтаушы көрсеткiшi халықтың білім беру деңгейi индекстерiнен, кiрiстерi мен өмiр сүру ұзақтығының орташа арифметикалық маңызын бiлдiретiн адам дамуының индексi (бұдан әрi - АДИ) болып табылады.
Индустриалды дамыған елдер қатарына жатқызылған елдерде адам дамуының индексi ең жоғары және 0,917-ден 0,935-ке дейін құрайды.
Дамушы елдерде бұл көрсеткiш экономикалық өсудiң қарқынды өтуiне және экономика құрылымының және халықтың кiрiс деңгейінің өзгеруiне қарай едәуiр ауытқиды. Осылайша, мысалы, Қытайда, Оңтүстiк Кореяда, Малайзияда адам дамуының индексi 0,75-0,85 құрайды, ал шикiзаттық бағытталған елдерде бұл көрсеткiш 0,47-0,67 деңгейiнде тұр.
Бұрынғы КСРО елдерiнде өткен он жылдықта адам дамуының индексi құлдырау үрдiсiнде болды. Егер 1990 жылы оның деңгейi 0,78-0,815 құраса, онда 2000 жылы оның деңгейi 0,77-0,78 дейiн құлады, оның iшiнде Қазақстанда оның деңгейi 1990 жылы 0,784 құрады, 1995 жылы 0,726, ал 2001 жылы - 0,773.
ЖIӨ серпiнiн және адам дамуының индексi (АДИ) талдау осы көрсеткiштер арасындағы тiкелей тәуелдiлiктi көрсетедi.
Осы көрсеткiштердiң икемдiлiгiнiң коэффициентi 12 жыл iшiнде 5,8 құрайды. Яғни адам дамуы индексiнiң 1%-ға өзгеруі ЖІӨ-нің 5,8 %-ға өзгеруiне әкеледi. Бұл тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшiн бiз өмiрдiң ұзақтығын арттыру, білім беру деңгейiн арттыру және халықтың жан басына шаққандағы ЖIӨ-нің өсуi үшiн жағдай жасауымыз керек екендiгiн көрсетедi.
ЖІӨ мен АДИ серпіні, 1991 жылға %-бен
диаграммасы
Макроэкономикалық деңгейде елдiң экономикалық әлеуетiн бағалау көрсеткіш - халықтың жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiмi арқылы долларға баламалы жүргiзiледi. Бұл көрсеткiш елдiң орташа тұрғынының кәсiби дайындығының деңгейiн және қоғам өзiнің азаматтарының ғылымға, білім беруге, денсаулық сақтауға, дене дайындығының дамуына және мәдени құрылуына сипаттайды.
Дамыған елдерде халықтың жан басына шаққандағы ЖIӨ мөлшерi 25-тен 37 мың АҚШ долларына дейiн ауытқиды, қарқынды дамыған елдерде - 3-тен 10 мың долларға дейiн. Дамушы елдерде экономиканың дамуының шикiзаттық бағытталуында бұл көрсеткiш адам басына 0,4-0,7 мың АҚШ долларын құрайды. Қазақстанда халықтың басына шаққандағы ЖIӨ 1,6 мыңға жуық АҚШ долларын құрайды, оның iшiнде 900 доллар шамасында тұтыну шығыстарына пайдаланылады немесе айына 73 доллар.
Қазақстандағы тұрмыстың ең аз мөлшерi 31 АҚШ долларын құрайды, ал осы деңгейден төмен кiрiс алатын халықтың үлесi 24,2%-ды құрайды. Неғұрлым және кем қамтамасыз етiлген халықтың кiрiстерiнiң ара қатынасының 10% 2000 жылы 11,9 реттi құрады.
Ғылым мен инновациялардың озық дамуынсыз сапалы экономикалық өсу мүмкiн емес. Бұл даусыз фактор болып табылады. Бүгін дамыған елдер экономиканың дамуының индустриалды қалпынан ғылымның алдыңғы қатарлы жетiстiктерi мен инновацияларды қабылдауға негiзделген сервистiк-технологиялық қалпына көштi. Жыл сайын қоғам ғылыми-зерттеу тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) жүргiзуге арналған шығындарды ұлғайтады және бұл шығындар жоғары табыс бередi.
Қазақстанда соңғы бес жылда ғылымды қаржыландырудың көлемi ЖIӨ-ге 0,13% шамасын құрайды, бұл өте жеткiлiксiз.
2000 жылы ғылыми зерттеулерге мемлекеттік шығыстар мыналарды құрады: - АҚШ-та - 246,2 млрд. доллар (ЖIӨ-нiң 2,9%);
- Жапонияда - 94,2 млрд. доллар (ЖIӨ-нiң 3,0%);
- Германияда - 45,8 млрд. доллар (ЖIӨ-нiң 2,35%);
- Францияда - 28,0 млрд. доллар (ЖIӨ-нiң 2,25%);
- Швецияда - 7,6 млрд. доллар (ЖIӨ-нiң 4,0%)
Еуроодақ өзiнің барлық мүшелерiне ғылымға салым деңгейiн ЖIӨ-нің 2,5%-на дейiн жеткізудi ұсынады.
9.1. Бiлiм берудi дамыту және жоғары білімi бар мамандарды даярлау
Республикада 3135 мың бала оқитын жалпы орта білім беру оқу орындарының тұрақты желісі қалыптасты, 154 мың бала мектепке дейiнгi тәрбие мен оқу алуда. Оқыту 7 ана тілінде жүргiзiлуде.
"Қазақстан Республикасының ауылдық мектептерi үшiн қашықтықтан оқыту" пилоттық жобасы шеңберінде қашықтықтан оқыту енгiзiлуде. Бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнде білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесiн құру жөніндегі шаралар қабылдануда.
2003-2005 жылдардың iшiнде ауылдық мектептердің материалдық-техникалық базасын кезең-кезеңмен нығайтуды және олардағы оқыту сапасын арттыруды жүзеге асыруды көздейтiн "Ауыл мектебi" бағдарламасы әзiрлендi және бекітілдi.
Жалпы орта білім моделiн одан әрi жетілдіру жөніндегі шаралар қабылдануда.
Елдің жоғары кәсіптiк білім беру жүйесiн жоғары кәсiптiк білім берудің 284 мамандығы бойынша дайындық жүзеге асырылатын 163 жоғары азаматтық оқу орындарында берiлген.
Ел Президентiнің 2003-2006 жылдарды ауылды көтеру кезеңi деп жариялауына байланысты ауыл шаруашылығы бейiнi мамандықтарына мемлекеттік тапсырыс артты, ауылдық мектептердің мектеп бiтiрушiлерiн ауылды әлеуметтiк-экономикалық дамытуды белгiлейтiн мамандықтарға қабылдаудың 30%-дық квотасы сақталды. Педагогикалық мамандықтарға да мемлекеттік тапсырыс ұлғайды.
Соңғы жылдары жоғары білiм берудiң мемлекеттік емес секторы кең даму алды.
Жоғары кәсiптік білім жүйесiнде республикалық бюджеттiң, кәсiпорындардың, ұйымдардың, фирмалар мен халықтың қаражаты есебiнен оқытуға шығындарды көп арналы қаржыландыру қағидаты нығайтылуда.
Сонымен бiрге, білім беру саласында рұқсатты талап ететiн проблемалар қатары бар.
Бiлiм беру саласының негiзгi проблемасы жеткілiксiз бюджеттік қаржыландыру болып табылады. Бiлiм беруге арналған мемлекеттік қаржыландыру ЖIӨ-ге пайызбен халықаралық ұйымдар ұсынатын деңгейге жеткен жоқ. Егер 1995 жылы олар ЖIӨ-нің 4,5%-ын, 1999 жылы - 4,1%-ын, 2002 жылы 3,2%-ын құраса, 2003 жылдың бағалау бойынша мемлекеттік бюджеттiң білім беру шығыстарының серпiнi ЖIӨ-нің 3,4%-ын құрайды.
Мыналар:
білім берудің халық үшiн, әсiресе, мектепке дейiнгi тәрбие мен оқу жүйесiнде қол жетiмдiлiктiң төмендеуi;
жетiм балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды тәрбиелеу және мектептерде ыстық тамақпен тамақтандыруды ұйымдастыру проблемаларының өршуi;
білім беру қызметтерiнiң даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар үшiн қол жетiмділігінің төмендеуi;
берілетiн білім беру қызметтерiнiң сапасының төмендеуi;
педагогикалық кадрлардың біліктілігi мен қайта даярлығын арттыру жүйесi әлеуетiнiң төмендеуi, аудандық оқу-әдiстемелiк қызметтерiн, институттар мен жоғары оқу орындарының жанындағы біліктіліктi арттыру факультеттерiнiң негiзсiз таратылуы;
білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының төмендеуi, білім беру индустриясының болмауы;
қала мен ауыл тұрғындары арасындағы білiм беру деңгейіндегі алшақтықтың ұлғаюы кесiрiн тигiздi.
Жоғары білім берудiң проблемалары:
жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық, оқу-зертханалық, әсiресе, техникалық базасының нашарлауы, студенттерге арналған өндiрiстiк практика базалары жоғалған дерлік;
жоғары оқу орындарының оқытушылар-профессор құрамы мен студенттерiнің ғылыми зерттеулердi жеткiлiксiз жүргiзуi, бұл мамандарды сапалы даярлауға керi әсер етедi;
оқу процесiн, әсiресе, мемлекеттік тілдегi оқулықтармен және оқу құралдарымен әлсiз қамтамасыз етiлуi;
педагогикалық кадрлардың біліктілігiн арттыру мен оларды қайта даярлаудың ұтқыр нысандарын, сондай-ақ білім беру ұйымдары басшыларын жаңа басқарушылық ойлаумен мамандандырылған даярлауды әлсiз пайдалану;
оқу процесiне оқытудың компьютерлер технологиялары мен оқытуды ақпараттандыруды әлсiз енгізу;
мемлекеттік тілдегi, әсiресе, техникалық жоғары оқу орындары үшiн техникалық терминология мен анықтамалық оқулықтардың пысықталмағандығы болып табылады.
2004-2006 жылдарға арналған мақсаттары,
міндеттерi мен басымдықтары
Білім беру саласының мақсаты әлемдiк білім беру кеңiстiгiне ықпалдасқан білім берудiң ұлттық моделiн қалыптастыру болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:
барлық деңгейдегi білім беру ұйымдарының жұмыс iстеуiнің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
"Бiлiм беру" мемлекеттік бағдарламасын, "Ауыл мектебi" салалық бағдарламасын iске асыру;
оқыту сапасының өлшемдерi мен оқушылардың білімi мен педагогтардың қызметiн бағалаудың өлшемдерi жүйесiн енгізу, білім беру бағдарламаларының сапасын жақсарту, білім беру қызметтер көрсетуiн таңдау құқығын беру;
білім беру сапасын соңғы бағалауға субъективтi факторларды төмендетуге ықпал ететiн оқу жетiстiктерiн сыртқы тәуелсiз бағалау (бiрыңғай ұлттық тестiлеу) жүйесiн әзiрлеу және енгізу;
оқушылардың сапалы білім алуға, ал оқытушылардың білім беру деңгейi мен шеберлiгiн тұрақты арттыруға ұмтылуын арттыру;
оқушылардың жеке қабiлеттерiн дамыту үшiн жағдайлар жасау;
материалдық-техникалық базаны және бiлім беру ұйымдарының кадр әлеуетiн кезекпен нығайту;
білім беру ұйымдарының қолданыстағыларын сақтау және жаңа түрлерi мен типтерін дамыту, әсiресе, даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар үшiн;
ауылдық және аз жиынтықталған мектептің тиімдi моделiн әзiрлеу және кезең-кезеңмен енгізу;
оқу процесіне қашықтықтан оқыту әдiстерін әзiрлеу және игеру;
бiлім берудiң қол жетiмдiлiгiнiң мүлiктiк және аумақтық теңсiздiгiн жою;
мамандандырылған білім беру ұйымдары желісін дамыту және талантты және дарынды балаларды дамыту үшiн жағдайлар жасау;
білім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң әлеуметтiк мәртебесi мен кәсiби деңгейін арттыру;
педагогикалық қызметкерлердiң еңбегін моральдық-материалдық ынталандыру жүйесiн жетілдiру.
Жоғары кәсiптiк білім беру саласында студенттердiң өндiрiстiк практикадан өту және зертханалық және практикалық сабақтарды, кәсiпорындар базасында қазiргi заманғы технологиялармен оқу ғылыми-әдiстемелiк жұмысты ұйымдастыру мәселелерiн түбегейлi шешу талап етіледi.
2004 жылы барлық елдерде қолданылатын бакалаврлық-магистрлық даярлыққа толықтай көшу жоспарланып отыр. Мұндай даярлық, сондай-ақ елдiң экономикасының қазiргi заманғы талаптарына сәйкес келедi.
Таяу жылдардың iшiнде ғылым мен білімдi ықпалдастыруды жүргiзу, жоғары білiмдi мамандарды даярлаудың жоғары сапасына қол жеткізу үшін негiзге алу қажет.
Жоғары кәсiптiк білім беру жүйесiн одан әрi дамыту мақсатында мынадай шаралар қабылданатын болады:
жоғары кәсіптiк білім берудi дамытудың тұжырымдамалық негiздерiн әзiрлеу;
мамандарды даярлаудың құрылымын білім берудің екi деңгейлi құрылымына көшудi көздейтiн Халықаралық білім берудi жiктеу стандарттарына сәйкес жетілдіру;
оқитындарды белсендi өздiгiнен жұмысқа ынталандыратын кредиттiк технологияларды енгізу;
жоғары кәсiптік білім берудiң барлық дәрежелерi мен бағыттары бойынша мемлекеттік жалпы білім беретiн стандарттарды енгізу;
жоғары кәсiптiк білім берудiң сапасын білім беру бағдарламалардың саралануы және икемдiгi, жоғары оқу орындарын қайта құрылымдау және академиялық демалыстар негізінде арттыру;
жастарға мемлекеттік білім гранттары мен мемлекеттік білім кредиттерiн беру тетiгiн жетiлдiру;
әлемдік білім беру кеңiстiгiне кіру процестерін ескере отырып, жоғары оқу орындарын мемлекеттік аттестаттауды жетілдіру;
студенттердi даярлауда, оқытушылардың біліктілігiн арттыруда және оларды қайта даярлауда халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
сондай-ақ бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзу;
жоғары оқу орындарының жүйесiнде жоғары оқу орындарын бiтiрушілердi жұмыспен қамту жөніндегі орталықтарды құру;
жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде кәсіптiк білім беруге қол жетімділікті кеңейтудi қамтамасыз ететiн тетiктi әзiрлеу;
республиканың жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытуды енгізу;
білім беру сапасын бақылау мен басқарудың ұлттық жүйесiн құру.
Жоғары оқу орнынан кейiнгi білім беру саласында мынадай шаралар жүзеге асырылатын болады:
жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім берудiң мемлекеттік стандартын әзiрлеу;
жоғары білім берудi дамытудың қазiргi заманғы үрдiстерiне сәйкес (Ph.D.) жүйесi бойынша ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың бiр деңгейлi жүйесiне көшу жөніндегі iс-шаралар белгiленетiн болады.
Белгiленген мақсаттар мен мiндеттерге жету жолдары
Жалпы орта білім беру жүйесiн перспективалы дамыту мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
базистік оқу жоспарларының және білiм берудiң тиiстi деңгейлерi үшiн экологиялық, экономикалық, азаматтық білiм берудi, оқудың барлық дәрежелерi үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi, бiрiншi кезекте, мемлекеттік тілде бiрдей даярлауды ескеретiн пәндiк оқу бағдарламаларының жаңа түрлерiн әзiрлеу мен енгізу;
білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ететiн оқу жетiстiктерiн сыртқы тәуелсiз бағалау жүйесiн енгізу;
мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету және бiрыңғай өлшеуiштердің көмегiмен білім беру сапасын басқару;
білім беру ұйымдары және дарынды және талантты балалармен жұмыс жөніндегі өңiрлiк орталықтар желісін кеңейту;
білім беру ұйымдарын қазiргi заманғы жабдықтармен және аспаптармен, компьютерлiк техникамен жарақтандыру.
Әртүрлi деңгейдегi бағдарламаларды және жеке бағдарланған оқытуды енгізу, білім берудiң мазмұны бөлiгінің басқа нұсқалы, мiндеттi (оқу жүктемесiнiң мемлекеттік стандарты көлемiнде) және вариативтi (оқушы өзi таңдайтын) қатынастарын өзгерту көзделуде. Қазiргi уақытта бейiндi мектептер, пәндердi тереңдетiп оқытатын мектептер үшiн оқу жоспарлары әзiрленуде.
Бiлiм берудiң мемлекеттік емес ұйымдары одан әрi даму алады. Олардың болуы азаматтардың оқу орындары мен білім беру бағдарламаларын таңдау бостандығына құқықты iске асыруға мүмкiндiк бередi.
Басшылардың, мамандар мен басқа да қызметшiлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын Жоғары кәсiптiк білім беру даярлықтары мен мамандықтары бағыттарының сыныптауыштарына сәйкес келтiрiлетiн болады.
9.2. Орташа техникалық білім бар мамандар
мен жұмысшы кадрларды даярлау жүйесiн дамыту
Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсiптiк білім беру жүйесiн оқитындардың жалпы саны 297 497 адамы бар 694 оқу орны, оның ішінде 312 кәсiби мектептер (лицейлер) және 382 колледж білдiредi.
Iрi компанияларды, кәсiпорындарды, жұмыс берушiлердің қауымдастығын ел экономикасының машина жасау, ауыл шаруашылығы, көлiк және құрылыс секторлары үшiн кадрлар даярлау процесiне тарту жөніндегі iс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілдi. Қазiргi уақытта бұл жұмыс басқа салалар бойынша жалғасуда.
Республиканың 43 аудандық орталықтарында, шағын және орташа қалаларында кәсiптiк мектептер жоқ.
Кәсiптiк мектептерде, лицейлерде 89,6 мың адам оқиды, бұл 1991 жылмен салыстырғанда (212,6 мың адам) 57,8%-ғa аз.
271 мемлекеттік бастауыш кәсiптiк білім беру ұйымдарының 20 кәсiптік мектептерiнiң ғимараты авариялық жағдайда тұр. 122 кәсiптiк мектеп (45%) күрделi жөндеуге, 115 (42,5%) ағымдағы жөндеуге мұқтаж.
Колледждерде оқитындардың контингентi 207,9 мың адамды құрайды, бұл 1991 жылмен салыстырғанда (247,6 мың адам) 16%-ға аз.
180 мемлекеттік орта кәсiптiк білім беру ұйымдарының 143 (79,5%) типтiк ғимараттарға, 36 (20%) икемге келтiрiлген, 1 авариялық (Ақтөбе байланыс колледжi) орналасқан.
Оқу орындарында кадр құрамының қартаю үрдiсi сақталуда: 1-ден 10 жылға дейiнгi стажы бар педагогикалық қызметкерлердің саны 30%-ға жуықты, ал 10 жылдан артық стажы барлар 70%-ға жуықты құрайды. Бiр оқытушыға жүктелетiн орташа оқу жүктемесi республика бойынша 1,5 ставканы құрайды, арнайы пәндердің оқытушыларына қажеттілік 1194 адамды құрайды. 2002 жылы алғаш рет 100 грант және кәсiптiк мектептер мен колледждер үшiн инженер-педагогтарды жоғары оқу орындарында даярлауға 30 кредит бөліндi.
Өткен оқу жылында біліктіліктi арттыру курстарын колледждердің тек 2794 (14,4%) ғана өттi. Жергiлiктi бюджеттерде бастауыш және орта кәсiптiк білім беру оқу орындарының педагогикалық қызметкерлерiнің біліктілігiн арттыруға қаржылық қаражат толық емес көлемде көзделуде.
Кәсiптiк мектептердiң (лицейлердiң) оқушыларына тегiн ыстық тамақпен тамақтандыруды қамтамасыз ету бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мұқтаж азаматтарға олардың білім алуы кезеңiнде әлеуметтiк көмек көрсету мәселелерi бойынша қаулысы толық орындалмауда.
2004-2006 жылдарға арналған мақсаттары,
мiндеттерi мен басымдықтары
Бастауыш және орта кәсiптiк білім беру жүйесiнiң негiзгi мақсаты қоғамның қажеттiгін және елдің экономикасының перспективалы дамуын ескере отырып, бәсекеге қабiлеттi біліктi жұмысшылар мен орта буын мамандарын даярлау болып табылады.
Бастауыш және орта кәсіптiк білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi міндеттерi:
бастауыш және орта кәсiптiк білім беру және кадрларды даярлау саласындағы заң шығару базасын жетілдіру;
жұмысшы кадрлар мен орта буынды экономиканың мынадай:
машина жасау, көлік, ауыл шаруашылығы, құрылыс, мұнай-газ және басқа басым салалары бойынша даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігiн арттыру жөнiнде шаралар кешенiн әзiрлеу;
оқыту мен өндiрiстiң жаңа технологияларының талаптарына сәйкес кадрларды кәсiби оқыту мен даярлаудың сапасын қамтамасыз ету үшiн кәсiптiк білім берудiң мазмұнын жаңарту (мемлекеттік стандарттар, типтiк оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеу);