Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 19 тамыздағы № 150е қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 326-қосымшада:
6-тармақ кестесiнiң "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөніндегі iс-шаралар" деген 5-бағаны мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Сарапшылық зерттеулердi жүзеге асыру үшiн электронды таразыларды сатып алу.";
көрсетiлген қаулыға 334-қосымшада:
6-тармақ кестесiнiң "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөніндегі iс-шаралар" деген 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мерзiмдi баспа басылымдарында құқықтық тақырып бойынша тұрақты айдарлар ашу, теле- және радиобағдарламаларды дайындау; құқықтық мазмұндағы жарнамалық-имидждiк роликтердi әзiрлеу және шығару. Құқықтық пәндер бойынша оқу құралдарын, бағдарламаларды, әдiстемелiк құралдар мен әзiрлемелердi дайындау және шығару.".
2. Осы қаулы қол қойылған бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |