Есепке алу-бақылау таңбаларын пайдаланып алкоголь өнiмінiң өндiрiлуiн
және айналымын бақылау жүйесiн енгізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 27 тамыздағы № 874 қаулысы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексі (Салық кодексi) 549-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының 4.2.6.-тармағына сәйкес, сондай-ақ есепке алу-бақылау таңбаларын пайдаланып алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын бақылаудың тиiмдi жүйесiн құру және акциздердiң бюджетке толық түсуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепке алу-бақылау таңбаларын пайдаланып алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын бақылау жүйесiн (бұдан әрi - Жүйе) енгізу жөніндегі жобаларды iрiктеу жөніндегі конкурсты ұйымдастырсын және өткiзсiн. Конкурстық өтiнiмдi дайындау үшiн конкурсты ұйымдастырушы ықтимал берушiге ұсынатын конкурстық құжаттама мынадай негiзгi ережелердi:
алкоголь өнiмi бiрлiктерiнiң өндiрiлуiн және айналымын сәйкестендiрудi және қадағалауды;
алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын есепке алудың және жедел бақылаудың ақпараттық жүйесiн;
есепке алу-бақылау таңбасында бiрнеше қорғау дәрежелерi бар және алкоголь өнiмiнiң әрбiр бiрлiгi туралы есепке алу ақпаратын қамтитын жасырын кодтың болуын көздеуi тиiс.
Ашық тендердiң ықтимал жеңiмпазына қойылатын негiзгi талаптар ретiнде мыналар белгiленсiн:
өз қаражаты есебiнен есепке алу-бақылау таңбаларын дайындау;
есепке-алу бақылау таңбаларын дайындауға арналған голографиялық және криптографиялық қорғау элементтерi бар қажеттi жабдықтың болуы;
бағдарламалық қамтамасыз етудi (Soft-ware), қажеттi жабдықты және тиiстi техникалық құжаттаманы мемлекеттің меншiгiне беру;
бағдарламалық қамтамасыз етудi, жабдықты, тиiстi құжаттаманы және өзге де ақпаратты бөгде ұйымдар мен тұлғаларға таратпау туралы мiндеттеме;
2) конкурс қорытындыларынан кейiн бiр ай мерзiмде Алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау ережесiнiң жобасын Қазақстан Республикасының Yкіметіне енгiзсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары А.С. Павловқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |