Отандық тауар өндірушiлерді мемлекеттік қолдауды күшейту жөніндегi
қосымша шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 19 қыркүйектегі № 955 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007.28.11. № 1139 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы № 2350 және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 заң күшi бар жарлықтарына, «Отандық өндiрушiлердi мемлекеттік қолдауды күшейту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 14 қарашадағы № 1204 қаулысына сәйкес және импорт алмастыру жөніндегi мемлекеттік саясатты iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Өнiмдi бөлу туралы жасалған Келісімдерде мемлекеттiң мүдделерiн білдipу бойынша өкiлеттi органның функцияларын орындайтын "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне (бұдан әрi - Министрлiк) көрсетiлген келісімдерде отандық тауар өндiрушiлердiң тауарларын, жұмыстары мен қызметтер көрсетуiн тартуды мiндеттi шарт ретiнде сақтау мәнiнде алдын ала келiсу үшін мыналарды:
1) өнiмдi бөлу туралы келісімдер бойынша басқару органдарына бекiтуге ұсынылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға мердiгерлерлермен (операторлармен) жасасқан шарттарының жобаларын;
2) Мердiгерлердiң мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi жөніндегі жылдық жоспарлары мен бюджеттерiнiң жобаларын ұсынуды қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Министрлiкпен бiрлесiп, көрсетiлген келісім-шарттарда отандық тауар өндiрушiлердiң тауарларын, жұмыстары мен қызметтер көрсетуiн тартуды мiндеттi шарт ретiнде сақтау мәнінде алдын ала келiсу тәртібін әзiрлесiн және бекiтсiн.
3. Министрлiк бiр ай мерзiмде "Қазақстандық келісім-шарт агенттiгi" жабық акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) осы қаулының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген алдын ала келісілген құжаттарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргiзу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетуiн сатып алу процесiнің мониторингін жүзеге асыру кездегi өзара iс-қимыл жасау тәртібі мен шарттарын белгiлесiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |