Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 9 маусымдағы № 788
қаулысына өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 11 тамыздағы № 797 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 289 қаулысымен күші жойылды
"Трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. "Халықаралық iскерлiк операцияларда трансферттiк бағалар қолдану кезiнде мемлекеттік бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлерiне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерiнiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 9 маусымдағы № 788 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 21, 266-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Халықаралық iскерлiк операцияларда трансферттiк бағалар қолдану кезiнде мемлекеттік бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлерiне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерiнiң тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"20. "SUPERSCHWACKE" "Евротакс" Еуропа елдерiнiң 8702,
автомобиль каталогы фирмасы, аумағынан әкелiнетiн 8703
Германия автокөлiк құралдары*
*8702, 8703-тен - автокөлiк құралының паспортында көрсетiлген шығарылған
жылын негiзге ала отырып, есептелген 5 жылдан аспайтын пайдалану
мерзiмiмен".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |