Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 26 қыркүйектегі № 978 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 460-қосымшада:
4-тармақта "Арал қаласында 100 төсек-орындық туберкулез диспансерiн," деген сөздерден кейiн "Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы Жосалы кентiнде 60 төсек-орындық туберкулез ауруханасын, Қызылорда облысының Сырдария аудандағы Тереңөзек кентiнде 50 төсек-орындық туберкулез ауруханасын" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың кестесiнде:
033 "Туберкулез ұйымдарын салуға Қызылорда облыстық бюджетiне берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер" деген кiшi бағдарламада:
5-бағандағы "туберкулез диспансерiн" деген сөздерден кейiн ", Қармақшы ауданындағы Жосалы кентiнде 60 төсек-орындық туберкулез ауруханасын, Сырдария ауданындағы Тереңөзек кентiнде 50 төсек-орындық туберкулез ауруханасын" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта "100 төсек-орындық туберкулез диспансерiн" деген сөздерден кейiн "Қармақшы ауданындағы Жосалы кентiнде 60 төсек-орындық туберкулез ауруханасын, Сырдария ауданындағы Тереңөзек кентiнде 50 төсек-орындық туберкулез ауруханасын" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |